Сыныбы: 6
«Ә».
Пәні: Дүние
жүзі тарихы.
Сабақтың тақырыбы:
§22. Ежелгі Спарта.
Сабақ түрі:
«АС-№2»
Сабақ әдісі:
ББД қалыптастыру.
Көрнекілігі:
карта, слайд.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ежелгі Спарта мемлекеті
туралы түсінік беру.
Өз елінің және өзге елдің
тарихын білетін, елін, жерін қорғай
алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу.
«БжС»
технологиясының
карталарын пайдалана отырып, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
Білім:
тарихи анықтама, терминдер.
Біліктілік:
ауызша және мәтіннен танып білу.
Дағды:
жылдамдық, есте сақтау.
Сабақ барысы
: І. МЖ (тақырып 3 бет, әр бетке 3 мин. – 9
минут беріледі).
ІІ. КС (14 сөз)
ІІІ. КС бойынша
ҚҚС (ООМ бойынша)
ІV. Тест сұрақ (ООМ
бойынша)
V. Т.С.Қ. (5 мин)
І. МЖ (әр бетке 3 мин) Тақырып
3 бет, мәтінмен жұмысқа 9 мин беріледі.
Оқушылар өз бетімен тірек сөздерді
табады.
І.
КІЛТТІК СӨЗДЕР.
1. СПАРТА
2. ПЕЛОПОННЕС
3.
ДОРИЙЛІКТЕР
4. КӨКӨНІСТЕР
5. ЛИКУРГ
6. РЕФОРМА
7. АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ
8. ПАТША
9. АҚСҮЙЕКТЕР
10. МӘЖІЛІС
11. ОЛИГАРХИЯ
12. ҚАЛҚАН
13. НАЙЗА
14. ӘСКЕРИ МЕКТЕП
15. АГЕЛА
16. ИЛОТТАР
17. БАСЫБАЙЛЫ
18. БАҒЫНЫШТЫ
19. ГРЕКИЯ
20. АФИНЫ ОДАҒЫ
21. ПЕЛОПОННЕС
ІІ.
ТІРЕК СӨЗДЕР.
1.
ПЕЛОПОННЕС
2.
ДОРИЙЛІКТЕР
3. ЛИКУРГ
4. РЕФОРМА
5.
АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ
6. МӘЖІЛІС
7.
ОЛИГАРХИЯ
8. ӘСКЕРИ
МЕКТЕП
9. АГЕЛА
10. ИЛОТТАР
11. ГРЕКИЯ
12. АФИНЫ
13. СПАРТА
14.
ПЕЛОПОННЕС СОҒЫСЫ
Жаттайды, есіне сақтауға 1
мин. 15 секунд беріледі, қайта жаңғыртып,
дәптерге жазуға 1 мин. 15 секунд. ООМ
бойынша тексеріледі.
III. ҚАРАМА
- ҚАРСЫ СҰРАҚТАР.
1. Спарта мемлекеті қай аймақта
орналасқан?
(Спарта мемлекеті Балқан түбегінің
оңтүстік бөлігіндегі Пелопоннес
аймағында орналасқан).
2. Дорийліктер оңтүстік Грекия
жеріне қаншасыншы ғасырда басып кірді?
(б.з.б. XII ғасырда).
3. Дорийліктер қай жерді жаулап алды?
(Лакониканы).
4. Дорийліктер Мессения алқабын
нешінші ғасырда басып алды? (б.з.б. VII
ғасырдың ортасында).
5. Дорийліктер өздерін қалай
атады? (Дорийліктер өздерін басты
қаласы Спартаның атымен спарталықтармыз
деп атады).
6. Лаконика мен Мессенияның барлық жерін
қайтті?
(Лаконика мен Мессенияның
барлық жері спарталықтарға теңдей
бөлініп берілді).
7. Ликургтың реформасы
қаншасыншы ғасырларда жасалды? (б.з.б.
IX – X
ғасырларда атақты заңгер Ликург реформа
жасады).
8. Ликург неге тыйым салды?
Не себепті?
(Ликург спарталықтарға сауда, қолөнер
және жер өңдеумен айналысуға тыйым
салды. Себебі спарталықтар тек қана
әскери жаттығулармен, соғыс өнерімен
айналысуға тиісті болды).
9. Спартадағы жоғарғы ұйым?
(Спартадағы жоғарғы ұйым ақсақалдар
кеңесі болды).
10. Ақсақалдар кеңесінің құрамы қанша
адамнан тұрды? (30 адамнан тұрды. Олардың
екеуі патша, 28-і ауқатты ақсүйектер
болды).
11. Халық жиналысы қанша рет
болды? (Халық жиналысы айына бір рет
жиналып, мәжіліс құрған).
12. Халық жиналысында қандай
мәселелер қаралды? (Онда соғыс,
бейбітшілік және аса маңызды мемлекеттік
мәселелер қаралып, шешіліп отырған.
Сонымен бірге заңды бұзған тәртіпсіздерді
жазаға тартып соттаған).
13. Өкімет билігі туралы айтып
бер.
(Спартада өкімет билігі патшаның қолында
болды. Ол әскербасы болып есептелінді.
Сондықтан соғыс кезінде спарталықтар
патшаға мүлтіксіз бағынды).
14. Спарта мемлекетін кім
басқарды?
(Спарта мемлекетін ауқатты
шонжарлардан тұрған азғана адамдар
басқарған. Оны олигархия деп атайды).
15. Олигархия деген не?
(Олигархия – грек сөзі, аз адамдардың
билеуі деген мағынаны білдіреді).
16. Жаңа сөздерді атап бер.
(Илоттар, Ликург, олигархия, әскер
мектеп).
17. Әскерге кімдер алынды?
(Қару – жарақ асынуға жарайтын
спарталықтардың бәрі әскерге алынды).
18. Заң бойынша спарталықтар немен
айналысуға тиісті болды? (Әскери іспен
ғана айналысу керек болды).
19. Спарталық жауынгерлердің негізгі
қаруларын атап бер. (Спарталық
жауынгерлердің негізгі қаруы қалқан
мен найза болды).
20. Әскери мектеп қанша кезеннен
тұрды? Атап бер.
(Әскери мектеп екі кезеннен
тұрды. Бірінші кезең 7 жастан 12 жасқа
дейін, ал екінші кезең 13-тен 18 жас аралығын
қамтыды).
21. Ер балалардың 12 жасқа дейін оқитын
жері қалай аталды? (Ер балалардың 12
жасқа дейін оқитын жері Агела деп
аталды).
22. Мектептің тәртібі туралы айтып бер.
23. Илоттар дегеніміз кімдер?
(Сарталықтар жаулап алған жерлеріндегі
жергілікті халықты құлдықта ұстады.
Оларды илоттар деп атады).
24. Илот сөзінің мағынасын түсіндіріп
бер. (Илот сөзі - басыбайлы, бағынышты
деген мағынаны білдіреді).
25. Грекия жерінде қандай
мемлекеттер болды? (Афины мен Спарта
мемлекеттері болды).
26. Афины одағы туралы айтып
бер. (Афины одағына Аттика аймағы мен
солтүстік Грекияның бір бөлігі кірді).
27. Пелопоннес одағы туралы
айтып бер. ( Пелопоннес одағына оңтүстік
Грекияның мемлекеттері кірді. Бұл одақты
Спарта басқарды).
28. Афины мен Спарта арасындағы
соғыс қаншасыншы ғасырда болды? (б.з.б.
V ғасырдың екінші жартысында ірі соғыс
болды).
29. Афины мен Спарта арасындағы
соғыс қанша жылға созылды? (30 жылға
созылды).
30. Соғыстың нәтижесі қандай
болды? (Нәтижесінде Грекия күйзеліске
ұшырады).
ІV. Тесттік жекпе - жек (ООМ бойынша)
(Оқушылар ООМ бойынша бір - біріне сұрақ
қояды).
V. Т.С.Қ. (5 мин).