Ашық сабақ "Электр қыздырғыш құралдары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Электр қыздырғыш құралдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған мазмұн бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3 A Мектеп Шона Смаханұлы атындағы

44 орта мектебі

Күні: Мұғалімнің аты – жөні:

Қанатбаева Жанар Бекбергенқызы Сынып :8 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.17 – қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

  • Электрқыздырғыш құралдар, қыздыру шамдары, балқымалы сақтандырғыштардың мағынасын анықтайды;

  • Қысқа тұйықталу құбылысының пайда болу себептерін түсіндіреді;

  • Қысқа тұйықталу құбылысының алдын алу жолдарын сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну

Бағалау критерийі

  • Электрқыздырғыш құралдар, қыздыру шамдары, балқымалы сақтандырғыштардың мағынасын анықтайды;

  • Қысқа тұйықталу құбылысының пайда болу себептерін түсіндіреді;

  • Қысқа тұйықталу құбылысының алдын алу жолдарын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

  • Терминдер мен лексиканы диалог пен жазылымда пайдаланады

Пәндік лексика және терминология:

Қыздыру элементі, балқымалы сақтандырғыш, автоматты сақтандырғыш, қыздыру шамы, патрон

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:


  • Барлық электрқыздырғыш құралдардың негізгі бөлігі - ......... болып табылады.

  • Қысқа тұйықталу деп ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталған кезінде тізбектегі ........ кенеттен ...........айтады

Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға топтық және жұптық жұмыс арқылы баулимын.

Пәнаралық байланыс

информатика


Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ток күші, кернеу, кедергі, меншікті кедергі, температура








Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7мин






І.Ұйымдастыру бөлімі:

- сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару

- «мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу

Қима қағаздарды құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.

І-топ. Қыздыру шамдары

ІІ- топ. Қысқа тұйықталу

ІІІ-топ. Балқымалы сақтандырғыш

ІІ. Алдыңғы білімді еcке түсіру. «Миға шабуыл» әдісі арқылы білімдерін пысықтап аламын.

1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Токтың әрекеттері қандай?
3. Алғаш рет электр тогы түсінігін енгізген ғалым кім?
4. ЭҚК-і дегеніміз не?
5. Ток күші деген не?
6. Электр кернеуі деп нені айтады?
7. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
8. Токтың жұмысы мен қуаты жайлы не білесіңдер?

Бағалау: смаиликтер арқылы.

Сурет бойынша ой қозғау «Ортақ нәрсе»..


Сыныпқа тақырыпты ашатын суреттер көрсетіледі. Оқушының жауабы мен мұғалім бірге сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтап алады, бағалау критериийлері жасалады.





Қағаз қиындылары






Интербелсенді тақта
















Суреттер

Сабақтың ортасы

25мин

Топтық жұмыс: «Джигсо» әдісі арқылы тақырыптың ішіндегі бөлімшелерді бөліп , топта өзара талқылап, басқа топтарға түсіндіру.

І-топ. Қыздыру шамдарының түрлері

ІІ- топ. Қысқа тұйықталу пайда болу себептері

ІІІ-топ. Балқымалы сақтандырғыштың жұмыс істеу принциптері

Дескриптор:

  • Электрқыздырғыш құралдар, қыздыру шамдарының түрлерін ажырата алады

  • Қысқа тұйықталу құбылысын сипаттайды

  • Балқымалы сақтандырғыштың жұмысын түсіндіреді


Бағалау: фигуралар арқылы өзін-өзі бағалау

-сабаққа белсене қатыстым.

-сабақта орташа белсенділік таныттым.

Shape2 -сабаққа қатынасу белсендігім төмен болды.


Тапсырма №1: жұптық және топтық жұмыс

«Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай?» Оқушыларға сөйлемдер таратып беріп, егер осы жауап болса, онда сұрағын анықтауды сұранамын. Бұл әдіс арқылы логикалық ойлау және жұппен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.

І- Топ.

1.Қыздыру элементтерінде ыстыққа төзімді материал ретінде фарфор, керамика, слюда кең қооданыс тапқан.

2.Қыздыру элементі – үлкен меншікті кедергісі бар, тығыз балқытылған өткізгіш

ІІ- Топ.

1.Колбаға инертті газ толтырылады, көбінесе аргон.

2.Шамды ток көзіне жалғау үшін оны патронға кіргізеді

ІІІ- Топ.

1.Тізбекте қысқа тйықталу болмау үшін тұтынушыға электр тогын жеткізетін өткізгіш сымдарға балқымалы сақтандырғышты тізбектей жалғайды.

2.Ток шамадан артық өткен кезде пластина иіледі.





Плакат, стикер




















Үлестірме қағаз



























Үлестірме қағаз


Дескриптор:

  • Ашық және жабық сұрақтар құрастырады


Бағалау : «Бас бармақ» тәсілі арқылы өзара бағалау, ауызша кері байланыс ұсыну.

Тапсырма №2 «Сәйкестендіру» әдісі.

Галогенді шам

Қыздыру шамы

Люменесцентті шам

Светодиодтты шам

Электр шамы

Мұғалім оқушыларға сұрақтармен үлестірме қағаз береді, интерактивті тақтадан жауаптарын көрсетіп тексереді. Оқушылар өзін-өзі тексеріп бағдаршам арқылы бағалайды.

Дескриптор:

  • Қыздыру шамдарының түрлерін ажырата алады

Эксперименттік тапсырма №1:

Шағын топтағы жұмыс.

Оқушылардың ынтымақтастықта және топтық жұмыс жасау дағдылары, ақпаратты өңдей білу дағдылары қалыптасады

Электр желісіне қыздыру шамы мен жарық диодтты шамды қосыңдар. 10с уақыт өткен соң шамдарды өшіріндер. Оларға қолдарынды тигізіп, қыздыру шамының қатты қызғанының, ал жарық диодтты шамның суық қалпында қалғанын көз жеткізіңдер. Шамдардың қуатын салыстырыңдар, олардың қайсысының жұмысы тиімді екендігі туралы қорытынды жасаңдар.

Дескриптор: 1.Тәжірибе жасайды.

2.Тәжірибеге қорытынды жазады.

Мұғалім оқушылардың дәптеріне жазбаша кері байланыс береді.

Сабақтың соңы

8 мин

Кері байланыс «SMS» әдісі арқылы ойларын жазады.

А) Бүгінгі сабақта не үйрендім? (ақ телефонға)

В) Ұсыныстар (қара телефонға)




А4 қағаз

стикер



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті Оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз Оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ мақсатына жету үшін тиімді әдістерді пайдаланып іске асырамын. «Миға шабуыл», «Джигсо» әдістері диалог арқылы тілдік сөйлеу дағдысы, сыни ойлау дағдысы, «Сәйкестендіру» әдісін пайдаланып оқушыларды жаңа тақырыпты тұтасып, топпен, жұппен талқылау арқылы оларда тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары қалыптасады.

Саралаудың жіктеу тәсілінде «мозайка» әдісі арқылы оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытады


«Бас бармақ» әдісі,

Фигуралар ,

дескрипторлар

арқылы өзін-өзі

бағалау

Партада оқушылардың дұрыс отыруына, сынып тазалығына, интербелсенді тақтамен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесіне көңіл бөлу

Сабақ бойынша рефлексия





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген Оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2018
718
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі