жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ежелгі қалалар
Пән: дүниетану Сынып: 2 «Б» |
Мектеп: № 37 ЖОББМ |
||||
Күні: 18.02.2020 ж Бөлім: Дәстүр және ауыз әдебиеті |
Мұғалімнің аты-жөні :Кыдырекешова.М.М |
||||
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі қалалар |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
||||
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау |
||||
Сабақ мамақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: – «Ұлы Жібек жолы», «Ежелгі қалалар» ұғымдарының мағынасын түсіндіре алады; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: – ежелгі қалалар қалай пайда болғандығын біледі; – оқулықтың мәтіні және суреттерінен ақпарат алады және оны талқылайды, қорытынды шығарады; Кейбір оқушылар орындай алады: – ежелгі қаланың тұрғындары немен айналысқандарын мысал келтіре біледі; - түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттайды |
||||
Тілдік мақсат |
Оқытудың тілдік мақсаты Қазақстанның көне қалалары туралы алғашқы түсінік алады Пәндік лексика және терминология Қазақстанның көне қалалары: Сарайшық, Сауран, Отырар, Құлан; Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері Талқылауға арналған сұрақтар: - Қала дегеніміз не? - Қала қай кезде және неліктен пайда болды? - Қазақстанның қандай көне қалаларын білесіңдер? |
||||
Бағалау критерийлері |
мен ескерткіштерді сипаттайды – ежелгі қалалардың қалай пайда болғандығын біледі |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек, қазақ тілі,музыка |
||||
АКТ қолдану дағдысы |
Проектор, ноутбук, слайд |
||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Оқушылардың Алтын адам және Бәйтерек монументі тақырыбы арқылы дәстүр және ауыз әдебиетінен 1-сыныптан меңгерген түсініктері бар. Алдыңғы тарауларда дәстүр және ауыз әдебиетінің тарихи тұжырымдамалық мағынасын оқып үйрену үшін негіз қалады. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||
Сабақтың басталуы 5 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық байланыс Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Әдеппенен бас иіп, Сәлем бердік біз.
Бүгінгі күн терезеден, Бізге күліп тұр қарап. Сондай жақсы көңіл-күймен, Басталады бұл сабақ.
Ал енді керуеншілермен бірге саяхаттап келеміз деп елестетейік. Сонымен, жолға аттанайық! Н. Тілендиевтің «Көш керуен» атты күйі ақырын дауыспен ойнатылады. Мұғалім оқушыларға Ұлы Жібек жолы бойымен саяхатқа шығатындары жайлы хабарлап, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятады. Оқушылар күйді тыңдай отырып, слайдтқа назар аударады. Слайдта түйелерге жүк артып, ұзақ жолға сапар шеккен жолаушылар тізбегі көрсетілген. Сол керуеншілермен бірге Ұы Жібек жолының бойында орналасқан ежелгі қалаларға саяхатқа аттанады.Әбу Насыр Ибн Сина туралы оқушыларға мағлұмат беріледі.Биыл 1150 жыл толып отырғанын да айтып өтіледі. Түйенің суреттер арқылы 4 топқа бөлінеді Топ басшыларын сайлайды «Жариялау» әдісі арқылы әр топ өз топтарын қорғайды |
1-топ: «Құлан» 2-топ: «Отырар» 3-топ: «Сығанақ» 4-топ: «Сайрам» |
|||
Сабақтың ортасы
15 минут
|
«Сен білесің бе?»сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Балалар! Бүгін біз ежелгі қалаға таным-жорыққа аттанамыз. Ежелде Қазақстан аумағынан Ұлы Жібек жолы өткенін білесіңдер ме? Ұлы Жібек жолы – бұл атаудың мағынасын түсінуге тырысып көріңдер. «Терминді түсіндіреміз» әдісі: Неге «Ұлы»? Неге «Жібек»? Неге «жол»? Мұғалім: «Бейнежазба» көрсетіледі. Ұлы Жібек жолы 7 мың шақырымға созылды. Бұл жолмен түйе керуендері Қытайдан Еуропа елдеріне жібек және басқа да тауарлар тасымалдады. Ұлы Жібек жолы бойында шебер ұсталар тұратын. Сондай жолмен қалалар пайда болды. «Ежелгі қала» сөздерін сөздік қорына қосып, талқылайды. Ал, енді балалар сол ежелгі қалаларға саяхат жасайық Оқулықпен жұмыс (қақпаның тапсырмасы) (ҰЖ) Мұғалім Қазақстандағы барлық қалалар Ұлы Жібек жолында орналасқаны туралы әңгімелейді. Көрнекі үлгі ретінде ұзын жібек лентаны алып есіктің тұтқасына байлайды. Лентаны алып, әр топқа барады. Бұл топтағы оқушылар белгілі бір қаланың тұрғындарының рөлін атқарады. Мұғалім әр қала туралы әңгімелеп, сол қала туралы ақпараттар бар конвертті, фотоларды, суреттерді беріп кетеді. (Т) (ҚБ) Ақпаратпен жұмыс. Оқушылар топта берілген ақпараттан әңгіме құрайды. «Мен .... мына қаланың тұрғынымын» деп бастайды. (Сығанақ, Сайрам, Отырар, Құлан, ). Осы қалалардың ерекшеліктерін, пайда болу себептерін айтады. Сол кездегі пайдаланған құралдары, қару-жарақтары туралы дәлелдемелер келтіреді.
|
«Іздену»
Карта
Топтың атауына байланысты қиылған суреттер мен жазулар.
Лента, конверттер, суреттер,
|
|||
Қызықты тапсырма 15 минут
|
Топтық тапсырмалар: 1.тапсырма. «Уақыт лентасы» әдісі Оқушылар дереккөздер арқылы көне жәдігерлерді, әртүрлі (құмыра, ыдыс-аяқ, балта, пышақ, әшекей бұйымдарды) қазіргі заманғы бұйымдармен салыстыра отырып, айырмашылығы мен ұқсастығын айтып салыстыра отырып дәлелдейді. . ВЕНН диаграммасы арқылы салыстыру Ежелгі қала мен қазіргі қаланы салыстыр. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тап.
Дескриптор: Білім алушы - Ежелгі қала мен қазіргі қаланы салыстырады - ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.
2.Тапсырма «Фото коллаж»әдісі тапсырма .Топтастыру арқылы саралау тәсіліне сәйкес. Тапсырмалар білім деңгейі әр түрлі оқушыларға лайықталып жасалды. Өйткені дыбыстық талдауға үйренеді. Дескриптор: Білім алушы
3.Тапсырма .«Хикая картасы» әдісі.Оқушыларға түрлі дереккөздер ұсынылады. Дереккөздермен танысқаннан кейін суреттерді, картаны қолдана отырып, зерттейді, тақырыпқа сай «Ұлы Жібек жолының тармақтары» атты хикая құрастырып, дәлелдейді. Не себепті ірі қалалар Ұлы Жібек жолы өтетін жолдарда пайда болған? Жібек жолының «достық жолы», «сауда жолы», «мәдениет жолы» деп аталуының себебі неде? сұрақтарына толық жауап іздеп қорытынды жасайды.
4. Тапсырма «Зерттеу» әдісі Қала макетін құрайды және баяндап береді Барлық оқушыларға нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетінін түсінгендеріне көз жеткізу мақсатымен саралаудың қорытынды тәсілі жүргізіледі.Сондай-ақ, саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі қолданылад. Сергіту сәті «Көшпенділер» ойыны «Көш қозғалады» деген сәтте балалар шеңбер ішінде қозғалады. «Көш қоныстанды» деген сәтте қай орынға келіп тоқтады, сол орындарында қалулары тиіс.
Топтық жұмыс (ермексазбен жұмыс) (шеберхана) 1 топ «Шеберлер» сол кездегі ыдыс-аяқтарды Жасайды Дескриптор: Білім алушы -сол кезде қолданылған ыдыс-аяқтарды сатылымда болған дүниелерді жасайды.
2 топ «Саудагерлер» сол кездегі сатылған дүниелерді жасайды.
(Шығыс базары) Мұғалім: Сендер қазір сатушы рөлінде ойнауларыңа тура келеді. Өз тауарыңды сату үшін жарнама жасайсың
Дескриптор: Білім алушы - жарнама жасайтын заттың атын айтады. - өз затын өткізу үшін жарнама жасайды.
3 топ «Ұсталар» сол кездегі қару- жарақтарды жасайды. Дескриптор: Білім алушы -сол кезде қолданылған қару-жарақтарды жасайды.
4 топ «Зергерлер» асыл тасты бұйымдарды жасайды
Дескриптор: Білім алушы -сол кезде қолданылған асыл тасты бұйымдарды, сатылымда болған дүниелерді жасайды. - сол жасаған дүниелерін атап береді.
Дәптермен жұмыс |
А3 қағаз,фломастерлер,клей Белсенді оқу әдісі
Ермексаз, моншақтар, сым, жіп
дәптер
|
|||
Сабақтың соңы 2 минут
Кері байланыс 2 минут |
«Ақиқат және жалған» әдісі ҚБ тапсырмалары 1.Ертеде Қазақстан жерінен Ұлы Жібек жолы өткен .Ақиқат 2.Сауда керуендері жібек мата ,түрлі тауарлар тасымаған? Жоқ тасыған 3.Олар сол кезде үлкен қақпалар арқылы кірген. Ия 4.Шығыс базарлары болмаған.Жоқ 5.Шеберлер мен ұсталар ыдыс-аяқ құмыралар, балта, пышақ жасаған.Ия 6.Қаланың сырты биік дуалмен қоршалмаған. Жоқ Оқушылар сабақты қорытындылайды. Бүгінгі сабақтан не білгенін, не үйренгенін айтады.
Сабақтың соңы Кері байланыс. «Бұрыштар» әдісі
1. Оқушылар сабақты әліде түсінбеген жерлері немесе сұрақтары болса тас жолдың бойына келіп тұрады. «Тас жол – Достық жолы»
2.Егер оқушылар сабақты орташа деңгейде түсініп сұрақтары бар болса темір жолдың бой ына келіп тұрады.«Темір жол – Сауда жолы»
Түсінген оқушылар әуе жолының бойына келіп тұрады. «Әуе жолы. – Мәдениет жолы”
Әртүрлі жолды таңдаған оқушылар неге ол жолды таңдағандары туралы өз ойларымен бөліседі, сұрақтары болса қояды.
|
Топтасқан бағыт
|
|||
Үй тапсырмасы 1 мин |
«Менің қаламның тарихы» эссе жазу
|
|
|||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайтапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардыңматериалды меңгерудеңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық жәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы |
|||
ежелгі қаланың тұрғындары немен айналысқандарын мысал келтіре біледі; - түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттайды |
Смайликтер, көң белгілер, жалаушалар арқылы бағалау |
Сергіту сәті |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
ОМ дұрыс қойылған Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді |
||||
Саралау жұмыстары дұрыс жүргізілді Уақыт кезеңдері сақталды Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ |
|||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Топтық жұмыс Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Белсенді оқу әдісі 2: Оқушылардың қол өнер бұйымдарына жарнама жасауы Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||
«Ақиқат және жалған» әдісі
ҚБ тапсырмалары
1.Ертеде Қазақстан жерінен Ұлы Жібек жолы өткен бе? Ия
2.Сауда керуендері жібек мата ,түрлі тауарлар тасымаған? Жоқ тасыған
3.Олар сол кезде үлкен қақпалар арқылы кірген. Ия
4.Шығыс базарлары болмаған.Жоқ
5.Шеберлер мен ұсталар ыдыс-аяқ құмыралар, балта, пышақ жасаған.Ия
6.Ұаланың сыпты биік дуалмен қоршалмаған. Жоқ

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген