Бекітемін:
Білім беру
саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Сауат
ашу»
Тақырыбы: «Ее дыбысы мен
әрпі»
Мақсаты: «Е» дыбысымен таныстыру. Е
дыбысынан басталатын сөздерді айтқызу. Буынға бөліп, дыбыстық
талдау жасауға үйрету.
Сабақтың
көрнекілігі: АКТ, суреттер, әліппе-
дәптер,видеоролик.
Сабақтың әдіс-
тәсілі: Сұрақ- жауап, жұптық
жұмыс.
Күтілетін
нәтиже:
Түсінеді: дыбыстың дұрыс айтылу
артикулияциясын;
Қолданады: Сөздер құрап, буынға
бөледі;сөздер жазады.
Сабақ
барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Біз балдырған кең
аспан,
Дос құшағын елге
ашқан,
Тілегіміз
тыныштық
Ашық болсын кең
аспан,
Мықты болсын
іргеміз,
Бәрімізде
біргеміз.
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі ? (қыс)
- Қыс мезгілінде неше ай
бар? ( 3 ай
бар)
-Қазірдің қыс мезгілінің қай
айы?(Желтоқсан)
-Бір аптада неше күн
бар? (7
күн)
-
Бүгін аптаның қай
күні? ( сейсенбі)
ІІ
кезең: Үй
тапсырмасы
Қызығушылықты ояту, ертегі
тыңдату.
Жаздың әсем күнінде емен ағашы
жайқала өсіп тұрды. Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі келіп
аяңдайды. Ешкі шаршаған, қарны ашқан аш
еді.
-Е-е-е-е-мен, сені жұрт көп
мақтайды, мықты ағаш деп. Кәне, мықтылығыңды көрсетші,-деп
жапырағына жармаспақшы болды.
-Е-е-е-еш-кі-деді
емен. Ешкі екеніңді ісіңнен-ақ білдім.
-Балалар, ешкіге еменнің
жапырағын жегізіп қоямыз ба?
-Ендеше еменге көмектесейік.
Өсіп тұрған ағаш қалай аталады
екен?
Біліп жүріңдер !
Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып
құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады
екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда
шірімейді, сондықтан көпір
салғанда,
кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз
отырған парталар да емен ағашынан жасалады. Сонымен қатар емен
ағашының емдік қасиеті да бар. Емен жаңғағынан крахмал, спирт
дайындайды. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды. Ал енді балалар
осы емен ағашының да жаңғақтары болады екен. Оны орысша желудь
дейді. Біздер қазір осы емен жаңғағын жинау арқылы емен ағашына
көмектесеміз.
Ойын: « Жаңғақ
жинау» әр жаңғақтың астында сұрақ
бар
Дыбыстар нешеге
бөлінеді?
Дыбыс дегеніміз
не?
Әріп дегеніміз
не?
Біз өткен сабақта қандай
әріпті өттік? Ң дыбысын тақтаға жазып көрсет.Ң дыбысы қандай
дыбыс?
Ендеше, емен, ешкі сөздері
қандай дыбыстан басталып
тұр?.
Міне біз еменге
көмектестік.Сендерге үлкен рахмет айтып емен ағашы өз жаңғақтарын
сыйлады. Ағаштарға осылай үнемі қамқор боп
жүріңдер!
ІІІ кезең. Жаңа
сабақ:
Жұмбақ
шешу: Жарға шығып
ойнайды,
Ойынға бір
тоймайды.
Болсадағы
сақалы,
Секеңдеуді
қоймайды.
Балалар бұл не екен?
(Ешкі)
-Ешкі сөзінде алғашқы қандай әріпті естіп
тұрмыз?
Олай болса, бүгін біз «Е» дыбысымен
танысамыз.
Е е дыбысы туралы түсінік
беру
1.Е е дыбысы дауысты дыбыс.
Себебі ол созылып, тоқтамай айтылады. Е е дыбысын
айтқанда дауысымыз жіңішкеріп естіледі. Е е дыбысы ерін арқылы
айтылады. Сондықтан қысаң дауысты дыбыс. Е е дыбысы сөздің басында,
ортасында, соңында айтылады. Мысалы, емен деген сөзде е дыбысы
сөздің басында және ортасында естіліп тұр. Немере деген сөзде е
дыбысы сөздің ортасында және соңында естіліп
тұр.
2.
Е е
дыбысының жазылуымен таныстыру
Е дыбысының бас әрпі 2 тармақтан тұрады. Бірінші тармағы жолдың
үстінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарай салынады. Екінші тармағы
жолдың үстінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарап салынады:
Е
Кіші әрпі толықтай жолдың ішінде салынады:
е
Е дыбысының жазылуы
видеороликпен көру, тақтаға,ауада
жазу.
Оқу
орталығы: Суреттегі сөздерді буынға
бөліп,екі терезелі үйге екі буынды,үш терезелі үйге үш буынды
сөздерді жапсырмалау. Сөздерге дыбыстық талдау
жасау




(ешкі ,елік,
текемет,ғарышкер,есік,етік,елтаңба, емен)
Сергіту
сәті:
Жаза,жаза
қолымыз
Талып кетті
қолымыз,
Бір,екі,үш
Бойға жинап
күш.
Тіл ұстарту
жаттығуы:
Еріккен есек
кезінде,
Тігіпті етік
өзіне.
Бұны көрген
емен,
Есекке « жарайсың
деген»
Әліппе- дәптермен
жұмыс:
1-Тапсырма: суреттегі заттарды
атап. Дөңгелектермен дыбыстық талдау
жасау.
Жазу
орталығы:
Ертең сөзіне дыбыстық талдау
жаса.
Сөзде 5 дыбыс бар. 2
дауысты,3дауыссыз дыбыс бар.
Емен сөзіне дыбыстық талдау
жасау.
Сөзде 4 дыбыс, 2 дауысты,2
дауыссыз дыбыс бар.
Қорытынды: «ұшақ ұшыру»
әдісі
-Бүгін қандай әріппен
таныстық?
- Е әрпі қандай
дыбыс?
- Е әрпінен келетін сөздерді
ата?
- Бүгінгі сабақ
ұнадыма?
«Жапырақ
жапсыру» арқылы бағалау.Меңгерген білімдеріңді өздерің
бағалайсыңдар? Алдарыңда тұрған жасыл және сары жапырақтарды мына
ағашқа ілесіңдер. Кім бүгінгі сабақты өте жақсы білсе ол жасыл
жапырақты іледі, ал кім сабақты ештеңе түсінбедім деген оқушы сары
жапырақты іледі. Солай балалар өздерін
бағалайды.