жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Ежелгі қалалар" 2 сынып дүниетану пәні
Бекітемін: Сағызбаева А
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі қалалар |
Мұғалімнің аты-жөні:Құлынғараева А Күні: 07.02.2019 |
||
СЫНЫП: 2 А
|
Қатысқан оқушылар саны: 16 |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|
Ортақ тақырып |
Дәстүр және ауыз әдебиеті |
|
|
Сабаққанегізделген оқу мақсаттары |
2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы ежелгі қалалар мен ескерткіштерді сипаттау
|
||
Бағдарламаның бөліміне сілте -ме |
3.2 Қазақстанның тарихи тамыры |
||
Күтілетін нәтижелер
Жетістік өлшемдері
|
Оқушылар: -сабақ тақырыбын оқудың өзіндік мағынасын анықтайды -«Ұлы Жібек Жолы», «Ежелгі қалалар» ұғымдарының мағынасын түсіндіре алады -ежелгі қала құрылымы ерекшеліктерінің қандай екенін түсіне алады -ежелгі қалалар қалай пайда болғанын біледі -берілген мәтін мен суреттерден ақпарат алады және оны талқылайды, қорытынды шығарады -ежелгі қаланың тұрғындары немен айналысқандарына мысал келтіре біледі -біздің ата-бабаларымыздың жеткен жетістіктерін мақтан тұтады Оқушы мақсатына жетеді, егер: -ежелгі қалалар қайда пайда болғанын, олардың құрылымын және тұрғындарының немен айналысқандарын білсе; -сабақта ұсынылған ұжымдық, топтық, жұптық жұмысты орындауға белсенді қатысса; Оқушы оқытудың мақсатына жетуге тырысады, егер: -«Ұлы Жібек жолы», «Ежелгі қала» ұғымдарының мағынасын білсе; Сыныптағы ұжымдық, топтық, жұптық жұмысты орындауға қатысса; |
||
Тілдік мақсат |
Ұлы Жібек жолы,Отырар қаласы |
||
Бағалау критерийі |
ұжымдық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||
Ресурстар |
Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және макеттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, микрофон. |
||
Оқытудың әдіс-тәсілдері |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия. «Дирижер» , «Еркін микрофон» әдісі«Терминді түсіндіреміз» әдісі |
||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||
Сабақтың жоспары |
|||
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|
Басталуы 1минут
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Әдеппенен бас иіп, Сәлем бердік біз.
Бүгінгі күн терезеден, Бізге күліп тұр қарап. Сондай жақсы көңіл-күймен, Басталады бұл сабақ.
Топқа бөлу. 1 топ- Археологтар тобы 2 топ- Сәулетшілер тобы 3-топ- Зерттеушілер тобы
|
ресурстар |
|
Жаңа білім Білу және түсіну
8 минут
5 минут
2 минут
10 минут
7 минут
|
-Археолог деген кім?(Өткен сабақпен байланыс) -Ежелгі заман адамдарының мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғалым 1 тапсырма: Түйелерде арқасында жасырылған суреттерді ашып қарап аттарын атау Отырар Сығанақ Сарайшық -Қандай қалалар суреті шықты? -Бұл қалалар туралы естігендерің бар ма?
Болған талай қалалар да халық та, Уақыт көмді бәрін жерлеп табытқа. Болған талай ауылымыз, тайпамыз, Енді соның ізін тауып байқаңыз,– деген аманат қалдырған.
-Бұл қалалар қай жолдың бойында орналасқаны туралы білесіңдер ма? -Бұл қалалар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Ұлы Жібек жолы дегеніміз не? «Терминді түсіндіреміз» әдісі Неге «Ұлы» (ірі,үлкен ) Неге «Жібек» (сауда саттық тауары) Неге «жол» (ірі жол торабы) «Дирижер » әдісі Ұлы Жібек жолы Великий Шелковый Путь GreatSilkway
-Тыңдайық Тыңдалым Видео «Ұлы Жібек жолы» 7 мың шақырымға созылды.Бұл жолмен түйе керуендері Қытайдан Еуропа елдеріне жібек матасын және тағы басқа да тауарлар тасымалдады. Көп жылдардан соң, соғыс зардабынан қалалар жойылды .Теңіз жолдары дамыды. Енді қытайлықтар өз тауарларын теңіз жолдары арқылы шығара бастады. Сөйтіп, Ұлы Жібек жолы тоқтады.
Картаны слайдпен көрсету - Ұлы Жібек жолының сауда керуендері өтетін жолының бойында неге ежелгі қалалар пайда болған? -Керуеншілерге ұзақ жолдан демалуға тоқтап, түйелерін тынықтыру керек болды.Бұндай жерлерде керуен сарайлар салынып, саудагерлер тауарларын сақтайтын.Жергілікті тұрғындар мен саудагерлер арасында сауда –саттық басталатын.Бұл орындарға адамдар келіп қоныстана бастады.Олар саудамен, қолөнермен, жер өңдеумен айналысты. Осындай жолмен қала пайда бола бастаған.Ал, бұл уақытта дамыған қала Отырар одан сайын өсіп, гүлдене түсті. -Сонымен біздің сабағымыздың тақырыбы –Ежелгі қалалар Ежелгі қалалардың ішіндегі қаһарман қала Отырарға тоқталамыз. -Сабағымыздың мақсаты осы Ежелгі қала Отырардың тыныс ,тіршілігі ,дамуы жөнінде болмақ? «Дерижер» әдісі Отырар қаласы Город Отырар Otyrar citi Оқылым Мәтінді оқу. Оқушылар мәтінді іштей оқиды. 4-5 оқушы дауыстап тізбектей оқиды. Қаланың сырты биік дуалмен қоршалған.Қала тұрғындары ондай мықты дуалды жауларынан қорғану үшін соққан. Қалаға дуалдың түнде жабық тұратын үлкен қақпасы арқылы ғана кіретін болған. Қаланың ішінде де билеушінің өз сарайы бар екен. Ертеде арабтар Отырар қаласын «Фараб» деп атаған. Жанында атақты адамдардың үйлері орналасқан. Шет жақтарында саудагерлер мен шеберлер тұрады. Шеберлер мен ұсталар әртүрлі құмыра, ыдыс-аяқ, балта, пышақ, әшекей бұйымдар жасайды екен.Шеберхана маңында шығыс базары бар. Сергіту сәті: Қаланың макетін құрап шығару Айтылым -Қаланың сырты немен қоршалған? -Қай уақытта қамал қақпасы ашық болады? -Күндіз қақпаны не үшін ашып қоятын болған? -Қаланың ішінде нелер бар екен? -Ішкі қамалда не орналасқан? -Қаланың шет жақтарында кімдер тұрған? -Шеберханалар мен ұстаханалар қаланың қай жерінде орналасқан? Жұптық жұмыс «Сурет сыры» картадан Ұлы жібек жолы жүріп өткен жолдарды,қалаларды көрсету,жазу. Қ/б: «Бас бармақ» әдісі
Шыңғысханның жаулап алуы. Видео
Топтық жұмыс Археологтар тобына- Ұлы жібекжолы туралы сұрақтарға жауап беріп, постер қорғау
Зерттеушілер тобына- Отырар қаласының құрылуы,дамуы,құлауы жөнінде постер құрау.
Сәулетшілер-. Ежелгі қала мен бүгінгі қала құрылысының ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыр
Топтық жұмысты бағалау дискрипторымен таныстыру -Топпен жұмыс жасау -Тапсырманы толық орындау -Постер қорғау
Қ/б: «Шапалақ» әдісі |
Суреттер
карта
Мәтіндер
Қала макеті
Музыка
Макеттер
Кескін картамен жұмыс
Постер құрау
Суреттермен жұмыс
|
|
1 минут
|
Талдау Қалыптастырушы бағалау «ИӘ, ЖОҚ»
|
Сигналдық карточкалар арқылы |
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 2 минут |
Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру «Туған жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. Бұл күнде Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы бар. Бүгінгі Отырар қаласының орыны Отырар төбе деп аталады. Ол жер ашық аспан астындағы мұражай болып есептеледі. ХХ ғасырдың 70 –ші жылдары басталған зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Ал, Жібек Жолы қайта жандануда. Батыс Еуропа –Батыс Қытай көлік жолы-халықаралық транзиттік автожолы, өткен ғасырлық Ұлы Жібек Жолының қазіргі заманға лайықталған баламасы.Бұл транзит дәлізін алғаш салу идеясы 2008 жылы 6 ақпандағы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында бекітілді. |
слайд |
|
Кері байланыс Бағалау
2 минут
|
Рефлексия Топқа бөлінген қағаздарындағы сөзерді оқу, «Бұл-менің елімнің тарихы» хормен
«Еркін микрофон» әдісі Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді. -Сабағымызда қойған мақсатымызға жеттік пе? - Сен өткен сабақ туралы не ойлайсың? -Нені үйрендің? -Не ұнады? -Не түсініксіз болды? Оқушыларды бағалау Үйге тапсырма: «Ақылды қала» ,«Ақылды үй» бағдарламасы туралы зерттеу
Бүгінгі күн терезеден, Бізге күліп тұр қарап. Сондай жақсы көңіл-күймен, Аяқталды бұл сабақ!
Сау болыңдар!
|
Топқа бөлінген суреттер
Караоке микрофон |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген