400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Эксперименттік және мазмұндық есептер шығару 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып оқушыларына мазмұндық есептер шығару жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҰМЖ тарауы:7 МЕКТЕП: Қайназар №1 орта мектеп

Күні: 13.03.2020 ж Мұғалімнің аты-жөні: Мұсажанова Әсем

СЫНЫП: 7 «Ә»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Эксперименттік және мазмұндық есептер шығару


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.8- механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: механикалық жұмыс және қуат ұғымдарының физикалық мағынасын біледі.

Басым бөлігі механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолданады

Кейбірі: эксперименттік және мазмұндық есептер шығарады.


Бағалау критерийі

  • Жұмыс пен қуаттың формулаларын қолданып есептер шығарады

  • Эксперименттік және мазмұндық есептер шығарады


Тілдік мақсаттар

Тілдік оқыту мақсаты:

Механикалық жұмыс пен қуатты ауызша және жазбаша сипаттау

Пәндік лексика және терминология: жұмыс, қуат,джоуль, ватт, секунд.

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Қандай жағдайда жұмыс істелді деп айтуға болады?

Дене қозғалыста болып, оған күш әрекет етпесе, онда механикалық жұмыс істеле ме? Неліктен?


Құндылықтарға баулу

Оқушыларды еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алуға баулу


Пәнаралық байланыс

Математикамен байланыс есептерді түрлендіріп есептер шығару


Алдыңғы білім

Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басталуы 12 минут


Ұйымдастыру кезеңі:

Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру: «Қар көшкіні»

Топқа бөлу: "Пазл"

  1. Жұмыс

  2. Қуат

  3. Күш

(W) "Доп лақтыру"

  1. Жұмыс дегеніміз не?

  2. Жұмыстың өлшем бірлігі?

  3. Қуат ол?

  4. Қуаттың формуласы?

  5. Қуат ұғымы неліктен енгізілген?

  6. Жұмысқа мысал келтір?

f: Мадақтау


Үлестірме



Қағаз қиындылары




Слайд









Сабақтың ортасы

20 минут

Білім дағдысы: білу,түсіну

Белсенді оқыту: «Конверт»

(G) Тапсырма 1:

1. дене 3 Н күштің әрекетінен 150- см-ге орын ауыстырады. Күштің жұмысын табыңдар?

2. Жүк краны массасы 600 кг жүкті 30 с ішінде 20 м-ге көтереді. Кран моторының қуатын анықтаңдар?

3. Трактор массасы 120 кг шөмелені 6 с ішінде 5 м-ге көтереді. Трактордың қуатын анықтаңдар?


Критерий

Дескриптор

Жұмыс пен қуаттың формулаларын қолданып есептер шығарады

  • Есептің мазмұнын түсінеді

  • ХБЖ-ға келтіреді

  • Жұмыс пен Қуаттың формуласын пайдаланады

  • Нәтижесін шығарады

f: "Маған көрсет"


Білім дағдысы: қолдану

Белсенді оқыту: «Ойлану уақыты»

(I) Тапсырма 2:

1. Метро эскалаторы 4м/с жылдамдықпен қозғалады. Эскалаторға әрекет ететін ауырлық күші 10кН. 2 сағатта қандай жұмыс атқарылады?

2. Спортшы 4 с ішінде зілтемір көтеріп 3800 Дж жұмыс атқарады. Қуатты есептеңдер

3. Көлемі 0,5 м3гранит тасын 20 м биіктікке көтергенде істелінетін жұмысты есептеңдер. Граниттің тығыздығы 2500 кг/м3


Критерий

Дескриптор

Эксперименттік және мазмұндық есептер шығарады

  • Есептің мазмұнын түсінеді

  • Жұмыс пен Қуаттың формуласын пайдаланады

  • Нәтижесін шығарады


f: «Жауап беретін әріптес»


АКТ





Тапсырма жазылған парақшалар






стикер

Сабақтың аяқталуы

8 минут

Бекіту кезеңі.

Белсенді оқыту: «Сиқырлы сандық....»

Қандай жағдайда жұмыс істелді деп айтуға болады?

Дене қозғалыста болып, оған күш әрекет етпесе, онда механикалық жұмыс істеле ме?

Үйге тапсырма:Тапсырмадағы есептерді шығару

Рефлексия: «Жетістік баспалдағы»

Өте жақсы түсіндім

Жақсы түсіндім

Түсіндім

Аздап түсіндім Т Түсінбедім




Ватман,

қағаз парағы


Стикер қағаздары

Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Сабақта саралау жұмыстарын жүргізуде мен кейбір оқушыларға механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолданады ұсынып отырмын. Ал соның ішіндегі кейбір оқушыларға эксперименттік және мазмұндық есептер шығаруды ұсынамын.


Оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді кері байланыс арқылы жүргізуді жоспарладым, олар: «Жауап беретін әріптес», «­­ Маған көрсет».Әрбір тапсырмалардан кейін дескрипторлар арқылы қаншалықты ілгерленгенін анықтай алады.

Физика кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Сыныпта топтық, жеке жұмыс жасауға қолайлы жұмыс орнын ұйымдастыру.






Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
1036
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі