жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Егіннің бастары" Ахмет Байтұрсынов 7-сынып
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Қысқа мерзімге арналған жоспар 7-сынып
Сапарғалиева Жанар Маликовна
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі» Мектеп: Сынып: |
|||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Егіннің бастары |
||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.1.4.1 повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау 7.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту |
||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушы: Мәтінді тыңдайды, мазмұнын талдайды Көпшілік оқушы: Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтайды. Кейбір оқушылар : Тақырыпты шынайы өмірмен байланыстыра алады. |
||||||||||||||
Бағалау критерийі: |
Мәтінді тыңдап түсінеді. Тақырыбы мен идеясын ажыратады. «Тәкәппар» сөзінің мағынасын ашады. |
||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: |
Егін, егіншілік, диқан, алқап, гектар, өнім, пайда, молшылық, дәнді дақыл. |
||||||||||||||
Құндылықтар: |
Қазақстан мәдениеті, тіл мен тарихтың біртұтастығы |
||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: |
Орыс әдебиеті |
||||||||||||||
Ресурстар:
|
Слайд, интерактивтік тақта, оқулық |
||||||||||||||
Алдыңғы білім: |
«Ақ бидай» ертегісі |
||||||||||||||
|
|||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған тапсырмалар |
||||||||||||||
Сабақтың басы:
|
Ұйымдастыру жұмыстары: -оқушылардың сабаққа қатысын түгелдейді. -үй тапсырмасын тексеріледі. . Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді - сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстырылады. Ойтүрткі. Сұрақ-жауап. 1.Қандай астық түрлерін білесіңдер? 2.Бидайдан қандай өнім аламыз? 3.Егін жақсы шығу үшін не керек? Жаңа сөздермен түсінік жұмыстарын жүргізу. «Қос жазба күнделік» әдісі. Жаңа сөздерді кестеге салу арқылы мағынасын ашып, түсінеді.
|
||||||||||||||
Сабақтың ортасы:
|
Мәтінмен танысу Мәтінді аудио арқылы 2-3 рет тыңдап, мазмұнын талдау. Талдау сұрақтары: 1.Өлең не туралы? 2.Әке мен баланың арасында қандай әңгіме болды? 3.Бидайға бала неге таң қалды? 4.Бала әкесіне қандай сұрақ қойды? 5. Әкесі адам бойындағы қандай мінез туралы айтты? Жоғарыда берілген сұрақтар арқылы өлең мазмұнын түсінегендіктеріне кері байланы жасалады. Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтау
|
||||||||||||||
Сабақтың соңы::
|
6-тапсырма «Тәкәппар» сөзіне анықтама беру. Оқушылар тәкәппар адамның сипаттамасын береді. |
||||||||||||||
Үйге тапсырма: |
Өлеңнің мазмұны бойынша өздеріне ұнаған жерінен сурет салу |
||||||||||||||
2-сабақ |
|
||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
7.1.4.1 повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау 7.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту |
||||||||||||||
Бағалау критерийі: |
Оқушылардың барлығы: Сұрақтарға жауап береді, мазмұнын баяндап береді. Топпен жұмыс жасайды. Көпшілік оқушы : Тақырып бойынша диалогке түседі, сұрақтарға толық сөйлем құрап жауап береді. Кейбір оқушылар: : Тақырыпты шынайы өмірмен байланыстыра отырып, қорытынды жасай алады. |
||||||||||||||
Сабақтың басы: |
Ұйымдастыру жұмыстарын жасау Амандасу, түгелдеу, сабаққа қызығушылықтарын ояту Үй жұмысын тексеру. Әр оқушының салған суретін талдап, баға беру. Бүгінгі сабақтың бағалау критерийі мен дескрипторын таныстыру.
Шолу сұрақтары: 1.Үзіндінің авторы кім? 2.Мәтіннің тақырыбы қандай? 3.Автор осы үзінді арқылы біздерге не айтқысы келді деп ойлайсыңдар? |
||||||||||||||
Сабақтың ортасы: |
Топтық жұмыс жасалады. Әр топқа тапсырмасы беріледі. І топ: Мәтін бойынша пікірлерін «Төрт сөйлем» құрылымына салып дәлелдейді. ІІ топ: Үзінді мазмұнын бойынша «Оқиға картасын» жасайды ІІІ топ: «Тәкәппар адам» мен «Данышпа адамды» салыстырады «ВЕНН» диаграммасын жасайды |
||||||||||||||
Сабақтың соңы: |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі Оқушы әр саусақтың сұрағына жауап бере отырып, бүгінгі өз жұмыстарына кері байланыс жасайды. Бас бармақ басты мәселе: - Бүгінгі сабақтың ең құнды жағы не болды? Балаң үйрек - бірлесу: Мен топта қалай жұмыс істедім? Мен кімге көмектестім? Ортан терек – ойлану: Бүгінгі сабақта нені білдім? Шылдыр шүмек - шынайылық: Бүгінгі сабақ ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек- көңіл күй: Сабақта өзімді қалай сезіндім? |
||||||||||||||
Үйге тапсырма: |
Үзіндіні жаттау |
||||||||||||||
|
|
||||||||||||||
Рефлексия: |
«Жұлдызды баспалдақ» әдісі арқылы жасалады. Әр оқушы өздерін бүгінгі сабақ бойынша бағалайды |
||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Мадақтама сөздер «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Жақсы!», вербальді бағалау арқылы Қабілетті оқушыларға шығармашылық бағытта тапсырмалар мен жеке жұмыс беремін. Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Шолу сұрақтарын қою арқылы және «Бас бармақ» әдісін қолдана отырып тексеремін |
|||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? Бүгінгі сабақ мақсатын тыңдалым және айтылым дағдысы бойынша алдым. Бірінші сабақта үзіндіні аудио арқылы тыңдап, мазмұнына талдау жасап түсіндік. Үзіндінің идеясы мен тақырыбын анықтадық. Екінші сабағында өткен сабақты бекіту мақсатында топтық жұмыс жасалды. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын орындап, қорғады. Сабақ мақсатына жетті. Себебі, оқушылар үзіндінің мазмұнын толық түсінді, тақырыбы мен идеясын анықтады. Тақырыпты шынайы өмірмен байланыстырып, өз пікірлерін ортаға салды. Сабақ жоспарында ауытқушылық болған жоқ. Мақсатқа қол жеткізуге арналған тапсырмалар толық орындалды. |
|||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Топтық жұмыс 2: Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Сабаққа барлық оқушылардың түгел қатысуына ықпал ету Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет Бұл сынып оқушыларының ынтасы жоғары. Әр сабақ сайын өткен тақырыпқа қызығушылықпен қатысады. Жұптық жұмысқа қызығушылық танытатын оқушылар бар. Кейбір оқушылар сабақ үстінде сөздік қорлары аз болғандықтан қалыс қалып қойды Сол оқушылардың тапсырма орындауға жиі қатысуын қадағалау керекпін. |
|||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген