400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ежелгі көпелілердің дүниетанымы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ежелгі көпелілердің дүниетанымы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰМЖ тарауы: 5.2 А бөлімі

Ежелгі көшпелілер өмірі. 9 сағ.

Мектеп:



Күні:

Мұғалімнің есімі:

Сынып 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі көпелілердің дүниетанымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сәйкес)

5.2.1.2. Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ежелгі көшпелілердің «Наурыз» мейрамы ежелден бері тойланып келе жатқан дәстүрлі мереке екенін біледі.



Оқушылардың басым бөлігі:  Көшпелілер көш кезінде лаулап жанған екі оттың арасынан «Алас-алас», әр пәледен алас» деп аластағанын , жаңа ай жарылқа, ескі ай есірке деген ұғымдарды , жас келін табалдырықты аттағанда отқа май қую дәстүрін анықтайды.






Кейбір оқушылар: Салт – дәстүр, жөн-жоралғы, әдет-ғұрыптардың айырмашылығы мен ұқсастығын талдай алады.





Бағалау критерийлері:

1.Ежелгі көшпелілердің Наурыз мейрамы тойланғаны жайлы түсінік қалыптасады.

2.Салт-дәстүр, аспан мен от, күнге табынуға қатысты наным-сеніммен болғанын анықтайды, ұқсастығымен айырмашылығын ажыратады.


Құндылықтарға баулу

Ұлттық мәдени құндылықты қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ әдебиеті , этнография.

Алдыңғы тақырып

Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті



Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

( 15 минут )



І Ұйымдастыру кезеңі

1.Жүрек жылуы (психологиялық тренинг) ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оқушылар бір-біріне тілек айтады.


2.Ұлттық ойындардың ішіндегі «Ғажайып қоржын» боялған асықтар арқылы үш топқа бөліну.



Сабақтың ортасы

(20 минут)


10 минут


Бейнероликпен жұмыс. Миға шабуыл. Наурыз мейрамы от пен күнге табыну бойынша көргенді түртіп алып, суреттеу арқылы постер жасап қорғау.






АКТ , постер.

5 минут

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

1. Жеке-жеке жұмыс

2.Жұптық жұмыс

3.Топпен бөлісу жұмысы

1 тапсырма. Неліктен көшпелілер жаңа жылды көктемде тойлаған?

2 тапсырма. Көшпелілер ата-баба рухын қалай дәріптеді?

3 тапсырма. Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?

Сұрақ тапсырмалар

5 минут

Тестпен жұмыс. (Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмамен жұмыс)

Тапсырма:

1 топ.

1.«Наурыз»сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді?

А) Жаңа жыл, Ә) Көктем, Б) Жаңа күн, В) Жыл басы.

2.Б.Ұ.Ұ. қай жылдан бастап 21 наурызды «Халықаралық Наурыз» күні деп атады?

А) 2000, Ә) 1992, Б) 2006, В) 2010.

2 топ.

1.Ең маңызды діни сенім түріктерде?

А) Тәңірге табыну, Ә) Аспанға табыну, Б) Путқа табыну.

2.Тіл-көз тиюге байланысты сақталып қалған ырым?

А) Тасаттық, Ә) Аруақтарға сиыну, Б) Көзтимес, В) Бойтұмар.

3 топ.

1.Қазақстанның ежелгі тұрғындарының түсінігіндегі аспан әлемінің мағынасы?

А) Жаратушы, Ә) Көк тәңірі, Б) Тәңірге сиыну.

2.Жаңа түскен келін күйеуінің әкесінің үйіне кіріп, сәлем жасап, «Аруақ» разы болсын» деп тағзым етіп, жасайтын рәсім?

А) Отқа май құю, Ә) Аластау, Б) Иық қағар.



Тест тапсырмаар



Сабақтың соңы

(10 минут)



5 минут









5 минут



«Б.Б.Б.» әдіс арқылы оқушының білім деңгейін анықтау және тапсырма беру.


1. Көшпелілер жаңа жылды неге көктемде тойлаған?

2. Жас келін табалдырықты алғаш аттағанда қандай дәстүр жасалады?

3.Сіздердің отбасыларыңызда салт-дәстүр қалайша сақталады? Олардың маңызы неде?

4.Көшпелілер ата-баба рухын қалай дәріптеді?

5.Наурызды Орта Азияны мекендеген халықтар

«Самарканның көк тасы жібіген күн» деп дәріптеген, неге?






Кесте

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушылардың тапсырмасына қарай отырып, баспалдақ әдісі арқылы оқушының қай тұста екенін анықтауды жүргізу, деңгейлік тапсырманың мән-мәтінің ұйымдастыру.


Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін тапсырмаға жасалған дескриптолар арқылы бағалау үшін кері байланыс алынады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары оқыту мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағанадан өз сабағыңызға ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Бүгінгі оқушылар: Ежелгі көшпелілердің дұниетанымы туралы түсінігін анықтайды.

Сыныптағы ахуал: Оқушылар топ болып жұмыс істеді, сабаққа деген қызығушылығы артты, белсенділік таныта білді, құрбы-құрдастарына қолдау көрсете алды.

Менің жоспарлаған сабағым жоспарлы болды, тапсырмаларды орындай алды. Сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлап жауап бере алды.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Үй тапсырмасында «Бас бармақ» әдісі тиімді екенін байқадым.Барлық оқушылар белсенділік танытты.

2: Бағалауда критериалды бағалау табысты болды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Үлгерімі төмен және дарынды оқушыларға деңгейіне қарай тапсырма беру.

2: Сыни тұрғыдан оқушылар бір-біріне сұрақтар қою.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
806
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі