жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
аШЫҚ САБАҚ "ЭЛЕКТР"
Бекітемін: Қаралды:
Мектеп директоры /Шемпаев М.Е./ Оқу ісі меңгерушісі / Калиева Г.К./
Ұлан аудандық білім бөлімі
"М.Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ
Тақырыбы:
«Электр»
1 "А" сыныбында сауат ашу пәнінен сабақ өткізген
бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Н.С.
Мамай батыр ауылы, 2017 жыл
Қысқа мерзімді жоспарлау
-
-
ПӘНІ: Жаратылыстану
Мектеп: "М.Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ
Сабақ: №1
Тақырыбы: Электр
Күні: 11.03.2017
Мұғалімнің аты-жөні: Абраимова Н.С.
Сынып: 1 " А "
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
1.5.5.1 Адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Адамдардың күнделікті өміріндегі электрдің маңызын біледі. Электр энергиясын басқа да құралдардан алуға болатынын түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсінеді.
Кейбір оқушылар: Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология: электр- electricity
Батарея- battery
Сыныптағы диалог / жазылым үшін сай келетін стиль:
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Ерте кезде адамдар алаудың отын тағы не үшін пайдаланды деп ойлайсыңдар?
-
Үйде қандай жағдай орын алды? Не айта аласыңдар?
— Әр электр құралы не үшін қажет?
— Бөлмеде неше шам бар?
— Жарықты қалай жағу керек?
Қандай электр құралдары ток көзіне жалғанбай жұмыс жасай алады?
— Қандай қауіпсіздікті сақтау керек?
Неліктен?
Электр қуатын пайдалану неліктен тиімді болды?
Ресурстар:
-
Ұялы телефон, батареялар, фонарик пульт арқылы басқарылатын ойыншық мәшинелер. Ток көзі. Телефон зарядкасы.
-
Интернет-ресурстар: электрдің адам өміріндегі маңызы туралы, http://pikabu.ru/story/esli_byi_ne_byilo_ yelektrichestva.
Құндылықтарды дарыту
Бірлесе жұмыс жасау, ізденуге, зерттеуге талпыну.
Пәнаралық байланыстар
Көркем еңбек: Суреттерді бояйды.
Дүниетану: платина туралы біледі
АКТ қолдану дағдылары
Бейнежазба, презентация
Бастапқы білім
Өздері өмірде көріп -білген мағлұматтарына сүйенеді
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
1. Шаттық шеңберде «Үлкенге де сіз» тақпағын айту арқылы амандасады.
2. Бастапқы «Көңіл-күй» рефлексиясы
3. «Жауын» Жауынның бір-бір тамшысын алып, түсі бойынша (ақ парақта, көк парақта, жасыл парақта) топқа бөлінеді.
4. Бейнематериал көру арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Электр — ол жарыққа немесе жылуға айнала алатын энергияның пайдалы түрі. Ол электр желісі арқылы беріледі. Электр- элетр құралдарының, медициналық аппараттардың жұмыс істеуіне қажетті қуат көзі.
Презентация «Күн,бұлт,найзағай» . Бейнематериал «Электр қайдан келеді? »
Сабақтың ортасы
5 минут
«Суреттер сөйлейді». Жұптық жұмыс «Алау маңында.»
-Сурет бойынша не айтуға болады? (Оқушылар ерте кездегі адамдар қандай жағдайда өмір сүргенін, үйлерін қалай жылытқанын естеріне түсіреді. Ежелгі адамдар жылыну үшін алау жақты деп қорытындылайды.
-Ерте кезде адамдар алаудың отын тағы не үшін пайдаланды деп ойлайсыңдар?
-
(Ас әзірледі, киімдерін кептірді, оттың көмегімен жыртқыш аңдардан қорғанды, баспаналарының ішін жарықтандырды.) Уақыт өте келе оттың орнына майшамның және ошақтың жарығымен оқып, жазды. Ал оның адам ағзасына қандай әсері болды? (Осының барлығы олардың көз жанарына кері әсерін тигізген.)
«Электр жарығы.»
Бұл сурет бойынша не айта аласыңдар?
-
Екі суретті салыстырту: ұқсастығы мен айырмашылығын табады
-
О, жарық сөніп қалды.
-
Үйде қандай жағдай орын алды? Не айта аласыңдар?
(Қазіргі кезде біз үйді жарықтандыру және жылыту үшін түрлі электр құралдарын пайдаланамыз. Ток көздері мен ток қосқыштарды көрсетіңіз. Ток көздеріне компьютерді, теледидарды қосады. Зауыттар мен фабрикалар, көптеген медициналық құралдар электр арқылы жұмыс істейді. Сынып бөлмесіндегі электр құралдарын санап шығуды тапсыру.
— Әр электр құралы не үшін қажет?
— Бөлмеде неше шам бар?
— Жарықты қалай жағу керек?
Бас бармақ» Жұпаралық бағалАУ
Оқулық
10 мин
«Ойлан, топтас, талқыла» Кел, топпен зерттейік. Қандай электр құралдары ток көзіне жалғанбай жұмыс жасай алады? Оқушыларға: пульт арқылы басқарылатын ойыншық мәшине, сондай-ақ пульттің батареялары, ұялы телефон, бөлек розеткалар мен қосқыштар (электр желісіне қосылмаған), электр шәйнегі қажет болады.Оқушылар бұл заттарды екі топқа бөледі. Тек ток көзіне жалғанып қана жұмыс жасайтын және ток көзіне жалғанбай жұмыс жасайтын құралдар.
Топаралық бағалау «Бағдаршам»
Мәшине , пульттің батареялары, ұялы телефон, қосқыштар электр фонарик
9 мин
«Кэрролл диаграммасы»
1-топ: Тек ток көзіне жалғанып жұмыс жасайды; Батареямен жұмыс жасайды
Ойыншықтар Тұрмыстық құралдар
2-топ: Тек ток көзіне жалғанып жұмыс жасайды; Батареямен жұмыс жасайды
Көліктер Тұрмыстық құралдар
3-4-топ Қауіпті белгісі мен қауіпсіздік ережесі
Топаралық бағалау «Бағдаршам»
(https://ru.wikipedia.org/wikiсуретер алынды)
1 минут
Сен білесің бе?- Электромобильдер туралы не білесіңдер? Мұндай мәшинелердің өте қымбат тұратындығы, бірақ айналаны ластамайтыны, эклогиялық тұрғыдан таза екендігі туралы айтып беріңіз. Электромобильдердегі энергия тез таусылып қалады, ал қала сыртында зарядтауға әрдайым мүмкіндік бола бермейді.
Бүгін біз өмірімізді электрсіз елестете алмаймыз. Үйлерде жарық жанып тұр, теледидар, компьютер, түрлі электр құралдары жұмыс істейді, жолдарда троллейбустар, электр пойыздары, электромобильдер жүріп жатыр, зауыттар мен фабрикалардың жұмысы да электр арқылы жүреді. Бірақ біз электр қауіпті болуы да мүмкін екенін ұмытпағанымыз жөн.
8 минут
Т
ок
көзі.Жауабы: Қысқатолқынды пешті, шаш кептіргішті (фен), үтікті, теледидарды бояйды.Қолшамды, ойыншық тікұшақты, телефонды қоршап сызады.
Оқушылар адамдардың өміріндегі электрдің маңызын біледі.
С
өзжұмбақты
шеш. Оқушылар назарын суреттерге
аудару.Оқушылар құралды атап, оның атауының бірінші әрпін ұяшыққа
жазып қояды. Әріптерді кестенің нөмірленген бағанына орналастыру
арқылы оқушылар жасырылған сөзді таба
алады.Жауабы Компьютер. Теледидар.
Радио. Жасырылған сөз: электр.
Дәптер 44-45 жұмыс парағы
2 минут
Қауіпсіздік техникасы! Электр тогының қауіптілігі туралы айту.Ең бастысы: қауіпсіздік техникасын сақтау, үлкендерсіз еш уақытта электр құралдарын қосуға болмайды.
Бейнематериал «Электр тогынан сақтан»
Сабақтың соңы
5 минут
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- Нені білдім, нені үйрендім?
- Нені толық түсінбедім ?
- Немен жұмысты жалғастыру қажет ?
Бағдаршам
Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Дифференциация Электр туралы оқушы әңгімесі
Бас бармақ, бағдаршам
Қауіпсіздік техникасы ережесі: Бірін-бірі итермеу.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
-
-

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген