400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Елбасы-ел сенімі"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім саласы: Әлеумет, Шығармашылық

Сабақтың тақырыбы: «Елбасы- ел сенімі»

Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, ой – қозғау, мадақтау.

Көрнекілігі: Елбасының суреті, мақал – мәтел ,үлестірмелі материал, суреттер.



Іс- әрекет

бөлімдері


Тәрбиешінің іс –әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық


- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.

– Балалар, қане, бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.

Шаттық шеңбер.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айтады.







Балалар шаттық шеңберге тұрады.








Әнұранды айтады.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?



Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар, бәріміз тақтаға назар аударайық .
- Балалар, бұл кім?


- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?


- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.



- Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Айзада:
- Елбасымыз Нұр аға
- Салғызып Алтын орда
- Көркейтіп елін қазақтың
- Көрсетпей өмір азабын.

Бексұлтан:
- Қазақ елі – Қазақстан
- Болашаққа үн қосқан
- Жақсы күнге жетелеп
- Елбасым менің – Нұрсұлтан

Гүлсая :
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.


Бекарыс:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Төре:
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып - арманы,
Халқымызда - ажарлы
Осының бәрі - әрине,
Елбасының – арқасы

Жәнібек:
- Жасай бер Қазағым!
- Жасай бер Елбасым!
- Елімнің елбасшысы
- Нұрсұлтан атамыз аман болсын!

- Отан туралы тақпақ, мақал - мәтелдер білеміз бе?
Сезім:
- Қуат алған өзінен
- Туған елдің ұлымын
- Бақытты етіп өсірген
- Отанымның гүлімін.
Бекарыс:
- Отан – оттан да ыстық
Інжу:
- Отан - елдің анасы
Вильдана :
- Отан – қуат
- Отбасы – шуақ
- Самир:
- Отансыз адам,
- Ормансыз бұлбұл.



Сергіту сәті:

Қане қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық,

Ұшып – ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Білімде алда болайық.




- Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?

- Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
- «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.



- Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Жанель :
- Көк аспандай көкпеңбек
- Қазақстан жалауы
- Көк емес ол тектен - тек
- Елдің ашық қабағы.
Илалдин :
- Елтаңбасы елімнің
- Неткен әйбат әдемі
- Тұнығындай көңілдің
- Ортада аспан әлемі.:

Інжу:
- Құт береке – шаңырақ
- Орын алған – ол төрден
- Қанатты қос арғымақ
- Екі жақтан көмкерген.


Заңғар :
- Тәуелсіздік жолында
- Талай - талай тер тамған
- Билігім өз қолымда
- Еркіндігім – елтаңбам.




Қыс мезгілі.


Қыс мезгілі келеді.








Ия





Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Қазақстан















Балалар Елбасына арнаған тақпақтарын айтады.





















































Балалар орнынан тұрып , сергіту сәтін жасайды.










Қазақ тілінде



Балалар тыңдайды


Рефлексифті
















Дидактикалық ойын ойнау.

Ойын:«не жетіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету




- Балалар, біз нені жабыстырдық?
- Күннің түсі қандай?
- Күннің пішіні қандай?
- Тудың түсі қандай?

Сендерге сабақ ұнады ма?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі