400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ашық сабақ "Ел бірлігін сақтау- бабалар аманаты" 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ел бірлігін сақтау- бабалар аманаты"тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) 11-сыныпқа арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Толеранттық – ел бірлігі. Сайын Мұратбеков «Телі өскен ұл»повесі

Мектеп: Б. Момышұлы атындағы №34 «ЖОББМ» КММ

Күні: 09.10.2020ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Тоимбаева Ш.Е.

Сынып:11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ел бірлігін сақтау- бабалар аманаты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т. 11.1.5.1. мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал етуін тәсілін талдай отырып, негізігі ойды анықтау.

Ж. 11.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Б.Тлеуханның «Бірлік ұраны» әнін тыңдап, автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал етуін тәсілін талдай талдай отырып, негізгі ойды анықтайды.

«Бірлік түбі - береке» тақырыбында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып әңгіме жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: «Бірлік ұраны» әнінің авторымен сұхбат жазады.

Кейбір оқушылар орындай алады: тақырыпқа байланысты өлең шығарады.

Бағалау критерийі

Тыңдалым мәтінен автордың позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анқытайды.

«Бірлік түбі - береке» тақырыбында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып әңгіме жазады.

Тыңдалым мәтінін авторымен сұхбат жазады.

Тақырыпқа байланысты өлең шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Тыңдалым мәтінен автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анқытайды. Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын ұтымды қолданып, тақырып бойынша әңгіме, сұхбат, өлең жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сенімділік, ниет, елдің рухы, кең пейіл, дархан көңіл, ынтымақ, берке, бірлік, бейбіт әлем, тірлік.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: ауызбіршілік керек, жұдырықтай жұмылдыру, ел басына күн туған күн, қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман, көздің қарашығындай, киелі қара шаңырақ, алауыздықтың кесірінен.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Бірлік сөзін қалай түсінеміз?

2. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы неге байланысты?

3. Бірлік, ынтымақ тақырыбына қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

4.«Ел бірлігін сақтау үшін бізге не керек?»

Не себепті ел бірлігін сақтау керек?

Құндылықтарға баулу

«Ел бірлігі –бабалар аманаты» тақырыбын оқыту барысында оқушыларды құрмет, ынтымақтастық, қазақстандық патриотизм немесе азаматтық жауапкершілік және ашықтыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, өзін-өзі тану.

Алдыңғы оқу

«Береке басы бірлікте» тақырыбында тағдыр тауқыметімен көптеген ұлыс өкілдері қасиетті қазақ жерін пана тұтып, бірлік пен келісімде тұрып жатқаны туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

Басы

(6 минут)


2 минут


2 минут












2 минут

Ұйымдастыр кезеңі. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Ізгі тілек» тренингін өткізу. Оқушылар сабақ басталмас бұрын дөңгелене тұрып, ынтымақтастық орта қалыптастыру үшін бір-біріне тілектерін айтады.

«Миға шабуыл» әдісімен сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырып, оқу мақсаттыры және бағалау коментарийлерімен слайд арқылы таныстырамы.

  1. 1 мамыр қандай мереке?

  2. Бірлік сөзін қалай түсінеміз?

  3. Бірлік сөзіне қандай синоним сөздерді білеміз?

4. Бірлік, ынтымақ тақырыбына қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Қалташадан 3 түрлі тасты (көк, қызыл, жасыл) таңдап алу арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

І топ - Бірлік

ІІ топ - Береке

ІІІ топ – Ынтымақ
















Сабақтың ортасы

(29 минут)

3 минут














5 минут









5 минут











































2 минут

















10 минут

























4 минут




















Тапсырма1

С. Тыңдалым алды тапсырма

Жаңа сөздермен жұмыс

сенімділік, ниет, ауызбіршілік, алауыздық, ұлттық-этностық.

Сөздер тұжырымдамалық картасы» арқылы жаңа сөздермен таныстырамын.

ЖЖ. Тыңдалым тапсырмасы

Оқушылар «Бабалар ұраны» әнін 2 рет тыңдап, «Ақпаратты сүзу» әдісі арқылы тірек сөздердің маңызды емес сөздерді құбырға ағызып жіберіп, тек маңызды сөздер ғана «сүзгіде» қалтырады.

Кері байланыс. «Сұрақтар ілмегі» әдісі арқылы әннің мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтауға қол жеткізу үшін оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

ТЖ Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Тыңдалым мәтініндегі автордың позициясы мен көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтау үшін оқушылар «Төрт сөйлем» әдісіне салады.

«Төрт сөйлем» әдісі

1. Пікір. Мәтіндегі өзіндік пікіріңді бір сөйлеммен айт.

2. Дәлел. Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

3. Мысалы. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтір.(көпшілігі)

4. Қорытынды. Тақырып төңірегінде дәлелдер келтіріп, қорытынды шешімінді бір сөйлеммен келтір. (кейбірі)

Саралау тапсырмасы:

Ерекше қажеттілігі бар оқушылар: тыңдалым мәтіннен түсінгенін қысқаша баяндайды.

Ерекше қабілеті оқушылар: тыңдалым мәтініндегі негізгі ойды өмірмен байланыстырып, дәлелдер келтіріп, тұжырымдайды.

Көпшілік оқушылар: тыңдалым мәтініндегі негізгі ойға өз ой-пікірін білдіреді.

Дескриптор

  • Тыңдалым мәтінін мұқият тыңдайды.

  • Мәтіндегі ақпараттардан автор позициясы мен мәселеге қарым-қатынасын анықтайды.

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

  • Өз ой-пікірін білдіреді.

  • Шынайы өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

  • Дәлел келтіріп тұжырымдайды.

ҚБ «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазып оқиды. Сөйлемдерді оқушылар бағалай алады немесе көшіріп жазады.


Тапсырма 2.

С Жазылым алды тапсырма

Әңгіме жазу алгоритмімен таныстырып, көркемдегіш құралдардың ережесін слайд арқылы көрсетемін. Интербелсенді тақтаның оң жағына жазылған сөздерді сол жағына жазылған көркемдегіш құралдардың аттарымен сәйкестендіру арқылы көркемдегіш құралдарды оқушылардың естеріне түсіртемін.

А сқар таудай аллитерация


Ж үйрік қиял метафора


От болып туған теңеу


Тебінгі терге шірімей эпитет

Тебінгі теріс тағылмай

Ж. Жазылым тапсырмасы.

Тақырып бойынша көтерілген мәселеге өз көзқарастарын білдіріп, «Бірлік түбі - береке» тақырыбына көркемдегіш тілдік құралдар мен айшықтау амалдарын ұтымды қолданып, әңгіме жазады.

Саралау тапсырмасы:

Ерекше қажеттілігі бар оқушылар: жазылым тапсырмасына берілген тірек сөздермен сөйлемдер құрастырады.

Ерекше қабілеті бар оқушылар: тақырып байланысты өлең шығарады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
3294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі