400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ашық сабақ "Дымбілместің білместігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашу сабағынан өткенді қайталау, мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін педагогтерге арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Дымбілместің білместігі.

Мақсаты: өткен тақырыптарды қайталау

Білімділік: оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру,сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру.

Дамытушылық:  Оқушының ой өрісін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділіктерін арттыру, қызығушылығы мен сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілік қасиеттері мен білімге деген қызығушылығын арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: ойын, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, суретпен жұмыс, жұмбақтар, көрнекілік т.б.

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, тіл дамыту

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайдтар, үлестірмелі карточкалар, кеспе әріптер, қоржын, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

1. Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Педагог:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы таң балалар!

Балалар:

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Сәлеметсіз бе? Есенсіз бе? Амансыз ба?

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз дос болайық! –деп балалар достық туралы мақал-мәтелмен жалғайды. «Досы көпті – жау алмайды, Ақылы көпті – дау алмайды», «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».

  • Тамаша балалар, достарың әрдайым көп болсын, енді орындарыңа жайғасыңдар.

2. Психологиялық дайындық.

  • Ал, енді балалар, біз сендермен жаттаған Нұрхан Жанаев ағамыздың «Еңбек» деген тақпағын еске түсірейік. (хормен)

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірленсең еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Ендеше, балалар, барлық қиындықты не жеңеді екен? (Балалардың жауабы).

  • Онда еңбектеніп сабақ оқуға дайынбыз ба? (Балалардың жауабы).

  • Дайын болсаңдар, сабағымызды бастайық.

  • Балалар, бүгін сендерге қонақ келді. Оның аты Дымбілмес.

Оны толғандырып жүрген көп сұрақтары бар екен. Соны сендерден сұрай келіпті. Ал тыңдайық: (компьютерге назар аудару)

  • Балалар, көмектесеміз бе? (Балалардың жауабы).

Дымбілместің 1-сұрағы мынадай:

  • Мынау қандай әріп, мына суретте не бейнеленген, оны кеспе әріптерден құрап жазып беріңдерші? – дейді.

Мақсаты: балаларға дыбысты тапқыза отырып, алған білімдерін тексеру.

  • Ендеше экранға назар аударайық.

алма

мысық

қоян

ит

  • Балалар, бұл тапсырманы өте оңай орындап бердік. Енді екінші сұраққа көшейік. Онда былай дейді Дымбілмес:

  • Мен, мына сөзжұмбақтарды олай ойлап, былай ойлап шеше алмадым, сендер шеше аласыңдар ма?

Гүлнұр





Балғабай






Алмагүл

Үйшік

  • Тамаша, балалар. Сөзжұмбақты да оңай таптыңдар.

Сергіту сәті:

Оң қолым, сол қолым,

Пойызды жүргізді, чух-чух-чух.

Оң қолым, сол қолым,

Қаланы салғызды.

Оң қолым, сол қолым,

Тігеді, тоқиды.

Оң қолым, сол қолым,

Шапалақ соқ дейді.

Қараңғы түн болды,

Қолымыз шаршады,

Оң қолым, сол қолым

Ұйқыға батады.

  • Балалар, Дымбілмес сендерге мынадай қоржын жіберіпті. Оның ішінде сендерге арналған тапсырма бар екен. Қағаздарға сөздер жазылған, сол сөздерді тез арады оқып беруіміз керек.

Мақсаты: балалардың оқу шапшаңдығын арттыру.

Сөздер: а-та, әп-ке, ба-ла-пан, қас-қыр, ай-да-һар, мы-сық, ва-гон, фаб-ри-ка, кі-тап-ха-на, ак-тёр, ва-гон, а-па, а-ға, ке-се, аю.

Суретпен жұмыс.

  • Балалар, мына суретке қарап не байқайсыңдар. Дымбілмес мына суреттерге қарап не туралы екенін түсінбей отырмын дейді.Әңгіме құрап көрейік.

  • Дымбілместің сендерге соңғы өтініші бар екен. Көмектесеміз бе?

(Балалар жауабы)

« Жоғалған әріптер» ойыны. Дымбілмес жұмбақтардың жауабын қапқа салыпты, оның ішіне тышқан түсіп жұмбақтардың жауабының әріптерін жеп кетіпті. Өзі шеше алмаған соң сендерден көмек сұрайды.


Мақсаты: балалардың тапқырлығын, ойлау қабілетін арттыру.

Тақтаға жауаптар ілінеді: ...ю, ...үлкі, ...іл, т...сбақа, ...ағат, балы...

  1. Жазда қыдырады, қыста тынығады.

  2. Өзі айлакер, өзі қу, жүрген жері айқай мен шу.

  3. Өзі сондай үлкен, тышқан көрсе үркер.

  4. Аяғы бар, басы бар, арқасында тасы бар.

  5. Сырт-сырт соғады, уақыт озады.

  6. Суда өседі, жүзеді,

Судан шықса өледі.

  • Сендер Дымбілместің білмеген барлық сұрақтарына жауап беріп, өздеріңнің өте ақылды екендеріңді дәлелдедіңдер.

  • Енді Дымбілмеске сөз берейік. (Экранға назар аудару)

Қорытынды.

  • Балалар сендерге сабақ ұнады ма? Несімен ұнады. Дымбілместің қай тапсырмасы ұнады.

Мадақтау.

  • Жарайсыңдар, балалар! Сендерге Дымбілмес мынадай жұлдыздарды естелік ретінде сыйға беріп кетті. Бұл сиқырлы жұлдыздар (жұлдыздарды үлестіру)

  • Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
611
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі