400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ экология негіздері мектепалды сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
МАД мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: «Әлеумет» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері

ТАҚЫРЫБЫ: Біз табиғатты қорғаймыз

Мектеп/МҰ: Жамбыл орта мектеп

Күні: 16.01.2019

Педагогтің аты-жөні: Кусайнова Жанна

Сынып/топ: МАД «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.2.2.2 Экологиялық тəуелділікті түсіндіру; адамның табиғатпен байланысын жəне өзара əрекетін анықтау

Болжамды нəтиже


Барлық балалар:

*табиғатты қорғау керектігін түсінеді;

*табиғаттың көркеюіне қажетті жағдайларды атап бере алады; *ұйымдастырылған қызметін зерттеу тақырыбын анықтай алады;

Көпшілік балалар:

*табиғаттағы қауіпсіздік шараларын біледі *табиғаттағы өсімдіктерге мен жануарларға не қажет екенін айтып бере алады

*табиғатқа пайдалы іс-əрекеттерді атауды

Кейбір балалар:

*табиғатты қорғау не үшін керек екенін айтып бере алады;

* табиғаттың адам өмірі үшін маңызын айтып береді.

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

Өзінің жинақтаған білімінің нəтижесінде балалар осы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын, танымдық іс-əрекетінің мақсатын анықтайды. Талқылау кезінде «Неге?», «Бұл немен байланысты?», «Егер..., не болады?» деген сұрақтарды пайдалану

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: зерттеу тақырыбы, сұрақтар, табиғатты қорғайық, өрт қауіпсіздігі, табиғатты аялайық

ҰОҚ-да диалог/хат үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Табиғатты қорғау не үшін қажет?

Табиғатқа пайдалы жəне зиянды іс-əрекеттер?

Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-əрекет жасадың ?

Өткен ұйымдастырылған оқу қызметінде алған білім

Табиғат туралы қарапайым түсініктер; табиғатты қорғау жəне табиғатты сақтап қалу, пайдалы іс-əрекеттерге біршама тəуелділігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

I. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2мин.















II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3-5 мин





















III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс


6 – 27 мин
















(Ұ) Шаттық шеңбері

Осы біздер қандаймыз? Талабы биік таудаймыз. Ақылдымыз, көңілдіміз, Көп білуге құштармыз, Өнерліміз, Жанып тұрған шырақпыз! Елімізді, табиғатты қорғайтын, Біз қазақ елінің болашағымыз!

-Балалар бізге қандай оқу қызметі? - Экология негіздері

-Енді тақтаға назар аударайық. Тақтадағы суреттердің атауын атап, бастапқы әріптерін жазып шыгуымыз керек. Суреттердің атауын атайық. Сонымен қандай сөз шықты, оқиық. Ребусты шешуі: табиғат. Рисунок 31 Табиғат дегеніміз не? Бізді қоршаған орта Олай болса, бейнатақтаға назар аударайық. -Осы табиғат нешеге бөлінеді? -Екіге. Жанды және жансыз табиғат -Жанды табиғатты атайықшы? (адам, өсімдік, жануар) -Жансыз табиғатқа нелер жатады? (ауа, су, топырақ, тау, күн, тас) -Олардың айырмашылығы неде? (өседі, өнеді, көбейеді, өледі) (өспейді, өнбейді, көбеймейді, өзгермейді) Бүгінгі оқу қызметінде отырғандарыңыз бойынша топқа бөлейін, топтарыңызға ат берейін.

1топ жанды табиғаттың бір бөлшегі «Гүл» тобы болсын. 2 топ «Күн» тобы болайық Рисунок 32

Рисунок 33 Әліппе дәптерімізді ашайық

1 тапсырма (Ұ) Табиғатты қорғау не үшін қажет?

Табиғатқа пайдалы жəне зиянды іс-əрекеттер?

Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-əрекет жасадың?

Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?

Табиғат – адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы.

Табиғатқа қамқорлық жасау – əрбіріміздің міндетіміз. Табиғаттың əрбір бөлшегі – адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына,адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі.

Педагог суреттерге назарларын аударады, балалардың табиғатты қорғау, табиғатты аялау туралы не білетіні, олардың маңызын, қорғаудың амалдарын, қажетті жағдайларды атап бере алу іскерліктері.

Қорытынды:

Күнделікті ішіп жеген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дəріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз. Осылардың бəрі жомарт табиғаттың бізге тартқан сыйы. Сондықтан да біз оны аялап, қорғап жүруіміз керек.

Табиғатты қорғау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі? Педагог балаларға өздерінің болжамдарын дəлелдеп беруге ұсыныс жасайды. Рисунок 34

Талдап қорыту: табиғатты дұрыс мақсатта пайдалану, табиғаттың адам өміріндегі рөлін түсіну.ағаштарды сындырмау, өсімдіктерді бейберекет жұлмау, ормандағы ағаштарды өрттен сақтау.

(Ұ) Өзекті мəселелер.

Педагог балалардың сұраққа жауап беруін сұрайды. Табиғат – тіршілік тірегі. Табиғаттағы ағаштар, өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жояды, ауаны тазартады. Адам табиғаттан өзіне қажетті барлық заттарды алады. (Қорғау керек). Əр топтың алдына «Қорғау» деп жазылған плакат беріледі. Балалар қалай қорғау керек екендігін айтады. (Ұ) «Табиғатты аялайық» ойыны.

Əр бала жанды табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелеп, тыйым сөздерді айтады

Суды, ауаны ластама Суды босқа ағызба

Орманда от жағып, қоқыс тастама

Өсімдіктерді жұлма

Бұлақты былғама

Көкті жұлма

Ағашты сындырма

Суға түкірме

Суды ылайлама

Құмырсқаның илеуін бұзба

Аққуды атпа

Құстың ұясын бұзба

(Ұ) Сергіту сəті.

Жас ғалым видеосын көрсету.Жас ғалымның «Бөлме гүлдеріне» жүргізген бақылауын көрсету. Рисунок 35 Жас ғалымның жұмбақтар жасыруы Асиф: - Сәлеметсіздерме, балалар! Мен бүгін жас ғалым Асиф Мұхамбетұлы жас зерттеуші ғалым Аягөз Жұмабекқызымен біргемін. Аягөз Жұмабекқызы бүгінгі зертханадағы тәжірибеде нені зерттейміз.

Аяягөз-Асиф сен бір нәрсені ұмыттың?

Асиф-Ол не екен?

Аягөз-Тәжірибе жүргізу барысында алдымен қауіпсіздік ережелерін есте сақтау керектігін?

Асиф-Жарайды. Олай, болса балалар да есте сақтасын еске салып жіберейік.

Аягөз-Балалар, зертханада тәжірибе жұмысын жүргізу барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң есте сақтауымыз керек. Алдымен арнайы киім кию, химиялық заттарды иіскемеу, өткір заттармен жұмыстанбау, сіріңкені тұтатып жақпау (тек үлкендердің көмегімен жұмыстану) керек

Асиф-Дұрыс айтасыз, Аягөз Жұмабекқызы. Балалар тәжірибе барысында айтылған қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтайық.

-Қайырлы күн, балалар. Балалар сіздермен тәжірибе жасауға мен дайын.

Жұмбақтар

Еш тесікке тұрмайды, Ол жоқта жер құрғайды. (су)

Аспанда бір айна бар, Әлемді көріп айналар (Күн)

Күндіз әйнегі сынады, Түнде орнында тұрады. (ай)

Өзі сондай нәзік, Су құйсаң кетеді, Алақанын жайып.(гүл)

Суда өседі, өнеді, Сыртқа шықса, өледі. (Балық)

Рисунок 36

«Табиғатты қорғау» тақырыбында сурет салу. Мақ Ер – еліне, гүл – жеріне

Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы

Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті

Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады

Бір тал ексең, он тал ек



Табиғат туралы өлеңдер жинағы.
























Табиғаттың суреттері (флипчартқа шығару).














Табиғаттың суреттері.







«Орман-тоғайларды қорғайық» бейнетаспасы.

Табиғатты қорғауға шақыратын бейнетаспа көрсету.

Музыкалық сүйемелдеу



Əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар




IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин.

(Ұ, Ө) Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі: Табиғатты қорғау жəне аялау бүкіл тіршілік атаулы үшін маңыздылығы зор. Табиғатта қорғау амалдарын жасау қоршаған ортаның жойылып кетпеуіне, оған деген қамқорлық таныта білуге көмектеседі.

Рефлексивті бағалау. Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: ағашты əртүрлі түспен бояйды.

1-деңгей – ештеңе түсінбедім – діңін қоңыр түспен бояу.

2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – жапырақтарын жасыл түспен бояу.

3-деңгей – бəрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жапырақтарын жасыл, діңін қоңыр түспен бояу.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
2220
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі