400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ. Екі өрнектің квадраттарының айырымын көбейткіштерге жіктеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қобда гимназиясының математика

пәні мұғалімі Аязбаев Абай Аипович

e-mail: abai.a93@bk.ru

ұялы телефоны: +77059199841















Сабақтың тақырыбы:

Екі өрнектің квадраттарының айырымын көбейткіштерге жіктеу





































Күні: 18.01.2018 ж.


Тақырыбы:

Екі өрнектің квадраттарының айырымын көбейткіштерге жіктеу

Сыныбы: 7

Мұғалімнің аты-жөні: Аязбаев А. А.

Қатысушылар саны: 23

Қатыспағандар: 0

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.10

қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану;

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар:

Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласын пайда-ланып, ол формуланы өрнектерді ық-шамдауда қолдана білу бейімділігін қалыптастыру

Оқушылардың басым бөлігі:

Көпмүшелерді көбейткіштерге көрсетілген формулаларды кері тәртіпке қолдана білу қабілетін қалыптастыру,оқушылардың шығар-машылық ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету

Кейбір оқушылар:

Тақырып бойынша мысал келтіреді, оны шешеді, өз сөзімен баяндайды, қорытынды жасайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Екі өрнектің квадраттарының айырымының формулалары танып біледі;

Екі өрнектің квадраттарының айырымының формулалары туралы түсінік қалыптасады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

есеп шығару кезіндегі білім дағдыларының қалыптасуына көз жеткізеді

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Топқа бөлу барысында жағымды психологиялық ахуал тудырамын.

Балалармен бірге топ ережесі құрылады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлыққа, ынтымақтастыққа баулу

Пәнаралық байланыс

Геометрия, физика, география.

Алдыңғы білім

Екі өрнектің қосындысы мен айырымының квадраттары

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

(15 минут)

Психологиялық ахуал қалыптастыру және үй жұмысын тексеру:

Оқушылар шеңбер құрып, сұрақтар салынған контейнерді сағат тілі бойымен мұғалім «STOP» сөзі айтылғанға дейін айналдырады. Белгілі бір оқушыға тоқтаған кезде қолындағы контейнерді ашып үй тапсырмасы бойынша құралған бір сұрақты алып, жауап береді.


Топқа бөлу:

4 топ басшысы сайланып, алдарына барлық оқушылардың аттары жазылған контейнер ұсынылады. Топ басшылар контейнерден оқушыларды кезектесіп таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.


Сабақтың мақсатын құруды оқушыларға тапсыру.

Әр топ тақырыпқа сәйкес өздерінің алдына қойған мақсаттарын айтып шығады.


Сабақтың ортасы:

(20 минут)


Мұғалім оқу материалын қосымша ресурстар арқылы түсіндіруді ұйымдастырады.


Жаңа тақырыпты түсіндіру: екі өрнектің квадраттарының айырымы олардың айырымы мен қосыныдысының көбейтіндісіне тең.

(а-в)(а+в)=а22 немесе а22=(а-в)(а+в)

(а-в)(а+в)= а2 +ав – ав в2 = а2 в2


1-жаттығу.

Теңдік орындалатындай етіп бос орындарды бірмүшелермен толтырыңыз.


Дескриптор

Білім алушы:

  • Қысқаша көбейту формуласын қолданады;

  • Бос орындарды бірмүшелермен толтырады.


2-жаттығу.

а22=(а-в)(а+в) теңдігін сипаттайтын суретті таңдаңыз:

Дескриптор

Білім алушы:

  • а22=(а-в)(а+в) теңдігін сипаттайтын суретті табады.




3-жаттығу. Теңдеуді шешу:

  1. (x+2)(x2)–(x3)x = 2


  1. (y+3)(y3) =


Дескриптор

Білім алушы:

  • Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласын қолданады;

  • Ұқсас мүшелерді біріктіреді;

  • Теңдеудің шешімін табады..


Профессордың бақшасы қаншаға артық? (bilimland.kz сайтынан видеоролик ұсыну)


4-жаттығу.

Квадраттардың айырмасын есептеңіз. Калькуляторды қолданбаңыз!

Дескриптор

Білім алушы:

  • Екі өрнектің квадраттарының айырымын есептейді.

bilimland.kz

видеороликтер көрсету



5-жаттығу.

Шаршы тәрізді екі үстелге қараңыз. Ашық түсті үстелдің ауданы қара түсті үстелдің ауданынан қаншаға артық?        


Дескриптор

Білім алушы:

  • Ауданның формуласын қолданады;

  • Үстелдердің ауданын қысқаша көбейту формуласына келтіреді;

  • Ашық түсті үстелдің ауданы қара түсті үстелдің ауданынан қаншаға артық екенін есептейді .


Сабақтың соңы:

(5 минут)


Карточкамен жұмыс:

Тең өрнектерді сәйкестендіріңіз.


Дескриптор

Білім алушы:

  • Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласын қолданады;

  • Тең өрнектерді с»йкестендіреді.;





Рефлексия:

Оқушылар мақсатқа қаншалықты жеткендігі туралы мұғалімге мағлұмат береді.

Мұғалім оқушымен кері байланыс жасайды.


Үйге тапсырма: 5.2.2 оқу, №5.35, №5.38



Кеспе қағаздар, стикерлер.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек (қолдау) көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Анағұрлым қабілетті

оқушыларға

жаттығуларды

күрделендіруді қалай жасайсыз?

Бағалау-оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс.

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері.

АКT байланыстары.

Құндылықтардағы

байланыс.


Фармативті бағалау, бір-біріне түсіндіру және дұрыс нәтижеге бағыттау әдістері арқылы қосымша көмек көрсетемін. Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау. Сабақтағы жылдамдық (темп) бойынша саралау.

«Бармақ» әдісі бойынша, «Плюс-минус-қызықты» әдісі бойынша бағалау және критерий бойынша өзін-өзі бағалау немесе бірін-бірі бағалау.

Геометрия (геометриялық фигуралар), физика (өлшем бірліктер), география (ауданын табу).

Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға жазыңыз. (Сол жақтағы бағанада келтірілген сұрақтардың арасынан Сіздің сабағыңызға сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз)


Қорытынды бағамдау:


Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
997
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі