400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Е дыбысы мен әрпі 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды сауаттандырып әріптерді таныту, білімді, ақылды болуға тәрбиелу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 06.12.2017ж.

Сынып: 1 Б

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

4-бөлім: Бізді қоршаған әлем

Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым, бейнебаян.

Тілдік құзыреттілік

Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

8 минут

Балалар сабақты бастамас бұрын, қонақтарға амандасып,бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнеки,бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн достым,

 Ісің сәтке толсын.

 Біздің алар бағамыз,

 Жақсы баға болсын.


Топтастыру: суреттер арқылы

1. «Өсімдіктер» тобы

2. «Жануарлар» тобы

3. «Құстар» тобы

4. «Таулар» тобы


І. Қызығушылықты ояту, ертегі тыңдату.

Жаздың әсем күнінде емен ағашы жайқала өсіп тұрды. Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі келіп аяңдайды. Ешкі шаршаған, қарны ашқан аш еді.

-Е-е-е-е-мен, сені жұрт көп мақтайды, мықты ағаш деп. Кәне, мықтылығыңды көрсетші,-деп жапырағына жармаспақшы болды.

-Е-е-е-еш-кі-деді емен. Ешкі екеніңді ісіңнен-ақ білдім.

-Балалар, ешкіге еменнің жапырағын жегізіп қоямыз ба?

-Ендеше еменге көмектесейік. Өсіп тұрған ағаш қалай аталады екен?

Біліп жүріңдер !

Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімейді,  сондықтан көпір салғанда, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біздер қазір осы емен жаңғағын жинау арқылы емен ағашына көмектесеміз.

Ойын: « Жаңғақ жинау» Әр жаңғақтың астында сұрақтарға жауап береді.

Бағалау. «Үш шапалақ»

Мадақтау: Жарайсың!

- Олай болса балалар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы, Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі


—          Міне біз еменге көмектестік.Сендерге үлкен рахмет айтып емен ағашы өз жаңғақтарын сыйлады. Ағаштарға осылай үнемі қамқор боп жүріңдер!

Білімімізді әрі қарай жалғастырайық. Бүгінгі сабағымызды ой қозғау тапсырмасы арқылы анықтап, қандай дыбыспен танысатындарыңды білетін боласыңдар.

Табиғат туралы түсіндіремін.


Табиғат жайлы біраз мәлімет алғымыз келсе, интертақтаға назар аударайық


Е дыбысы қалай естіледі? Е әндетіп, еш кедергісіз, ұзақ айтылса оны дауысты дыбыс дейміз. Сендер білесіңдер дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді?

Жуан дауысты дыбыстарға – А, О, Ы, Ұ.

Жіңішке дауысты дыбыстарға бүгінгі өткен Е дыбысын жатқызамыз.

Е дыбысына байланысты бейнебаянға назар аударайық.



Шаттық шеңбері























































Ойынға қатысады.



Жұлдызша арқылы

бағаланады.







Табиғат туралы бейнебаянды тамашалайды.





Е дыбысына байланысты бейнебаянды көреді.
























Сабақтың ортасы

8 минут



№1 Тыңдалым.

-Мен атам мен әжеме кім боламын?

Суреттердің алғашқы әріптерінен жауабын табамыз.

№2 Оқылым.

Хормен оқыту, іштей оқыту, тізбектей оқыту. Әр топтан 2-3 оқушыдан оқыту.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Қызықты тапсырма

5 минут




Дәптермен жұмыс

4 минут




Сергіту сәті

2 минут





Топтық жұмыс

8 минут

№3 Сұрақтың жауабын суреттің көмегімен болжа.

Не


ысыды?


туды?

№3 Жазылым

Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс.

1.      Ауада көрсету

2.      тақтаға жазып көрсету

Е әрпін үлгі бойынша жазу.


Сергіту сәті: «Жадо


Топтық жұмыс:



«Өсімдіктер» тобы: Жоғалған әріптерді табады.

Е...ен, не..ере, е...ен, е...ік.


«Жануарлар» тобы: Берілген буындарды сызық арқылы қосып сөз құрастырады.

не-ме-ре, е-мен, е-сік, е-тік.


«Құстар» тобы: Емен ағашын бояп, емен ағашы туралы өз ойларын айтады.


«Таулар» тобы: Е әрпінен басталатын сөздер жазады.



  1. Мұғалімнің бағалауы: жұлдызшалармен

  2. Өзін-өзі бағалау: «Бағдаршам» арқылы бағалау


Сурет бойынша сөйлем құрап айту.

Оқулық,


дәптерлер.








Сергіту сәтіне арналған бейнебаян















Жұлдызшалар жинау


Аяқталуы


5минут


Емен сөзін оқытып, еменнің бір жапырағын да ешкіге жегізбей қалғандықтарын айту. Барлық тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін көрсете білгендерін жеткізу. Ағаштарға қамқорлық жасау жөнінде айту.










Сабақтың соңы


Рефлексия


Сыныптан бір жүргізуші шығып, оқушыларға сұрақтар қояды.

- Бүгін қандай жаңа әріппен таныстық?

-Е дыбысы қандай дыбыс ?

-Е дыбысы жуан дауысты ма, әлде жіңішке дауысты дыбыс па?

-Е дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Б ұл сабақта оқушылар

шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын


Сабақты бекіту: Сабақ ұнады ма?


- Бүгін қандай жаңа әріппен таныстық?

-Е дыбысы бар сөздерді атайықшы?

Қандай мықты ағашпен таныстық?




Микрафон

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
2252
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі