400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ экология сабағынан тақырыбы:«Қысқы еңбек».

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қыс мезгілінде орындалатын еңбек түрлері туралы түсініктерін толықтыру. Қысқы еңбек түрлерінің пайдасын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: «Қысқы еңбек»
Мақсаты: Білімділік: балалардың қыс мезгілінде орындалатын еңбек түрлері туралы түсініктерін толықтыру. Қысқы еңбек түрлерінің пайдасын түсіндіру.

Дамытушылық: сурет бойнша әңгіме құрастыруды өмірмен байланыстыра білуге үйрету, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: қысқы еңбектің пайдасын түсіндіру арқылы еңбексүйгіштікке баулу.

Көрнекіліктер: Қысқы еңбек суреттері, құстың үйшігі А3 формат, желім, салфетка, қызыл түсті гүлдер, гүлсауыт қызыл және көк түстті және мақта.

Сөздік жұмыс: Еңбек, күрек,айыр,

Іс- әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық:


Шаттық шеңберге түрғызу.
Жарқырап күн ашылды,
Айналаға нүр шашылды,
Алтын сәуле мейірім
Бақшамызға тарайды
Қарсы алайық маңайды
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, конактар!

Балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрып, шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдастыру-

Ізденуші

  • Жарайсыңдар! Балалар көңіл күйлерін қалай?

  • Ендеше менікіде жақсы, тамаша.

  • Қане барлығымыз орындыққа денемізді тік ұстап, аяғымызды түзу қойып, әдемі көздерімізбен маған қарайық.

«Қыс» туралы жұмбақ айтудан басталады.

Мамықтай жұмсақ болады,

Ұстасаң қолың тонады.



  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Дұрыс айтасыңдар.

  • - Қыс мезгілінде ауа - райы қандай болады?

-Балалар, сендер қыс туралы тақпақ білесіңдерме?

Қыс  туралы  тақпақтар  айтайық.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Азель

Далада  қар  борайды,
ақ  мамыққа  орайды.
Мұз  болады қатады,
жып-жылтыр  боп  жатады.
Алима

Қыс келді, қыс келді

Ақтарып ақ қарды

Аралап қайтайық

Ақ күміс бақтарды. Әсел


Ақ қолғаппен құшақтап,

Сақылдайды қыс аппақ

Өзен теңіз, тау төбе

Киген аппақ сәукеле. Кәусар


-Бүгінгі сабағымызда үлкендердің қысқы еңбект туралы әңгімелесеміз.

сыдан балаларға сурет бойынша әңгіме құрату.

Қысқы еңбек, үй жануарларына қамқорлық жасайды. Қыста үй жануарлары (малдар) қорада тұрады. Қыста адамдар үй маңындағы қарды күрейді.

а) Әсет қойларға жем беріп жатыр.

б) Асқар мен Айгул малдарға шөп салып жүр.

в )Балалар үлкендерге көмек көрсетеді.

-Дұрыс Қыста суық болады. Боран ұйытқып соғады. Дала қарға толады. Қатты аяз болады. Жылы тон, пальто, қолғап киеміз. Қар борап жауып тұр. Атам күрекпен жұмыс істеп жатыр. Қар мақтадай. Сурет бойынша қысқы еңбек туралы әңгіме құрап айтып береді.



-Қысқы еңбек түрлерімен таныстырады және оларды кімдер атқаратынын айтып түсіндіру

-Қыстыгүні көше мен аулалардың қарын күреп тазалау, ал ауылда егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі.

Қала көшелерінде машиналардың жеңіл әрі жылдам жүруі үшін адамдар арнайы машиналармен қарды күреп тазалайды. Қар тоқтату -топырақта ылғалдық біршама қорын жинап, егіс өнімділігін арттыратын жұмыс түрі.


-Қане барлығымыз тақтадағы суретке қараймыз.

-Ендеше мына суреттен не көріп отырмыз?


Сурет бойынша «Қысқы еңбек» тақырыбына әңгіме құрастырайық.



Сергіту сәтін жасайық.


Тонса біздің қолымыз

Қолғап киіп, аламыз

Сарт – сарт шапалақ соғамыз

Тонса біздің аяғымыз,

Еттік киіп аламыз

Топ – топ, топылдап, билейміз

Тонса біздің денеміз

Тонды киіп, аламыз

Зу –зу зу-зу Шанамен зулаймыз.


(Осы кезде есік қағып «Қоян» келеді).

- Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сендерге өзіммен бірге жұмбақ ала келдім, кім шешуін табады екен.
Талдың басында,

Жемi бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы.   (Құс ұясы)


Бір құс бар сондай

Суықта да тонбай,

Шоқып жүріп,дән тапқан, Ұшып-қонған.......(торғай)



- Олай болса балалар торғайға үйшік жасап бересіңдер ме?
-
Топтық жұмыс: Екі топқа бөлінеді:


Балалар қазір біз құстың үйшігін жасаймыз. Ондай болса екі топқа бөлініп отырайық

  • Ең бірінші , әдемі көздерімізбен маған қарайық.Үстел үстінде тұрған нәрселерді тиспейміз.Желіммен жұмыстеп болған соң,қақпағын жабамызда, қолымызды салфеткамен сүртеміз.

  • Құстың үйшігін қайың ағашына жапсырмас бұрын бірінші қабырғасын жапсырамыз,содан соң шатырын жапсырамыз.Соңында дөңгелек есігін жапсырамыз.

  • Торғайға ұя жасап бердік

  • - Балалар қоянға көрме жасап берейік.

–Қане барлығымыз ашық алаңға отырамыз

  • Қане балалар тақтаға қарайықшы біз қандай геометриялық пішіндерден құстарға үйшік жасап бердік

  • Дұрыс айтасыңдар.

  • Қыстап қалатын қандай құстарды білеміз?


Қоянға ұнады ма екен?
- Рахмет сендерге балалар тамаша үйшік жассадындар. Сендердің салған суреттеріңді алып орманға қайтайын. Достарыма көрсетемін. Сау болыңдар.


Д/о: «Артығын тап»

Осы заттардың ішінен еңбекке қажетті затты тап.
Қыста тағы қандай жұмыстар атқарады?
«Қар жинау» ойыны.
Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.

Жақсы


Балалар сабақты тыңдап отырады.


Балалар жұмбақ шешімі

Қар деп жауап береді.




- Қазір жылдың қыс мезгілі.



-Иә..
































Мұқият тыңдайды, түсінбегендері бойынша сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.

Сурет бойынша қысқы еңбек - кар күреу, ауылда малды күту жұмыстары жайлы әңгімелейді.



Сергіту сәтін тәрбиешімен жасайды










Мұқият тыңдап,тапсырманы орындайды.








Қабырғасы–төртбұрыш

шатыры– үшбұрыш

есігі –дөңгелек пішінді

Торғай,қарға,

сауысқан,көгершін

  • Ауылдағы еңбек қорадағы малдарға су құю, шөп салу оларды жылы қорада ұстайды.

  • ия



Сау бол қоян

Рефлексиялық коррекциялаушы


-Балалар, біз бүгін сендермен қысқы еңбек жайында оқып білдік.

Бізге бүгін қонаққа не келді?

Барлығымызға сабақ ұнады ма?

Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.

Сабақты қорытындылау.

Қоян


Иә

Сау болыңыз

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Қыс мерзімінде атқарылатын жұмыс түрлерін білу,қысқы еңбек түрлерін атап беру

Түсінігі бар: қысқы еңбектің пайдасын біледі

Орындай алады: ауланың қарын күреу, үй жануарларына қамқорлық жасау керек екенін білді.



Әдіскер: Масалова Д.А.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
2013
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі