400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Елбасының мақаласы "Ұлы даланың жеті қыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі білім бөлімі тәрбиешілерге керекті ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

№19 бөбекжай - бақшасында Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы төңірегінде ой бөлісіп, сұхбаттасу мақсатында арнайы қонақ ретінде Тараз мемлекеттік инновациялық институтының филология ғылымының кандидаты, доцент Әбілов Меңдібай Әбілұлы және Тараз қаласы білім бөлімінің әдіскері Естаева Гүлфайруз Есенқұлқызының қатысуымен "Тарихымыз - сырлы шежіре" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның өтілу барысында мекеме меңгерушісі Г.М. Тойшибекова педагог қызметкерлерге қонақтарды таныстыра отырып, тарихымыз бен мәдениетімізді өскелең ұрпақ санасына жеткізу қастерлі міндетіміздің бірі болғандықтан ұлттық мұраларды дәріпетеуге, балаларды тәрбиелеуге жол ашатын бағдарламалар төңірегінде сұхбаттасуға шақырды.

Филология ғылымының кандидаты, доцент Әбілов Меңдібай Әбілұлы өз сөзінде Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасынынң жалғасы іспеттес "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының жариялануы төл тарихымызға қайта үңілуге, байыппен зерделеуге, болмысымызды жаңғырта отырып барымызды бағалап, жоғымызды түгендеуге берілген үлкен мүмкіндік екенін айтып кетті. Түркі жұртының түп тамыры тым тереңде жатқанын, ел шежіресінің ежелгі сақтар мен ғұндардан, көне дәуірдегі түркілерден жеткен жәдігерлер мен деректерді әңгімелей отырып ұлы бабаларымыз Әл - Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз - Тәуке мен Абылай, бергідегі Кенесары тұлғалардың ұлы даланың топырағында дүниеге келгенінен, жалпы мұсылман елінің қорғаны болған, мәдени - ағарту саласында сүбелі еңбегімен үлес қосқан, еліміздің бақыты үшін күрескен нар тұлғалы ұлыларымызбен қазақ елі төрткүл дүниеге мақтана алатынын және ұмытьпайтындай тарихымыздың бар екенін үлкен толғаныспен айтып, жеткізе білді. Сұхбат соңында Меңдібай Әділұлы соңғы жылдарда терең зерделенген тарихымыз бен дәстүрімізді негізге ала отырып жазған «Сақ дәуіріндегі қазақ әдебиеті», «Ежелгі ғұн дәуіріндегі балалар әдебиеті», «Ежелгі дәуірдегі балалар әдебиеті» шығармалар жинағының жарық көргенін айта отырып, ұжымға бірнеше кітабын сыйға тартты. Қай салада еңбек етсек те тарихымыз бен мәдениетімізді, дәстүрімізді бойымызға сіңіріп, өскелең ұрпақтың санасына жеткізу баршамыздың қастерлі міндетіміз және осынау Елбасының бастамасына қолдау білдіру әрқайсысымыздың борышымыз демекпін.

Алтыбаева Анар Жақсыбекқызы

№19 бөбекжай – бақшасының

Орыс тілі мұғалімі





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
1062
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі