жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Екі айнымаласы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
|
Мектеп: №7 Спатаев атындағы мектеп лицейі |
||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Утегенова Қызайхан Онгарбековна |
||||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
Сабақтың тақырыбы: |
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері |
||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;
|
||||||
Сабақтың мақсаты |
- мәтінді есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шешудің тәсілдерін білу; - есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құру; -теңдеулер жүйесін пайдаланып мәтінді есептерді шығару; |
||||||
Бағалау критерийі |
- мәтінді есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шешудің тәсілдерін тұжырымдайды; - есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады; - теңдеулер жүйесін пайдаланып мәтінді есептерді шығарады; |
||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология мәтін, айнымалы, жүйе, сызықтық,теңдеу,тәсіл,сызықтық емес теңдеулер; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - -Мәтінді есептер деп..... -Теңдеу дегеніміз не? -Теңдеулер жүйесін шешудің қандай тәсілдерін білесіңдер? -Сызықтық теңдеу мен сызықтық емес теңдеулердің ұқсастығы мен айырмашылығы? -Қандай жағдайда жаңа айнымалыны енгізу тәсілі қолданылады? -Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің бір ғана шешімі бола ма? |
||||||
Құндылықтарға баулу |
Оқушыларды ынтымақтастыққа,шапшандыққа тәрбиелеу. Бір-біріне көмектесу, ойымен санасу |
||||||
Пәнаралық байланыс |
Информатика |
||||||
Алдыңғы білім |
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері ( қосу,алмастыру,графиктік тәсіл) біледі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін және сызықтық емес теңдеуді шеше алады. |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы
2 минут
5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы 7 минут
5 минут
4 минут
4 минут |
I.Ұйымдaстыру кeзeңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу; Ынтымақтастық атмосферасын «Ыстық алақан» арқылы қалыптастырамын.. Шеңбер құрып тұрады. Алақан жылуы арқылы бір-біріне жақсы тілектер тілейді; Оқушыларды геометриялық фигураларды таңдау арқылы 4 топқа бөлемін
II. Үй тапсырмасын тексеру Үйге берілген тапсырманы шарты бойынша «Сәйкестендіру» арқылы тексеремін. Тапсырма №50 теңдеулер жүйесін шешіңдер:
а)
«Миға шабуыл» арқылы оқушыларға проблемалы тапсырма беру арқылы жаңа сабақ мақсатын ашамыз. (тапсырма интербелсенді тақтада көрсетіледі) Тапсырма: Егер тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен 4 есе артық және ауданы өлшемі бойынша периметрге тең болса, онда тіктөртбұрыштың ауданын табыңыздар.
Жаңа тақырыпты түсіндіру: Есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығарғанда келесі алгоритмді қолдану қажет: -есептің шартын талдау; -берілген шамаларды әріптермен белгілеу; -берілген әріптер арқылы берілген шаманы өрнектеу-теңдеулер жазу және олардан жүйе құру; -жүйенің шешімін табу; -есептің берілгені бойынша жүйе шешімдерінің қайсысы есептің берілгенін қанағаттандыратынын зерттеу. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы шығарылатын есептерге мысалдар қарастырамыз.
Топтық жұмыс: Оқулықпен жұмыс: оқулықтағы №63-66 есептер топтарға тапсырма ретінде беріледі: 1 топ. Ауданы 72 см2 , ал периметрі 36 см болатын тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар? 2 топ. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 13 см. Егер бір катеті екінші катетінен 7 см артық болса, онда тікбұрышты үшбұрыш катеттерінің ұзындықтарын табыңдар? 3 топ. Екі санның арифметикалық ортасы 7-ге, ал квадраттарының айырымы 14-ке тең. Осы екі санның квадраттарының қосындысын табыңдар? 4 топ. Жер телімі ұзындығы 40 м болатын тікбұрышты шарбақпен қоршалған. Жер телімінің ауданы 96 м2.Жер телімінің ұзындықтарын табыңдар. Дескриптор: -есептің шартын талдайды; - теңдеулер жүйесін құрады; -жүйенің шешімін табады; «Басбармақ» арқылы бағалаймын. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, сараланған тапсырмалар беремін.
Белсенді оқытудың «Жұптық жұмыс» жұппен жұмыс жасатамын № 107-110 есептерді шығарады (әр топ оқушылары есептерді жұптасын шығарады да, шыққан жауапты топта талдайды, барлығы болған соң ең қиын, ең қажетті деген есепті тақтада шығарылады) №107 Тік төртбұрыштың ені ұзындығынан 3 см қысқа, ал олардың қосындысы 27 см. Тік төртбұрыштың ауданын табыңдар. №108 Бақта жұмыс істеп жүрген Нұрлан мен Самат қалталарына алма салып шықты. Олар көшеде Берікті кездестіріп, Нұрлан оған бір алмасын, ал Самат 2 алмасын беріп еді, үшеуінің алмаларының саны бірдей болды. Нұрлан мен Саматтың әрқайсысы бақтан неше алмадан алып шыққан? №109 Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 10 см, ал катеттерінің қосындысы 14 см. Осы үшбұрыштың ауданын табыңдар? №110 Екі таңбалы санның бірінші цифры оның екінші цифрынан 4-ке артық, ал осы цифрлардың көбейтіндісі 21-ге тең. Осы екі таңбалы санды жазыңдар. Дескриптор -есептің шартын талдайды; -берілген шамаларды әріппен белгілейді; -теңдеулер жазады және олардан теңдеулер жүйесін құрады; -жүйенің шешімін табады; Ауызша мақтау,мадақтау арқылы бағалаймын Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сараланған тапсырма әзірлеу;
«Сұхбат»әдісі арқылы кеспе қағаздарында берілген деңгейлік тапсырмаларды таңдап алып, берілген тапсырманы жұптасып орындайды. Оқушыларды алақан әдісі арқылы бағалаймын Оқушылардың деңгейіне байланысты тапсырмалар бермін |
Слайд 1
Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық Әбілқасымова А., Бекбоев. И., Абдиев А., Жұмағұлова З «Мектеп» баспасы 2009 ж
Слайд 2
Слайд 3
Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық Әбілқасымова А., Бекбоев. И., Абдиев А., Жұмағұлова З «Мектеп» баспасы 2009 ж
Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық Әбілқасымова А., Бекбоев. И., Абдиев А., Жұмағұлова З «Мектеп» баспасы 2009 ж
Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық А.Н. Шыныбеков Алматы«Атамұра» баспасы 2013 ж
Кеспе қағаздары Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық Әбілқасымова А., Бекбоев. И., Абдиев А., Жұмағұлова З «Мектеп» баспасы 2009 ж |
|||||
Сабақтың соңы 3 минут
3 минут
2 минут |
Сабақты қорытындылау: Сұрақ-жауап арқылы. 1.Мәтінді есептерді қалай шығаруға болады? 2. Мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға бола ма? 3.Мәтінді есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығаруға бола ма?
Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі арқылы жасалады ҚЫЗЫЛ-мен тығырыққа тірелдім, ештеңе түсінбей қалдым САРЫ-мен түсінемін, бірақ барлығын емес ЖАСЫЛ-мен жақсы түсіндім және басқағада түсіндіре аламын
Үйге тапсырма: №68 есеп
|
Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық Әбілқасымова А., Бекбоев. И., Абдиев А., Жұмағұлова З «Мектеп» баспасы 2009 ж |
|||||
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? -оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, сараланған тапсырмалар беремін. -оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сараланған тапсырма әзірлеу; ---оқушылардың деңгейіне байланысты тапсырмалар бермін -әр оқушыға күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын саралау тәсілі бойынша тапсырмалар беремін
|
Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Өзін - өзі бағалау «Басбармақ» әдісі Бірін-бірі бағалау Оқушыларды алақан әдісі арқылы бағалаймын Ауызша мақтау,мадақтау арқылы бағалаймын
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары қолжетімді ма?
Оқушылар бүгін не үйренді?
Сабақтағы ахуал қандай болды?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
Уақыт есебінен ауытқу болды ма?
Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді? |
Өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз. Сол жақтағы сіздің сабағыңызға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
|
|||||||
Жалпы бағалау
Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1:
2:
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
|
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген