400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі 9 сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жаңартылған білім мазмұны бойынша 9 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.1. Мектеп: №173

Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Алтаева Карлыгаш Амангельдиевна

Cынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.2.4 – екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздік тер жүйесін шешу

Сабақ мақсаттары

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін графиктік әдіспен шешеді

Ойлау деңгейлері

Білу. Түсіну. Қолдану.

Бағалау критерийі

  • Сызықтық және сызықтық емес функциялардың графигін салады;

  • Графиктердің теңсіздіктерді қанағаттандыратын аймақтарын анықтайды;

  • Графиктердің қиылысуы негізінде теңсіздіктердің ортақ шешімдер жиынын көрсетеді


Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қатаң , қатаң емес теңсіздік. Парабола, кубтық парабола, гипербола, түзу. Парабола төбесі, парабола тармағы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Екі тарапқа ортақ шешім дегенді қалай түсінеміз?

  2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздікті қалай шешеміз?


Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. /тауардың қажеттілігі мен қолжетімділі аймағын анықтау/

Пәнаралық байланыс

Экономика . /тауардың қажеттілігі мен қолжетімділі аймағын анықтау/

Геометрия/ сақинаның ауданы/

Алдыңғы оқу

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктерді шешу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Сәлемдесу. Топқа бөлу.

І, ІІ, ІІІ, ІV, V жетондары негізінде бес топқа бөлінеді

Топқа бөлуде қабілеті жоғары бес оқушы ортаға шақырылып, алғашқы І, ІІ, ІІІ, ІV, V жетондары беріледі. Қалған оқушылар өздеріне сәйкес келген жетон бойынша топқа бөлінеді.

Мұғалімнің сұрағы:

  1. Екі тарапқа ортақ шешім дегенді қалай түсінеміз?

  2. Қандай қисықтарды танимыз?

Оқушылар атап өтеді.

Резеңке көмегімен ақпаратты жаңғырту жаттығуы ойнатылады.

ИТ арқылы функцияның аналитикалық түрі көрсетіледі. Берілген функцияларға сәйкес графикті топ болып резенке көмегімен көрсету сұралады. Барлық топ бір уақытта орындайды.

  1. y=3x -Түзу

Миға шабуыл.

Тапсырманың мақсаты оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру, суреттер негізінде оқушының алдыңғы біліміне сүйеніп, жаңа тақырыпқа ой тастауға бағытталған.

Shape1


Shape2





Тапсырма:

  1. 1,2 суреттерге сәйкес сызықтық емес теңсіздіктерді құрастыру;

  2. 3 суретте қандай теңсіздіктердің қиылысуы негізінде пайда болуы мүмкін?


Осы сұрақтар негізінде жаңа сабақтың тақырыбын анықталады.

Сабақ тақырыбы мен мақсаты оқушылармен бірге айқындалады.



Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық.

Г.Н. Солтан, А.Е. Солтан, А.Ж. Жумадилова, С.Ш. АлибековА

«Келешек» баспасы.


І, ІІ, ІІІ, ІV, V жетондары












Слайд

Сабақтың ортасы

9 минут






















8 минут






















6 минут


















Пазл әдісі. Топтық жұмыс.

Топқа бөлінгендегі жетондардың екінші бетінде екі айнымалысы бар 4 теңсіздік және қабілеті жоғары оқушыға арналған арналған 1 теңсіздіктер жүйесі беріледі. Әр оқушы өзіне берілген теңсіздікті ң шешуін миллиметровкаға орындайды. Топта әр жұмыс тексеріледі, талданады. Дайын жұмыстар бір постерге орналастырылады. Топтар өз жұмыстарын алдарындағы ноутбук арқылы геогебра бағдарламасында тексереді. Әр топта неше жұмыстың дұрыс болғандығы сұралады.

Тапсырманы орындау арқылы жаңа тақырыпты тұжырымдайды, шығару алгоритмі анықталады.



Жұптық жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

№143

сандар жұбы қай теңсіздіктер жүйесінің шешімі болады

А) Ә)

Есеп ИТ-да геогебра бағдарламасында орындалады. Тақтаға көзделген оқушы шығарылады

















Жауабы: сандар жұбы қай теңсіздіктер жүйесінің шешімі болады

Жауабы



№144 Жауаптары бірнеше оқушыдан ауызша сұралады. Picture 3

Жауабы: A)

Ә)


«5 минутым болса...» әдісі арқылы кері байланыс алынады



Тапсырма мәтіні: Мектеп асханасында кондитер бәліштер мен тоқаштар пісіреді. Қойманың көлеміне қарай бір күнде екеуін қоса алғанда 700 өнімнен артық болмайтын өнім пісіруге болады. Кондитерлік цехте жұмыс күні 8 сағатты құрайды. Егер тек қана бөліштер пісіретін пісіретін болса, онда күніне 250-ден артық емес. Егер бәліш пісірмей тек қана тоқаш пісіретін болса, онда күніне 1000-нан артық емес өнім дайындауға болады. Дайын өнімнің бағасы белгілі. Кондитер оған ең көп пайда пайда әкелетіндей бір күндік жұмыс жоспарын қалай ұйымдастыруға болады?

IDEAL әдісі.

І-Мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтау;

D- проблеманы сипаттау;

E-проблеманы сипаттау шешу жолдарын анықтау;

А-проблеманы шешу үшін әрекет жасау/мәселені шешу жолын көрсету

L-қорытынды жасау

І-Мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтау;



D- проблеманы сипаттау;



E-проблеманы сипаттау шешу жолдарын анықтау;




А-проблеманы шешу үшін әрекет жасау/мәселені шешу жолын көрсету




L-қорытынды жасау





https://www.geogebra.org/










http://rpp.nashaucheba.ru/docs/index-47468.html сайтынан алынған тапсырма

Сабақтың соңы

7 минут

Қалыптастырушы бағалау

Бөлім тақырып

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі

Оқу мақсаты

9.2.2.4 – екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздік тер жүйесін шешу

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу. Түсіну. Қолдану.Талдау

Бағалау критерийлері

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін графиктік әдіспен шешеді

Тапсырма


  1. Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешіңдер?

А) Ә)

2. График бойынша теңсіздіктер жүйесін құру

А) Ә)


Бағалау критерийі

Дескриптор

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін графиктік әдіспен шешеді

1.Сызықтық және сызықтық емес функциялардың графигін салады; 1ұ

2.Графиктердің теңсіздіктерді қанағаттандыратын аймақтарын анықтайды; 1ұ

3.Графиктердің қиылысуы негізінде теңсіздіктердің ортақ шешімдер жиынын көрсетеді 1ұ

4. График негізінде екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін құрады. 2ұ


Дебрифинг әдісі арқылы сабақты қорытындыланады. Сабақта не ұнағаны не ұнамағаны сұралады. Сабақ бойынша ұсыныстар жинайды және сабақты қорытып, игерген білімді оқушылардың әрі қарай өз бетінше тереңдетуіне бағытталады.

  1. Үйге тапсырма №124,126.

  2. Геогебра бағдарламасында графиктер негізінде түрлі тақырыптағы сурет салу


Жаттықтырғыш. Алгебра 9 сынып. Бастапқы деңгей

Г.Н. Солтан, А.Е. Солтан, А.Ж. Жумадилова



















































Саралау

  1. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

  2. Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау.

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырманы саралау: пазл әдісінде орындалатын тапсырмалар алдыңғы білімге сүйене отырып орындауына бағытталған. Сабақ барысында түрлі функция графиктері қарастырылатындай тапсырмалар алынған. Теңсіздіктерді график әдісімен шешу және оған кері амал есептері берілген. Идеал әдісінде орындалатын тапсырма білімді талдау деңгейінде игеруге мүкіндік береді.

Дереккөздерді саралау:

жаңа сабақтың тақырыбын айқындау мақсатында фотолар негізінде берілді.

Тапсырма




Қауіпсіздік техникаласы ережелері





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
27 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
3766
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі