400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ежелгі көшпелілер өмірі" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2 А Ежелгі көшпелілер өмірі.

Мектеп: Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі, Шу ауданы

Пәні: Қазақстан тарихы

Күні: 19.04.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Бексұлтан Ерлан Қалмашұлы

Сынып: 5

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы:

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

5.4.1.2 Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы туралы біледі. Көшпелі мал шаруашылығының дамуы адамдарға қандай мүмкіндіктер бергенін анықтайды. (білу, түсіну)

Оқушылардың басым бөлігі: Көшпелілер өміріндегі мал шаруашылық пен егіншіліктін маңыздылығын анықтайды, сипаттайды (қолдану)

Кейбір оқушылар: Көшпелі мал шаруашылығының тиімділігін дәледейді. Мал шаруашылығы неліктен көшпелі шаруашылықтың негізгі түріне айналғандығын анықтайды, баға береді. (қолдану, бағалау)

Бағалау критерийлері

  • Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіре алады;

  • Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалай пайда болғанына тарихи сипаттама береді, мал шаруашылығының неліктен негізігі түріне айналғандығын анықтай алады;

  • Көшпелі мал шаруашылығының тиімділігін дәледейді.

  • Мал шаруашылығы неліктен көшпелі шаруашылықтың негізгі түріне айналғандығын анықтайды, баға береді.

Тілдік мақсат

Оқушылардың оқылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын қамтамасыз етуде мәтімен жұмыс, тірек сөздерді анықтайды,

«Суреттер сөйлейді» әдісі кезінде суреттерге қарап әңгіме құрайды. (айтылым, тыңдалым)

«ВЕНН» диаграммасы, кестемен жұмыс, «DEAL» әдістері кезінде (жазылым, айтылым, тыңдалым) дағдылары қалыптасты.

тебіндеу, көшпелілер, тірек сөздерімен танысып дәптерге жазады (жазылым дағдысы)

Құндылықтарға баулу

  • Жауапкершлік; денсаулық;

  • достық;

  • айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, дүниежүзі тарихы, жаратылыстану

Алдыңғы тақырып

Қазақстан территориясында темірдің игерілуі тақырыбын еске түсіру мақсатында «Ұшақ» әдісі арқылы білім алушылардан ашық сұрақтар қоя отырып, қорытындылаймын.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

  • Ынтымақтастық атмосферасын құру

  • Үй тапсырмасын сұрау

  • Темір дәуірінде адам өмірі қалай өзгерді.Ойларыңды 2-3 дәлел келтіріп,түсіндіріңдер

Ал енді бүгінгі сабағымызға көшу үшін тақтаға назар аударайық. Тақтада берілген суреттерге назар аударындар.

Сіздер қазір, төрт сурет бойынша дәптерлерінізге осы суреттерге байланысты 10 сөз жазыңыздар.

Енді, жазғандарынызды топта талқылап, бір ортақ пікірге келініздер.

Дескриптор: білім алушы-

-суретпен қатысы бар 10 сөзден жазады

Мысалы, жайлау, қой, жылқы, түйе

Балалар мына суреттерден нені көруге болады?

Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?

Сұрақ қойып, оқушылардың жауаптары арқылы сабақ тақырыбына шығу.

Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстырамын.

Біздің бүгінгі сабағымыздың зерттеу сұрағы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды?


Суреттер, оқулық, мәтіндер




Сабақтың

ортасы


30 мин















Барлық оқушылар орындайды: «Суреттер сөйлейді» әдісі

Тақырыпты ашу мақсатында көшпелі мал шаруашылығы бейнеленген сурет бойынша сыныптық талқылау жүргіземін.

Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоямын

1-тапсырма: «Миға шабуыл»

  • Не көріп отырсыздар?

  • Қандай шаруашылық түрі бейнеленген?

  • Мал шаруашылығы қандай кәсіптен бөлініп шықты?

  • Егін шаруашылығы қандай кәсіптен

бөлініп шықты?

  • Бұл шаруашылық түрлерін өнімді еңбекке жатқызуға болады ма?

Дескриптор: білім алушы-

  • Мал шаруашылығы қандай кәсіптен бөлініп шыққанын айтады;

  • Егін шаруашылығы қандай кәсіптен

бөлініп шыққанын айтады.

Оқушылар бұрыңғы білімдеріне сүйене отырып мал шаруашылығы мен егіншілікті "өнімді еңбек" түрлеріне жатқызу керек.


Презентацияны пайдалана отырып, көшпелі мал шаруашылығы туралы қысқаша мағлұмат беріледі.


«Кластер» әдісі. (барлық оқуышылар орындайды)

2-тапсырма: Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуын анықтаңдар. Көшпелі мал шаруашылығының дамуы адамдарға қандай мүмкіндіктер бергенін анықтаңдар.


Сәйкестендіру кестесі (жұптық жұмыс) Сәйкестігін тап

Жүк көлігі ретінде пайдаланды, жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.


Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жиді. Олар суық пен ыстыққа төзімді.


Суыққа төзімді, тебендеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен ашып алады.



Тебендеп жайылымға икемсіз. Сондықтан оларға жемшөп әзірлеуді қажет етеді


Дескриптор: білім алушы-

-Түйе малының қасиетін сәйкестендіреді;

-Қой малының қасиетін сәйкестендіреді;

-Жылқы малының қасиетін сәйкестендіреді;

-Сиыр малының қасиетін сәйкестендіреді.


Кестені толтыр. Жеке жұмыс.


Көшпелілер төрт түлік малдан қандай өнімдер алған

жылқы

түйе

сиыр

қой






Дескриптор: білім алушы-

-жылқыдан қандай өнім алынатынын жазады

-түйеден қандай өнім алынатынын жазады

-сиырдан қандай өнім алынатынын жазады

-қойдан қандай өнім алынатынын жазады.


Қалыптастырушы бағалау: «Күлегештер» арқылы


Оқушылардың басым бөлігі орындайды: «ВЕНН» әдісі.

3-тапсырма: Көшпелілер өміріндегі мал шаруашылық пен егіншіліктін маңыздылығын анықтап, айырмашылығын салыстырыңдар.

Овал 4 Овал 5 Овал 6



Дескриптор: білім алушы-

- Көшпелілер өміріндегі мал шаруашылық пен егіншіліктін маңыздылығын анықтайды;

- айырмашылығын салыстырады;

-постерге сызып, сынып алдында қорғайды.


Кейбір оқушылар орындайды: «DEAL» әдісі. Топтық жұмыс.

4-тапсырма: Көшпелі мал шаруашылығының тиімділігін дәледеңдер. Мал шаруашылығы неліктен көшпелі шаруашылықтың негізгі түріне айналғандығын анықтаңдар.


Дескриптор: білім алушы-

D- Мал шаруашылығы неліктен көшпелі шаруашылықтың негізгі түріне айналғандығын анықтайды;

E-Көшпелілер төрт түлік малдан қандай өнімдер алғанын анықтайды;

A-Осы төрт түлік малдың арасынан көшпелілер қайсысын ерекше қастерлегенін анықтайды;

L- Көшпелі мал шаруашылығының тиімділігін дәледейді;

-постерге түсіріп, сынып алдында қорғайды.

Терімшіліктің егіншілікке, аңшылықтың мал шаруашылығына алып келгендігін көрсететін суреттер:




























Оқулық, маркерлер үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта




Сабақтың соңы


5 минут




Кері байланыс. «Кері әсер парағы» жазбаша бағалау

Оқушының аты, тегі________________________________күні:___________

Сабақ не туралы болды?_____________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бүгінгі сабақ несімен ұнады?_________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

Не қиындық тудырды?_______________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________

Бағалау. Топқа баға беру

Үйге тапсырмаТақырыпты оқу,қалаған төрт түліктің біреуі туралы жан-жақты ізденіп келу

«Кері әсер парағы»

күнделік

Үлестірме қағаздар








Қосымша ақпарат:


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?




Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барлық оқуылар орындады: «Суреттер сөйлейді» әдісімен мал және егін шаруашылығы қандай кәсіптен бөлініп шыққанын айтты. «Кластер» әдісімен түйе, қой, жылқы, сиыр малдарының қасиеттерін сәйкестендірді

Оқушылардың басым бөлігі орындады: «ВЕНН» әдісімен көшпелілер өміріндегі мал шаруашылық пен егіншіліктін маңыздылығын анықтап, айырмашылығын салыстырды.

Кейбір оқушылар орындады: «DEAL» әдісі арқылы мал шаруашылығы неліктен көшпелі шаруашылықтың негізгі түріне айналғандығын анықтады; Көшпелілер төрт түлік малдан қандай өнімдер алғанын анықтады; Осы төрт түлік малдың арасынан көшпелілер қайсысын ерекше қастерлегенін анықтады;

Көшпелі мал шаруашылығының тиімділігін дәледеді.

Қалыптастырушы бағалау: «Күлегештер» арқылы


Кері байланыс. «Кері әсер парағы» жазбаша бағалау

Оқушының аты, тегі________________________________күні:___________

Сабақ не туралы болды?_____________________________________________

____________________________________________________________________

Бүгінгі сабақ несімен ұнады?____________________________

___________________________________________________________________________________________________

Не қиындық тудырды?________________________________________________________________________________________________________________________________


Топ ережесін таныстырылды. Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Кері байланыс рефлексия.

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына сәйкес құрылды. Сабақ мақсаттары смарт түрінде құрылды. Барлық оқушыларға қажеттілігіне орай белсенді әдістерді қолдандым. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Сабақта уақытты тиімді пайдаландым. Ауытқулар болмады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі