400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ежелгі Грекия" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2017-2018 оқу жылында 5 сыныптар Жаңартылған оқу бағдарламасына көшу барысында мен осы 5 сыныпқа дүние жүзі тарихы пәніне арналған, «Ежелгі Грекия» тарауындағы Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады деген қысқа мерзімді жоспарды дайындап отырмын. Менің ойымша бұл сабақ мұғалімге осы тақырыпта көрсетілген әдіс – тәсілдер көп көмек жасайды деп үміттенемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АPicture 1 либекова Шара Ермекбаевна,

математика пәнінің мұғалімі

181 жалпы білім беретін орта мектеп

Шиелі ауданы

Қызылорда облысы


Эссе

«XXI ғасырдың  ұстазы қандай?»

«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді , керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»  Уильям Уарт

Ал XXI ғасырдың нағыз  ұстазы қандай болмақ, кәзіргі заманда тәуелсіз жеріміздің болашағы өсіп  келе жатқан жас ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Қәзіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім  берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Осыған орай биылғы жылдың тамыз-қазан айларында «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» тақырыбында білім алдым. Бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама,  яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,   мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Мен, «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім»-деген Стронгтың сөзін өзіме ұстаным ретінде алып отырмын. Іс -тәжірибемдегі өзгерістерді басқалармен бөлісе жұмыс жасай отырып, оқушылардың қызығушылығына қарай тапсырмаларды дайындаймын. Мұндай тәсіл оқушының өзіне деген сенімділігін арттырады және сабақтарға белсенді қатысуына жағдай туғызады. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульманның «үш көмекшісі» деп аталатын қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына тығыз байланысты екендігін байқадым. Оқушылардың шабытын оятуға байланысты жеке –дара тапсырмалар дайындау арқылы оқушыға бағыт бағдар бере отырып, сыни ойлауға жетеледім. «Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз - бұл сынау емес, ойлау туралы ойлану» - деген Флейвел сөзімен айтқанда оқушыны сабақ айтпас бұрын ойлануына уақыт беруіміз керек,сонда бала өзінің білімін толыққанды көрсете алады.

Мен өзімнің ой толғауымды «Басқаларды үйрете отырып, біздің өзіміз де үйренеміз.» - деген Сенеканың сөзімен аяқтай отырып,барша ұстаз қауымына еңбектеріңіздің жемісі - оқушыларыңыздың жұлдыздай жарқырауына шын жүректен тілектеспін







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі