жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Ежелгі қалалар" 2 сынып
|
Пән: дүниетану Сынып: 2 «В» |
Мектеп: «Төрткүл» жалпы орта мектебі |
||||
|
Күні: 16.02.2018 ж Бөлім: Дәстүр және ауыз әдебиеті |
Мұғалімнің аты-жөні :Калшаева Лаура |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі қалалар |
Қатысқандар: 19 Қатыспағандар саны: 1 |
||||
|
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: – «Ұлы Жібек жолы», «Ежелгі қалалар» ұғымдарының мағынасын түсіндіре алады; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: – ежелгі қалалар қалай пайда болғандығын біледі; – оқулықтың мәтіні және суреттерінен ақпарат алады және оны талқылайды, қорытынды шығарады; Кейбір оқушылар орындай алады: – ежелгі қаланың тұрғындары немен айналысқандарын мысал келтіре біледі; - түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттайды |
||||
|
Тілдік мақсат |
Оқытудың тілдік мақсаты Қазақстанның көне қалалары туралы алғашқы түсінік алады Пәндік лексика және терминология Қазақстанның көне қалалары: Сарайшық, Сауран, Отырар, Түркістан, Тараз; Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері Талқылауға арналған сұрақтар: - Қала дегеніміз не? - Қала қай кезде және неліктен пайда болды? - Қазақстанның қандай көне қалаларын білесіңдер? |
||||
|
Бағалау критерийлері |
мен ескерткіштерді сипаттайды – ежелгі қалалардың қалай пайда болғандығын біледі |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы. |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек, қазақ тілі |
||||
|
АКТ қолдану дағдысы |
Проектор, ноутбук, слайд |
||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Оқушылардың Алтын адам және Бәйтерек монументі тақырыбы арқылы дәстүр және ауыз әдебиетінен 1-сыныптан меңгерген түсініктері бар. Алдыңғы тарауларда дәстүр және ауыз әдебиетінің тарихи тұжырымдамалық мағынасын оқып үйрену үшін негіз қалады. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басталуы 5 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Ал енді керуеншілермен бірге саяхаттап келеміз деп елестетейік. Сонымен, жолға аттанайық! Түйенің суреттер арқылы 4 топқа бөлінеді Топ басшыларын сайлайды «Жариялау» әдісі арқылы әр топ өз топтарын қорғайы |
1-топ: «Түркістан» 2-топ: «Отырар» 3-топ: «Тараз» 4-топ: «Сайрам» |
|||
|
Сабақтың ортасы 15 минут
|
«Сен білесің бе?»сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Балалар! Бүгін біз ежелгі қалаға таным-жорыққа аттанамыз. Ежелде Қазақстан аумағынан Ұлы Жібек жолы өткенін білесіңдер ме? Ұлы Жібек жолы – бұл атаудың мағынасын түсінуге тырысып көріңдер. «Терминді түсіндіреміз» әдісі: Неге «Ұлы»? Неге «Жібек»? Неге «жол»? Мұғалім: «Бейнежазба» көрсетіледі. Ұлы Жібек жолы 7 мың шақырымға созылды. Бұл жолмен түйе керуендері Қытайдан Еуропа елдеріне жібек және басқа да тауарлар тасымалдады. Ұлы Жібек жолы бойында шебер ұсталар тұратын. Сондай жолмен қалалар пайда болды. «Ежелгі қала» сөздерін сөздік қорына қосып, талқылайды. Ал, енді балалар сол ежелгі қалалардың бірі Отырар қаласына саяхат жасайық (қақпаның тапсырмасы) (ҰЖ) Мұғалім Қазақстандағы барлық қалалар Ұлы Жібек жолында орналасқаны туралы әңгімелейді. Көрнекі үлгі ретінде ұзын жібек лентаны алып есіктің тұтқасына байлайды. Лентаны алып, әр топқа барады. Бұл топтағы оқушылар белгілі бір қаланың тұрғындарының рөлін атқарады. Мұғалім әр қала туралы әңгімелеп, сол қала туралы ақпараттар бар конвертті, фотоларды, суреттерді беріп кетеді. (Т) (ҚБ) Ақпаратпен жұмыс. Оқушылар топта берілген ақпараттан әңгіме құрайды. «Мен .... мына қаланың тұрғынымын» деп бастайды. (Сарайшық, Сауран, Отырар, Түркістан, Тараз). Осы қалалардың ерекшеліктерін, пайда болу себептерін айтады. Сол кездегі пайдаланған құралдары, қару-жарақтары туралы дәлелдемелер келтіреді. Дескриптор: Білім алушы
Бағалау: «Көңілді гүлдер» арқылы бағалайды. |
«Іздену» Карта Лента, конверттер, суреттер, ребус Гүлдер |
|||
|
Қызықты тапсырма 15 минут
|
Топтық жұмыс (ермексазбен жұмыс) (шеберхана) 1 топ «Шеберлер» сол кездегі ыдыс-аяқтарды жасайды 2 топ «Саудагерлер» сол кездегі сатылған дүниелерді жасайды. 3 топ «Ұсталар» сол кездегі қару- жарақтарды жасайды. 4 топ «Зергерлер» асыл тасты бұйымдарды жасайды Дескриптор: Білім алушы -сол кезде қолданылған ыдыс-аяқтарды, қару-жарақтарды, асыл тасты бұйымдарды, сатылымда болған дүниелерді жасайды. - сол жасаған дүниелерін атап береді. Бағалау: «Белгілер» арқылы бағалайды (Шығыс базары) Мұғалім: Сендер қазір сатушы рөлінде ойнауларыңа тура келеді. Өз тауарыңды сату үшін жарнама жасайсың Дескриптор: Білім алушы - жарнама жасайтын заттың атын айтады. - өз затын өткізу үшін жарнама жасайды. Бағалау: «Жалаулар» арқылы бағалайды Дәптермен жұмыс. (қамал)
Керуеншілерге ұзақ жолдан демалуға тоқтап, түйелерін тынықтыру керек болды. Бұндай жерлерде керуен-сарайлар салынып, саудагерлер тауарларын сақтайтын: – мұнда сауда керуендері аялдап, жергілікті тұрғындар мен саудагерлер арасында сауда-саттық (тауар айырбастау) басталатын; – бұл орындарға адамдар келіп қоныстана бастады. Олар саудамен, қолөнермен, жер өңдеумен айналысты. Осындай жолмен қала пайда бола бастаған. Дескриптор: Білім алушы - Ежелгі қалалар қандай мақсаттарға жоспарланып салынғандығын анықтайды. - Ежелгі қалалар қандай мақсаттарға жоспарланып салынғандығын жазады. Тексеру: «Ақиқат па, жалған ба?» әдісі Сергіту сәті «Көшпенділер» ойыны «Көш қозғалады» деген сәтте балалар шеңбер ішінде қозғалады. «Көш қоныстанды» деген сәтте қай орынға келіп тоқтады, сол орындарында қалулары тиіс. Мұғалім: Ежелгі қаланың тұрғыны қазіргі қалада болды деп елестетіңдер. Оны бәрінен бұрын не таңғалдырар еді? 2. ВЕНН диаграммасы арқылы салыстыру (атақты адамдардың үйлері) Ежелгі қала мен қазіргі қаланы салыстыр. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тап. Тексеру: «Иа, жоқ» әдісі Дескриптор: Білім алушы - Ежелгі қала мен қазіргі қаланы салыстырады - ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. Тексеру: «Дұрыс па, бұрыс па?» әдісі Дескриптор: Білім алушы - атаулардың реттік санын дөңгелек ішіне сәйкестендіріп қояды |
Белсенді оқу әдісі Ермексаз, моншақтар, сым, жіп дәптер |
|||
|
Сабақтың соңы 2 минут
Кері байланыс 2 минут |
Топтардың алдына бүгінгі және ежелгі заттардың суреттері беріледі. Сол суреттерді екі бағанға топтастырады. Оқушылар сабақты қорытындылайды. Бүгінгі сабақтан не білгенін, не үйренгенін айтады. |
Топтастыр Қима суреттер, желім, А3 қағаз |
|||
|
Үй тапсырмасы 1 мин |
«Менің аулымның тарихы» эссе жазу |
|
|||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
|
ежелгі қаланың тұрғындары немен айналысқандарын мысал келтіре біледі; - түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттайды |
Смайликтер, көңілді гүлдер, белгілер, жалаушалар арқылы бағалау |
Сергіту сәті |
|||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
ОМ дұрыс қойылған Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді |
||||
|
Саралау жұмыстары дұрыс жүргізілді Уақыт кезеңдері сақталды Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ |
|||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Топтық жұмыс 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Белсенді оқу әдісі 2: Оқушылардың қол өнер бұйымдарына жарнама жасауы Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген