400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Электр қалай ашылады?

Материал туралы қысқаша түсінік
жаратылыстану пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы

Мектеп: Новый орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар: 23

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Электр қалай ашылды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.5.5.1 - электр энергиясы көздерін анықтау

3.1.2.3 - экспериментті жоспарлау және жүргізу

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Барлық оқушылар: Электр энергиясының көздерін айта алады, эксперимент жұмысын жоспарлай алады.

Көптеген оқушылар :

Электр көздерін сипаттай алады, экспериментті жоспарлайды.

Кейбір оқушылар:

Электр энергиясының көздерін анықтайды, түрлі эксперимент жұмыстарын жүргізеді.

Бағалау критерийлері

Электр энергиясы көздерін анықтап, эксперимент жұмыстарын жүргізу арқылы электрленудің не екенін түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Электр, электрлену

Құндылықтарды дарыту

Индустрияландыру және инновацияға негізделген экономикалық өсу

Пәнаралық байланыстар

әдебиеттік оқу, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

видео

Бастапқы білім

Электр туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин



Оқушылардың оқу іс- әрекетіне деген көңіл –күйін туғызу.

Лампа шамдарының суреттерін таңдау арқылы өздеріне керекті сандардың бірін алу

Топқа бөліну. 1,2,3,4 сандары арқылы топқа бөлінеді.

лампа суреттері

Сабақтың ортасы

3 мин






















3 мин








3 мин











3 мин






5мин











7 мин





















5 мин









Жұмбақ шешу

Сым бойымен жүремін,

Жылу,жарық жеткізіп

Сымда өмір сүремін,

Ымыртты жарық еткізіп

-Жұмбақ не туралы? (Электр,электр тоғы туралы)

-Электр кенеттен жоғалса, адамдар қандай күйге түсер еді?- деп бұл жағдайды көз алдарына елестету.

Ол туралы оқушылар өз ойларын айтады.

Мысалы : телефон,теледидар ,компьютер ,тоңазытқыш және т.б.электр энергиясыз қалай жұмыс істейтінін сипаттап беру керек.

-Бұл құралдардың жұмыс істеуі үшін не қажет?

(Электр тогы және батарея)

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Электр қалай ашылды?»

Сабақтың мақсаты : Электр энергиясының көздерін анықтау.Маңызды жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу.

Сабағымыздың дескрипторын анықтап алайық:

-Электр энергиясының көздерін анықтайды.

-Эксперимент жқмыстарын жүргізеді.

-Электрленудің не екенін түсінеді.

Суреттермен жұмыс. «Электр біздің өмірімізде»

Суреттерді көрсете отырып,мынадай сұрақтар қойылады :

-Сендердің өмірлеріңді де осындай жағдай болып көрді ме?

-Осыған ұқсас құбылыстарды бұрын байқадың ба?

- (Шаштары жан –жаққа ұшып бара жатқандай)

Мұндай құбылысты түсіну үшін аталған жайтқа бірнеше минуттан кейін қайта ораламыз.

Сен білесің бе? Оқушыларға янтарьды көрсету

(Т) Топқа сақина,моншақ,сырға ,білезік беріледі.

-Бұл тас сіздерге таныс па?

Бұл тастың қалай аталатынын білесіңдер ме?

(Ол ежелгі ағаштардың қатып қалған шайыры.Оны теңіз түбінен алады.Адамзатқа бағзы замандардан таныс.)

«Янтарь» сөзі грек тілінен аударғанда «эелектрон» деген мағынаны береді. Янтарьды жүнмен үйкелеу үдерісі электрлену деп аталады. Адамдар бұрынғы заманда кәріптасты (янтарьды) құрғақ шүберекпен сүрткенде оның басқа заттарды өзіне тартатын қасиетін байқаған.

Практикалық жұмыс.

Оқушыны тақтаға шығарып жүннен тоқылған жемпірді ,бас киімді киіп көру.Массаж тарақпен шашты тарап көрсету.

-Не байқадыңдар?

-Бұл құбылыстарды қалай атауға болады?

(Шытырлаған дыбыстар естілді,шаштар жан- жаққа таралды.)

Инфографикадан тауып көр

Топпен жұмыс.

Қазір біз қолданып жүрген электрді ашу үшін көптеген ғалымдар еңбек етті.

-Адам баласы электрді қашан ойлап тапты? сұрағына жауап іздейік.Ол үшін әр топқа электр саласында болған маңызды жаңалықтар жазылған парақшалар тарату керек.

Материалды оқығаннан кейін қысқаша хабарлама жасайды.

1 – топ Ежелгі Греция янтарь туралы

2- топ Электр батареясы туралы

3- топ Жіпшелі шам туралы

4- топ XIX ғасыр және ЭКСПО – 2017 жыл

(Т) Зертте

1- топ Шарды жүн қолғаппен үйкеп ,конфеттиге жақындату

2- топ Шарды жібек матамен үйкеп, қағаздан қиылған жұлдызшаларға жақындату

3- топ Шарды шыт матамен үйкеп, қағаздан қиылған гүлдерге жақындату

4- топ : Шарды шашқа үйкелеп, қағаздан қиылған су тамшыларына жақындату

«Плюс –Минус –Қызықты » бағалау

Әр топқа бағалау парақтары беріледі. Сол бойынша «плюс» бөлігіне зерттеу жұмысының оң тұстарын, «минус» бөлігіне қиын тұстарын, ал «қызықты» бөлігіне зерттеу жұмысының қызықты тұстарын жазып, ортада айту.

(Ұ) 1.Бір шарды түйе жүніне үйкеп ,конфеттиге жақындата отырып,электрленгенін тексеру.Оған екінші шарды жақындату (екінші шарға электрді өткізу мақсатында)

Екінші шарды конфеттиге жақындата отырып,оның электрленгенін,электрленбегенін тексеру.

2.Электрленген шарды дымқыл майлықпен үйкеу, оның қаншалықты электрленгенін тексеру үшін конфеттиге жақындату.

Қорытынды:

Дымқыл шүберекпен сүрту арқылы дене бойындағы электрді кетіруге болатынын және денені үйкеу не өткізу арқылы электрлендіруге болатынын түсінеді.

(Ж) «Үйретілген жылан»

Түрлі түсті қағаздардан жыланды шиыршық бойымен қиып алады.Жыланның денесін,көздерін салады. Пластмасса сызғышты түйе жүніне жарты минут үйкейді.Сызғышты жыланның басына тигізіп,баяу көтеру.

Нәтижесінде жылан сызғыштың соңынан көтеріліп, бойын жазады.

Электрдің әсерімен жеңіл қағаз сызғышқа тартылады.

Жұптық бағалау.



















дескриптор




суреттер









янтардан жасалған әшекей бұйымдар







жүн тоқылған баскиім, жемпір, тарақ







мәтін жазылған парақ қағаздар















Шар, жүн қолғап, жібек мата, шыт мата, конфетти, кағаз қиындылары




Бағалау парағы






Түйе жүні, конфетти, 2 шар





Дымқыл майлық


Түрлі түсті қағаз, қайшы, маркер, түйе жүні, пластмасса сызғыш

Сабақтың соңы

10 мин




(Ө) Жұмыс дәптері

109 –беттегі берілген тапсырманы өз бетімен орындау

Рефлексия «Бутерборд»

Әр топ сағат тілі бағытымен өзге топтардың 2 ұнаған және 1 ұсыныстарын айтады.

Үйге тапсырма: «Электр знергиясының көздері » тақырыпта мәліметт жинау.

.Жұмыс дәптері

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қолдау көрсету арқылы саралау, диалогтік саралау, топтық саралау

дескриптор арқылы,жұптық,топтық бағалау

Қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі

1. Зерттеу жұмыс

2. Жұптық жұмыс

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады?

Оқушылардың топтық тапсырмада ынтымақтастықта жұмыс жасау

Кері байланыс жасау

Сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
819
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі