жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Электр қыздырғыш құралдар. Қыздыру шамы. 8 сынып
|
Пән: физика, 8 « Б » сынып |
Күні: |
|||||||||||||||||||||
|
Тақырыбы: |
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы . |
|||||||||||||||||||||
|
Мақсаты |
Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы формулаларын пайдаланып есептер шығаруға үйрету |
|||||||||||||||||||||
|
Күтілетін нәтиже |
Топпен жұмыс жасай алатын болады. |
|||||||||||||||||||||
|
Керекті жабдықтар |
Жұмыс дәптері,АКТ ,карточкалар, амперметр,вольтметр, резистр, кілт, жалғағыш сымдар, ток көзі шам, маршрут картасы, бағалау парағы |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
||||||||||||||||||||
|
Кіріспе
(10 мин.) |
-Оқушылармен амандасу. -сыныпты түгендейді -кезекшілік қызметін қадағалау «Мозайка» әдісі арылы топқа бөлу. Өлшеуіш құралдарының ( амперметр, вольтметр, реостат) суреттерін әр түрлі фигураларға қию арқылы сыныпты 3 топқа бөлеміз. ( «Амперметр» бір топ, «Вольтметр» екінші топ, «Реостат» үшінші топ) Оқушылар сурет қиындыларын құрастырып қандай өлшеуіш құралы екенін және осы құралмен нені өлшейді, жалпы өлшеуіш құралына байланыстының барлығын түсіндіріп береді. Оқушылар біз физиканың Электродинамика,яғни электр өрісінің заңдылықтарын және қасиеттерін зерттейін бөлімін қарастырып жатырмыз, алған білімдеріміз еске түсіріп ойымызды жинақтайық. Дәптерлерін жауып қою. І. «Сергіту сәті» Интерактивті тақтада оқушыларға жалпы сұрақтар қойыладыы: 1. Электр тогы дегеніміз не? - Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы 2. Ток күші деп нені айтады және формуласы қандай? - Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы 3. Электр кернеуі деп нені айтады және формуласы қандай? -Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы 4. Өткізгіш ұштарындағы кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай қосылады? - Вольтметр. Ол тізбекке параллель қосылады. 5. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы қалай тұжырымдалады? Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал Шартты белгілер бойынша сұлбадан (схемадан) құралдарды атау
Шартты белгілер бойынша сұлбасын (схемасын) сыз
Ш
|
-Мұғаліммен амандасады -кезекшілік қызметін атқарады -сабаққа зер салады Топтарға бөлінеді.
I=q/t q=It t=q/I
U=A/q A=Uq q=A/U
I=U/R U=IR R=U/I
Амперметр,шам, вольтметр, кілт, то көзі, шалғағыш сымдар
Шам, қоңырау,резистор,қысқыштар,реостат амперметр,вольтметр, кілт, ток көзі, шалғағыш сымдар,галваниэлемент, двигатель, генератор |
||||||||||||||||||||
|
Тұсау- Кесер (2мин.) |
ІІ. «Ой қозғау». Өткен тақырыпты байланыстырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын. (сұрақ қою техникасы)
|
Өткенді еске түсіріп, сабақ тақырыбын, мақсатын анықтайды, дәптерлеріне жазады. (Осылай сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар өздері жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын біледі.) Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. |
||||||||||||||||||||
|
Негізгі бөлім (13мин. )
|
Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. A=qU; I=q/t Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең: A=IUt егер I=U/R; U=IR; A=IUt=I2Rt=U2/Rt SI жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж) өлшенеді. 1 Дж = 1А·1В · 1 с Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең: P=A/t=IU егер I=U/R; U=IR; P=IU=I2R=U2/R 1 Вт=1 Дж/с, 1 Дж =1 Вт*с 1 Вт∙сағ. = 3600 Дж 1 гВт∙сағ = 100 Вт = 360 000 Дж 1 кВт∙сағ = 1000 Вт = 3 600 000 Дж. Токтың қуатын өлшеуге арналған аспап - ваттметр. Кейбір электр аспаптарының қуаты, кВт*сағ 1.Шаңсорғыш - 0,65 2.Электр үтігі - 0,6 3.Кір жуатын машина - 0,5 4.Шаш кептіргіш - 0,4 5.Теледидар - 0,3 6.Тоңазытқыш - 0,2 7.Бейнемагнитофон - 0,02 8.Электрсақалқырғыш -0,014 9.Қалта фонарының шамы - 0,001 Үйреніп ал, қажетіңе жарайды! Тұрғын үйге берілетін кернеу U=220 B болғанда,онда тұтынатын ток күші I=10 A-ден аспауы тиіс. Үйдегі тұтынушылардың бір мезгілде пайдалану қуатының шекті мәні : P=10 A*220 B=2200 Bт=2,2 кВт 1 кВт*сағ электр энергиясының құны тариф д.а.Үйде ата-аналарың ай сайын электр санауыштағы сан мәнге қарап, токтың жұмысына ақша төлеп,түбіртек әкеледі.Сол түбіртекті сіздер де түсіне біліп, өздеріңіз төлеп келуді үйренулеріңіз керек. Түбіртекте мысалы мынадай кесте жазулы тұрады: Есептегіштің көрсеткіші Қазіргі 6171 Өткен 6063 айырмасы 108 Тариф құны – 7,25 т Сонда 108*7,25= 783 т Олай болса ендігі күнде сіздер қалай және қанша төлеу керек екендігін білесіздер. Суреттерге арқылы отырып жаңа тақырыпқа шығу. Бүгін токтың жылулық әсері Джоуль-Ленц заңы тақырыптарымен таныса отырып білімімізді толықтырамыз. Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады. Q=A=I2 Rt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды. Өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына тура пропорцианал. Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды. Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады. Тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең: Q=I2Rt |
Жаңа сабақты түсініп, дәптерлеріне түсіреді. Тақтаға назар аударады.
Электр тогының жұмысының, қуатының формуласын, өлшембірлігін жазады. A=I 2 Ut өткізгішті тібектей жалғағанда
A=IU 2 t өткізгішті паралель жалғағанда
Токтың жұмысын жене қуатын өлшейтін аспап: Электр санауыш, ваттметр.
Тариф құнын есептеуді
Джоуль-Ленц заңын, тұжырымдамасын жазу
Жаңа сөздік жазу: жұмыс, работа, work, қуат, мощность power. |
||||||||||||||||||||
|
Қоры- тынды (15 мин.)
|
ІІІ. «Жұбын тап» 1-тапсырма. (1 минут)
2-тапсырма Электр тогының әсерлері сәйкес дұрыс жауабын көрсету. Қаламмен сызу арқылы.(1 минут)
ІV. «Біліміңді тексер» (3 минут) Электр тогының жұмысы мен қуатына , Джоуль-Ленц заңына есептер шығарайық 1. Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В, ток күші 0,5 А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0,5 сағ ішінде қанша жұмыс жасайды? 2. Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 А ток күшін тұтынады және 600 В кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай? 3. Ток күші 5 А желіге жалғанған кедергісі 30 Ом электр пешінен 1 мин-та қанша жылу бөлінеді?
V. «Ширату» Тізбек құрастыру(3 минут) Амрерметрдің, вольтметрдің, ток көзінің, резистордың, жалғағыш сымдар, шамның көмегімен электр тізбегін құру
VI . «Кім шапшаң» балама тест(2 минут) 1. Электр тізбегіндегі кернеудің қатынасын қандай физикалық шама деп аталады? А. Ток күші В. Кернеу С. Кедергі Д. Жұмыс Е. Қуат 2. Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда, жалпы кедергі неге тең? А. 2 Ом В. 10 Ом С. 9 Ом Д. 18 Ом Е. 3 Ом 3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі ток күші тұрақты болады? А. Тізбектей В. Аралас С. Параллель Д. Біртіндеп Е. Тізбектей және біртіндеп 4. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі ток күші тұрақты болады? А. Тізбектей В. Аралас С. Параллель Д. Біртіндеп Е. Паралель және біртіндеп 5. 7кА болатын ток күшін ампермен өрнекте. А. 0,7 А В. 700 А С. 7000 А Д. 0,007 А Е. 0,07А 6. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі? А. R=U/I В. R=U I С.R=I/U Д. R=rS/L Е. m=kit 7. Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді ол тізбеккке қалай жалғанады? А. Амперметр, тізбектей В. Амперметр, параллель С. Вольтметр, тізбектей Д. Вольтметр, паралель Е. Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ 8. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер падаланылады? А. 120 В В. 220 В С. 360В Д. 380 В Е. 36 В VIІ. Кері байланыс. (1 минут) Рефлексия.(Маған ұнады,қиын болды.) Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта не ұнады, не қиын болғаны жайлы немесе қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі. VIІІ. Бағалау(1 минут) Жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаз топты анықтау. Белсенді қатысқан оқушыларды тиісінше бағалау. ІХ. Үйге тапсырма §45 Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы. 21- жаттығу 3,4, 7 . |
(Оқушылар 1-ші тапсырманы алып жауап берген соң 2-шіні алады, оған жауап беріп )
1. A=IUt=1968кДж 2. P=I·U=12кВт 3. Q=I2 ·R·t=45кДж
Тізбек құрастырады
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.
Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді.
Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады. |
||||||||||||||||||||
ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі: Хайруллина Жанар Қазақстанқызы
шағым қалдыра аласыз


артты белгілер бойынша сұлбадан (схемадан) құралдарды
атау


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген