400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ежелгі Қазақстан тарихына шолу 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге көмегін тигізеді. Жас мұғалімдер осы ашық сабақтан әр түрлі әдіс-тәсілдерді түртіп алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Ежелгі Қазақстанға саяхат


Мектеп: Қазақ мектеп-гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні: Сураганов Айдар Аскарович

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаты:

  • Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау;

  • Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктін қалыптасуын сипаттау;

  • Еңбек құралдары мен қару-жарақ түрлерін сипаттау;

  • Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру

Сабақ мақсаты

  • Ежелгі адамдардын өмірін біледі;

  • Шаруашылық пен кәсіп түрлерінің қалыптасуын көрсете алады;

Дискрипторлар

  • Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуына ықпал еткен кем дегенде 3 факторды анықтайды;

  • Еңбек құралы мен оның сипаттамасын және қолдану аймағын сәйкестендіреді;

  • Жібек жолының негізгі бағыттарын көрсетеді;

  • Жібек жолының қалыптасуына әсер еткен экономикалық, саяси, әлеуметтік алғышарттарды анықтайды.


Тілдік міндеттер

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...

Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…

Құндылықтардыдарыту

- өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- жаһандық азаматтық

Пәнаралық

байланыстар

География, дүниежүзітарихы

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ақпарат материалдарын пайдалану.

Алдыңғы білім


Өткен тақырыпты қайталау.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

10 мин




Сабақтың ортасы

70 мин













Ұйымдастыру кезеңі.

Ойын сабақ. Топтарға бөлу: егіншілер мен бақташылар. Сабақ тақырыбы мен ОМ таңыстыру.





Ойын кезеңдері:



  1. «Шаруашылық» станциясы.

Топтар көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуына ықпал еткен кем дегенде 3 факторды анықтайды.

  1. «Еңбек құралдары» станциясы.

Топтар еңбек құралдары мен олардың сипаттамасын сәйкестендіреді. Сұраққа жауап береді: «Қандай құралдармен ежелгі адамдар аңшылыққа, терімшілікке, балық аулауға барған?»

1

бифас

А

Тастан жасалған қыру-кесу құралы, орта палеолитке көп тән.

2

Гарпун

В

Ыдыс, дәнді қабығынан аршуға және үгуге арналған.

3

Бумеранг


С

Адамның алғашқы қолданған құралдарының бірі. Жерді қопсытуға, қазуға пайдаланған.

4

Балта

Д

Тесік, ұя, науаша оюға арналған құрал


5

Садақ

Е

Жебені атуға арналған суық қару

6

Қашау

С

Сабы ағаштан басына тасты байлап бекітетін шабу, жару құралы

7

Қазу таяғы

Ф

Түрі орақ формалы лақтыру құралы, негізінен лақтырылған жеріне қайта ұшып келеді

8

Дән үккіш, түйгіш


К

Су жануарларын аулау қаруы. Найзаға ұқсайды, сүңгісінде артқа қайырылған тістері болады және сабына ұзын арқан байланады.

9

Қырғыш


М

Екі жағы да өткір тас пышақ



  1. «Адамдардың кәсібі» станциясы

Тапсырма: суретке қарап әңгіме құрастыр.

«Бақташылар» командасына



«Егіншілер» командасына



  1. «Жібек жолы» станциясы.

  • Картаны сипатта, жібек жолның негізгі бағыттарын ата.

  • Жібек жолының пайда болуының алғышарттарын экономикалық, саяси, әлеуметтік бағыттарға топтастыр.

  1. «Соңғы» станциясы.

Мәтіннен тарихи қателіктерді тап.

  1. Егін орағы кезі келді. Танапқа алғашқы егіншілер шықты. Өздерінің жалпиған мұрындары мен алға шығып тұрған күшті жақтарымен оларға маймылға ұқсайтын. Қарақұмық масақтарын мыс және темір орақтармен орып жатыр. Егістік қасындағы шарбақтағы жылқылар кісінеп жатыр. Адамдар арасында үрей тараған. Себебі ауылға мамонттар табыны жылжып келеді.

  2. Африка, 2 миллион жыл бұрын. Адамдарға ұқсас маймылдардың тобыры келе жатыр. Аяқ астынан қар жауып кетті. Барлығы тоңып қалды, теріден жасалған киімнің өзі көмектесетін емес. Әйтеуір бір үңгір тауып, соған барлығы тығылды. Барлығы тамыр, жаңғақ, кепкен қара нандарын алып жей бастады.Бір мезетте барлығы қорқыныштан шошып қатып қалды, себебі үңгірге динозавр жақындап қалған болатын. Енді әрі қарай не болады?

Қорытынды шығару.

Жинаған баллдарды санау. Жеңімпазды анықтау. Бағалау.

Мұғалім презентациясы







Таратпа

материалдар















Мұғалім презентациясы




Таратпа

материалдар







Сабақтың соңы

10 мин






Кері байланыс:

  • Қиын болды…

  • Бүгін мен білдім…

  • Қызықты болды…

Үй тапсырмасы. Қосымша ақпарат оқып келу.





Стикерлер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
942
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі