400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Егемендігіміз өз қолымызда!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға егеменді,тәуелсіз еліміз туралы білімдерін кеңейту. Отанымызды,туған жерімізді сүюге, еліміздің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. Отан туралы мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еркіншілік «Еркетай» бөбекжай бақшасы МКҚК







Ашық оқу қызметі



Тақырыбы: «Егемендіміз өз қолымызда!»









Тәрбиеші: Оспанова Ж.А.

2018 жыл

Ашық оқу қызметі: «Егемендігіміз өз қолымызда!»

Білім саласы: «Таным »,«Шығармашылық» ,«Қатынас»,«Коммуникация».

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, кіріктірілген оқу қызметі.

Мақсаты: Балаларға егеменді,тәуелсіз еліміз туралы білімдерін кеңейту. Отанымызды,туған жерімізді сүюге, еліміздің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. Отан туралы мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.

Көрнекіліктер: Рәміздер, глобус , Астана макеті, субояу, қылқалам т.б

Әдіс- тәстілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу көрсету, түсіндіру.

Ашық оқу қызметінің ұйымдастыру кезеңі: Балалар бүгін-бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қане қонақтарымызбен амандасып алайық.

Шатық шеңбер:

Армысың, қайырымды Аспан ата!

Армысың, мейірімді Жер-ана!

Сәлеметсіздерме қонақтар, Здраствуйте гости , Hello guectc!

Сәлем менің достарым!

Жылуыма жылу қосқандар.

Балалар көңіл- күйлерің қалай? Ендеше бүгінгі күнге сәттілік тілеймін. Балалар жақында бізде қандай мереке болады? Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы « Егеменді елім». Оқу қызметімізді Қазақстан мемлекетінің әнұранынан бастайық.

Әнұран: «Қазақстан»

Балалар 16- желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі біз үшін үлкен мереке. Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігін алғалы өз бетінше ешкімге бағынбай бейбіт өмір сүруде. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықтарды бастан кешірді. Алматы қаласында жастар көтерілісінде батыр да, қайсар аға-әпкелеріміз ерлік көрсетті. Осы кісілердің арқасында бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Артындағы ұрпақтарына үлкен үміт сыйлады. Енді, Отанымыз үшін аянбай тер төгіп еңбек ету, қадірлеп , қастерлеу, біздің міндетіміз.

Тосын сәт: Топқа домалап доп кіреді.

Тәрбиеші: Бұл не балалар?Доптың түсі қандай? Балалар доп жат-жұлт еткен алтын түсті екен, бұл доп жай доп емес, ол өзімен бірге хат ала келіпті. Хатта былай деп жазыпты . Балалар сендердің білімдеріңді тексеріп көп қонақтар келіпті , мен де сендерідің білімдеріңді тексеру үшін сұрақтар дайындап әкелдім. Сұрақтарыма жауап бересіңдер ме? Ендеше апайларың оқып берсін.

Тәрбиеші: Балалар сұраққа жауап беруге дайынсыңдар ма? Өзін өзі білмеген жат-жанынан түңіледі дейді. Әуелі өз өзімізді тани білейік...

  • «Сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Мемілекетіміздің ел басшысы кім?

  • Мемлекетіңнің неше рәмізі бар?

  • Қалай аталды? Рәміздерге тоқталу: Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Еліміздің ашық аспандай көлдір туымыз бар, айбынды елтаңбамыз бар.

  • Ту : - Тудың түсі қандай?

  • Күн мен қыран құс неің белгісі?

  • Балалар тудың ортасында қандай суреттер бейнеленген?

  • Күннің, тудың, оюдың түстері қандай?»

Көгілдір түс бейтшіліктің белгісі .Күніміз ашық жарықтың белгісі. Қыран құс биікке самғаудың белгісі. Ою-өрнек қазақ халқының ұлттық ою- өрнектері бейнеленген.Сары түс молшылықтың белгісі.

  • Елтаңба:Елтаңбаның ортасында қандай суреттер бейнеленген?

Шаңырақ елтаңбаның жүрегі іспеттес.Шаңырығымыз берік болсын деген,уықтар күн сәулесіндей жарқырайды. Қанатты пырақ мәңгілік елдің мәңгілік өмірін көрсетеді, ал кішкентай жұлдыз «жарық болсын, маңдайымыз ашық болсын» - деген тілекті білдіреді!

-Әнұран: Әнұранның авторы кім?

Біз әнұранды көрмейміз,бірақ айтамыз, естиміз.

Қазақстан мемлекетінде көптеген ұлттар тұрады.Олар қазақ,орыс, неміс, татар,өзбек ,қырғыз т.б ұлттар тұрады.

-Ал біз қай тілде сөйлейміз?

-Кім ана тілі туралы тақпақ біледі?

Наргиза: Ана тілің арын бұл,

Ұятың болып тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! Қадыр Мырза Али

  • Мемлекетіміздің елордасы қай қала? Жарайсыңдар балалар!

  • Кім Астана қаласына барып көрді? Астана қаласының қандай көрікті жерлеріде болдыңдар?.Онда қандай ғимараттарды көрдіңдер?

  • Балалар біздің арамызда Астана қаласына барып көрмеген балаларда бар екен.Сендер Астанаға саяхат жасағыларың келеме? Онда қандай көлікпен барамыз.Әрине поездбен, электричкамен, машинамен барамыз. Дұрыс айтасыңдар, ал біз бүгін ұшақпен барамыз.Ұшақ басқа көліктерден қарағанда тез барады.Дайынсыңдар ма балалар?Балалар ұшаққа мініп келесі бөлмеге барады да, қайта кіреді.Көзді ашып жұмғанша Астанаға да келіп жеттік! Осы сәтте Астана макеттері қойылып, әр-түрлі жалт-жұлт етіп жанып тұрған жарықтарды көреді.Балалар тосын сыйды көріп таң қалады.

Тәрбиеші: Балалар сендер мында не көріп тұрсыңдар? Бәйтерек, парламент, ханшатыр, пирамида т.б .

Парламентте кімдер отырады? Халық қалаушылары ,үкімет басшылары отырады.

Бәйтеректің ішінен нені көрдіңдер? Онда түрлі түсті әдемі балықтар,Астана қаласының макеті,ұлттық бұйымдар, елбасымыздың қолтаңбасы бар.

Тәрбиеші:Балалар Парламентте отырған халық қалаушы ағаларымыздың сендерге дайындаған тапсырмалары бар екен.

1- тапсырма:

- Отанымыздың үміт күтетін болашақ ұрпақтары. Отан жайында тақпақ, мақал – мәтел білесіңдер ме ? Иә біздің балалар үш тілде тақпақтар біледі.

Тақпақтар:

Ерасыл: Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,

Жан сырыңды жайыпсап ақтар бүгін.

Мерейі үстем мерекең құтты болсын .

Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін.

Әмір: Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Дмитрий: Наша Родина большая

Ты на свете лишь одна.

Где же есть еще такая

Необъятная страна!

Уәли: My flag,

My flag is blue.

My flag is bright,

I like it very much.

The yellow sun,

The blue – blue sky,

And the eagle is flying high.

Мақал- мәтелдер:

1)Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

2)Елдің көркі елімен,

Отан көркі жерімен.



2- тапсырма: Бәйтеркетің дайындаған тапсырмасы:Балалар сендер әріптерді білесіңдер ме?Олай болса , Астана сөзіне дыбыстық талдау жасап беріндер.

Астана сөзі қандай әріптен басталады?

Астана –А дыбысынан басталады.

Дыбыс нешеге бөлінеді?

Екі түрге бөлінеді. Олар дауысты және дауыссыз.

Астана сөзі неше буыннан тұрады?

Ас-та-на 3 буыннан тұрады.

Онда неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?

3 дауысты,3 дауыссыз дыбыс бар. Нариман орысша және ағылшынша 3 санын қалай атаймыз? (үш,три, three) Жарайсың!

3- тапсырма:Пирамиданың дайындаған тапсырмасы: сендер сурет салуды білесіңдер ме? Ендеше, Астана туралы сурет салып беріңдер! Балалар сендер қатты шаршаған боларсыңдар. Қане әуелі бой сергітіп алайық.

Сергіту сәті: «Қара жорға»биі

Тәрбиеші: Балалар Астанадан көрген ғимараттарымыздың суретін салайық. Балалар үш топқа бөлінеді.Бәйтерек, пирамида, парламент.

Бәйтерек қандай пішінге ұқсайды?

  • Дөңгелек және конусқа ұқсайды.

Пирамида қандай пішінге ұқсайды?

  • Пирамида ұшбұрышқа ұқсайды .

Парламент қандай пішінге ұқсайды?

Тіктөртбұрышқа ұқсайды.

Ендеше суретімізді пішіндер арқылы саламыз.(Бір сәт музыка ойналады, балалар сурет салады.)Салған суреттерін қонақтарға көрсетеді.

Балалар бізді қонақтар күтіп қалған шығар. Салған суретімізді қонақтарға апарып көрсетейік. Ал қане ұшаққа отырайық.Балалар бала- бақшаға келеді.

Ортаға үлкен бәйтеректің макеті қойылады. Онда ел басымыздың қол таңбасы көрсетілген.Балалар қол таңбаға қолдарын қойып өз тілектерін айтады.

Қортынды: Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? Кімге қай бөлімі ұнады?Астана қаласына саяхат жасау ұнады ма?Онда сендер не көрдіңдер?Сендер өз Отандарыңды қалай жақсы көресіндер?Ендеше өз сезімімізді білдірейікші!Балалар қолдарың жоғары көтеріп, жүрекше жасап,Отан оттанда ыстық .Мен Отанымды сүйемін!- деп хормен айтады.Жарайсыңдар балалар сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.Өз білімдерінді дәлелдей білдіңдер.Жақсы қатысқандарын үшін сендерге дайындаған сыйлығым бар. (Көңілді смайліктер және жақсы сурет салғаны үшін марапаттау қағазы беріледі).Рахмет! Спасибо! Very mach!















































































































































































































































































































































































































































































































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі