жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: "Экономикалық жүйенің типтері", 9 сынып
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ЭКОНОМИКА
САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Мектеп: №42 мектеп
Мұғалiм: Дүйсекова Д.А.
Сынып: 10 «Б»
Тақырып: Экономикалық жүйенің түрлері
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: жауапкершілік, әділеттілік, ауызбіршілік,
Сабақтың мақсаты: Экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын және жүйе түрлерін жалпыадамзаттық құндылықтар арқылу меңгерту
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушыларға экономикалық жүйенің мәнін түсіндіру арқылы өз заманының белсенді, ұлтжанды, әділетті және жауапты азаматы ретінде тәрбиелеу.
2. Оқушылардың экономикалық білімдерін дамыту, ойлау және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін, өз ойын анық жеткізе білу, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.
3. Экономикалық жүйе жөнінінде терең ғылыми-танымдық білім қалыптастыру арқылы белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: талдау, түсіндіру, ойын элементтері.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, кесте, қима қағаздар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу
Түгелдеу
Сыртқа интеграция (тыныштық мезеті)
ІІ. Негізгі бөлім (өткен сабақты қайталау)
Ішкі интеграция
«Экономимкалық ұғымдар!»
«Біз және экономика»
«Экономикалық жұмбақ!»
«Заманына қарай адамы!»
"Адам құндылықтары!"
«Көңіл сергіту» (музыкалық үзіліс-экономикалық өлең шумақтарын әр түрлі көңіл-күйде орындап беруі керек.)
ІІІ. Бекіту бөлімі
Шығармашылық жұмыс:
«Сәйкестендір!»
«Пікіріңді дәлелде!»
ІҮ. Қорыту, бағалау. Экономика ұғымдарын қатыстыра отырып, адамзат құндылықтары туралы мақал-мәтелдерін немесе тілектерін айтып қорыту.
Ү. Үйге тапсырма. «Экономикалық жүйелер және олардың модельдері», «Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі» тақырыбында материалдар жинақтап келу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!
Сынып оқушыларын түгелдеу, сабаққа назарын аудару
Сыртқы интеграция (тыныштық мезеті)
«Тыныштық мезеті»
Барлықтарыңыз
көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың
ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз
жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз.
Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан
сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі
жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз
гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз
(тыныштық). Сіз әлі өзеннің сыңғырлағанын,
көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз
….. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып,
өзімізді тындайық, табиғат-анамызды
тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне
жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің
суығы ағатын жылы күннің сәулелерін
сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді
ақырын ашып, басқа жаққа қарай колымызды
жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш
және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа
«Рахмет» деп айтамыз.Сізге «тыныштық
мезеті» ұнады ма? Табиғатта серуендегенде
ол сізде қандай сезімді тудырды?
Мұғалімнің бастама сөзі:
– Балалар, адам өміріне не қажет деп ойлайсыңдар? «Әрқайсыңа күнделікті өмірде бірдеңелер қажет. Ал солардың ішінде онсыз өмір сүруге болмайтын қажеттіліктердің бірі жер, күн, ауа, су, тамақ, жарық, жылу және т.б. Осы қажеттілктерді экономикамен байланыстырып көрейікші.
ІІ. Негізгі бөлім (өткен сабақты қайталау)
Ішкі интеграция
1-тапсырма «Экономимкалық ұғымдар!» (төмендегі қажеттіліктерді экономика ұғымдарымен байланыстыру керек)
Тамақ,су |
өндіріс |
Киім-кешек |
нарық |
Қауіпсіздік |
экономика |
Үлгі:
Адамға ең бірінші тамақ, су қажет. Адамдар әр қашан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын іздестіреді. Адамдар өзіне қажет игіліктердің барлығын дайын күйінде ала алмайтындықтан, қажет игіліктердің көп бөлігін өзі өндіруіне тура келеді. Сондықтан адам еңбегінің арқасында зауыттар фабрикалар жұмыс істеп өндіріс дамиды.
Адамға тамақ, судан басқа киім-кешек те қажет, осы қажеттіктерімізді қамтамасыз ету үшін адам табиғатың берген сыйын шаруашылықта қолданып, адам өмірне қажетті жағдай жасайды. Қажетті игіліктердің көп мөлшерін зауыттарда, фабрикаларда өндіріліп, тауар түрінде нарықта сатылады.
Адам баласы сыртқы жаулардан қорғану үшін қауіпсіздік қажеттілігі де керек. Шегарамызды күні түні қорғайтын армия мен полиция қызмет етеді. Міне, осындай адам өмірін қамтамасыздандыру сұрақтарымен экономика айналысады.
2-тапсырма: «Біз және экономика». Ішкі интеграция (жалпы адамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)
Ел экономикасын дамыту үшін ұлтымызға керек қасиеттердің бірі сенім, ауызбіршілік, бірлік, жауапкершілік, әділеттілік және ұллтық рух. Осы адамзаттық құндылықтардың экономикалық даму жолында қаншалықты маңызды екенін талдау!
3-тапсырма «Экономикалық жұмбақ!» ( экономикалық жүйе анықтамаларын дұрыс табу керек).
Тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады.
(Дәстүрлі экономика)
Барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.
(Әміршіл экономика)
Барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы, Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады
(Аралас экономика)
Еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалығы үшін қолдануға тырысады
(Нарықтық экономика)
4-тапсырма «Заманына қарай адамы!» (төмендегі кестеде көрсетілген экономикалық жүйе типтерін адамдардың мінез-құлқымен байланыстыру керек).
Дәстүрлі экономика |
Холерик – әркетшең және белсенді, бірвқ ұстамсыз, шыдамсыз, қызба |
Әміршіл экономика |
Флегматик-сабырлы, байсалды, шыдамды, ұстамды |
Аралас экономика |
Меланхолик - өте сезімтал, өкпелегіш |
Нарықтық экономика |
Сангвиник-жоғары дәрежелі шапшаң адам, жұмыс қабілеті мен қуаты жоғары |
5-тапсырма "Адам құндылықтары!" (экономикамыз қарқынды дамуы үшін қазақ елі қандай бес нәрседен қашық болып, қандай бес нәрсеге асық болуы керек және нені үйренгені дұрыс)
Ұлы Абайдың
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз, деген өлең жолдарын экономикамен байланыстырып қалай түсіндіруге болады? Ол қандай қасиеттер?
Халық (мемлекет) неден жирену керек?
Халық (мемлекет ) неге үйрену керек?
«Көңіл сергіту» (музыкалық үзіліс-экономикалық өлең шумақтарын әр түрлі көңіл-күйде орындап беру керек.)
Қазір заман өзгерді,
Өзгеше де,ақша да.
Табыс тауып,ақша алып,
Жетерсің бірақ мұратқа.
***************
Қазіргі заман нарық,
Басталады парық.
Кезек келсе аласың,
Келмесе үйде қаласың.
***************
Бюджет деген жұмыс бар,
Оны алға қойыңдар.
Дағдарысты жойыңдар,
Жойыңдарда тойыңдар.
***************
Ақша деген жақсы-ақ зат,
Арманыңа жетесің.
Ферма ашып бай болып,
Жақсы өмір сүресің.
Ақшаң болса қалтаңда,
Алақаның ашылар.
Сараң болсаң сен егер,
Ақша болмас қалтаңда.
***************
Отаным нық қадаммен қарыштаған,
Дамыған елу елден қалыспаған.
Жаратып байлық,бақыт ізгілікті,
Әлемдік дағдарыстан алыстаған.
***************
Тауарын экспорттап шетелдерге,
Қаржысын нығайтуға бекемдеуде.
Бәсекесін базардың жолға қойып,
Жол берген адал еңбек етем деуге.
Жағдай жақсы болса халықта риза,
Сауда-саттық,кәсіпкер,нарық биржа.
Депозитке салымшы салып тұрса.
Жеке тұлға кредит алып тұрса.
***************
Әр үйге бау мен бақша бақтар керек,
Барлығын алу үшін ақша керек
Экономика бизнес,нарық дейді,
Бұның бәрін көретін халық дейді.
Жомарт жандар қазы мен қарта жейді,
Экономдап жүргендер балық жейді.
ІІІ. Бекіту бөлімі
Шығармашылық жұмыс:
«Сәйкестендір!» (экономикалық жүйе белгілерін дұрыс қою керек).
Балық шаруашылығы
Әлеуметтік теңсіздік
Жұмыссыздық
Нарықтық баға
Мемлекеттік баға
Бәсеке
Мемлекет пен қарулы күштердің рөлі өте жоғары
Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік
Мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады
Дәстүрлі экономика |
|
Әміршіл экономика |
|
Аралас экономика |
|
Нарықтық экономика |
|
«Пікіріңді дәлелде!» (табиғи ресурстардың (жер, күн, және т.б.) халық шаруашылығындағы экономикалық маңызын түсіндіріп беруі керек).
ІҮ. Қорыту, бағалау: Экономика ұғымдарын қатыстыра отырып, адамзат құндылықтары туралы мақал-мәтелдерін немесе тілектерін айтып қорыту.
Ү. Үйге тапсырма. «Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі» тақырыбында материалдар жинақтап келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген