400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ Электр тогы мен жұмысы. Джоуль-Ленц заңы. 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көмекші құрал ретінде қолданыла алады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Picture 1

Жамбыл облысы Шу ауданы Еңбекші орта мектебінің

физика, математика пәнінің мұғалімі Даданбаева Назгуль Жексенкуловна


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 10.3. А Мектеп: Еңбекші орта мектебі

Электр және магнетизм. Тұрақты ток

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Даданбаева Назгуль

Жексенкуловна

Сынып: 10 Қатысқандары: Қатыспағандары:

Сабақтың тақырыбы

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы. Ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.7 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің ПӘК-ң формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Сабақтың мақсаттар

Тұрмыстық техника құралдары электр энергиясының есебінен жұмыс жасайтындығын түсіндіру.

Электр тогының жұмысы мен қуаты қандай параметрлерге тәуелді екендігін білу және формулаларын есептер шығаруда қолдана алу.

Электр тогының жұмысы мен қуатын, Джоуль - Ленц заңын күрделі есептерді шығаруда қолдану.

Бағалау критерилері

Тұрмыстық техника құралдары электр энергиясының есебінен жұмыс жасайтындығын түсіндіре алады

Электр тогының жұмысы мен қуаты қандай параметрлерге тәуелді екендігін білу және формулаларын есептер шығаруда қолдана алады.

Электр тогының жұмысы мен қуатын, Джоуль - Ленц заңын күрделі есептерді шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Электр тогының жұмысы мен қуатын және Джоуль - Ленц заңының

формулаларын, заңдарын және қолданылуын ауызша және жазбаша сипаттай алады

Қорытынды жасайды. (оқылым, жазылып, тыңдалым)


Пәнге тән лексика мен терминология: электр тогы, жүмыс, қуаты, Джоуль – Ленц заңы, кедергі, реостат, ток, кернеу, ток күші


Диолог үшін пайдалы дәйекті сөздер:

.............. .................... деп- өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір ................аралығында өтетін ......................сол уақытқа қатынасына тең ............................шама.

.......................дегеніміз- тізбек бөлігіндегі ......................... өлшеуге арналған .................... . Тізбек бөлігіндегі ..................... – осы бөліктегі бірлік ..............................орнын ауыстыруы кезінде атқарылатын ........... .................................тең физикалық шама.

Ток күші мен кернеудің ......... әріптерімен белгіленеді

Ток күші, кернеу, кедергінің өлшем бірліктері ..........

Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық өмір бойы білім алуға топтық жұмыс арқылы дарытамын

Пәнаралық байланыс

Математика – есептер шығару дағдылары (амалдар қолдану)

Сызу – сурет (конденсатор суреттері, схема)

Информатика – ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ток күші, кернеу, кедергі, Ом заңы, элекр тізбегі,А.Ампер, Вольт, Кирхгоф заңдары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

12 мин

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды тексеру, түгелдеу, сабаққа назарын аудару. Үш оқушыны шығарып оларға сұрақтар қойын соған байланысты шамаларды тауып топқа бөлінеді.

  1. Бірлік уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд мөлшеріне тең шама қалай аталады? (Ток күші)

  2. Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы қалай аталады? (Кернеу)

  3. Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама қалай айтылады? (Кедергі)

Физикалық шамалар арқылы \I, R, U\ топқа бөлу арқылы өткен білімдерін тексеруге байланысты сұрақтар қойылады.

Ток күшін қандай әріппен белгілейміз?

Ток қалай жалғанады?

Ток күшінің құралы

Ток күшінің формуласы, Ток күшін кім анықтады?

Кернеудің өлшем бірлігі? Кернеудің құралы? Кернеудің формуласы? Кернеудің шартты белгісі

Кедергіні кім анықтады? Кедергінің формуласы. Кедергінің өлшем бірлігі?

Бағалау: Ауызша мадақтау

Кері байланыс: ауызша





Интербелсенді тақта




Сабақтың ортасы

20 мин
























«Сіздің ойыңыз қалай?» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойып, содан соң электронды оқулық арқылы бейнематериал көрсету. Оқушылар бейнематериалдарды көреді. Оқушылар өз пікірлерін айтады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, толық жауап берілмесе бейнематериал қайтадан көрсетіледі.


Сұрақтар:

  • Әр отбасыға ай сайын есеп түбіртегі жіберіледі.

  • Осындай квитанция арқылы коммуналдық қызметтің қай түріне төлем жасаймыз?

  • Біз не үшін ақша төлейміз? (тұтынатын электр энергиясы үшін).

  • Ол неге жұмсалады? (қолданатын тұрмыстық құралдар).

  • Физика бойынша электр тогы бізге жұмыс жасайды.


Дескриптор:

Электр тогын қай жерлерде қолданылатынын айтады.

Қуат маңыздылығына сипаттама бере алады

Бағалау: «Баспармақ» тәсілі

Кері байланыс: ауызша


Топтық жұмыс: Саралау тапсырмалар

«Дастархан» әдісі арқылы оқушыларға қандайда болмасын тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі – үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.


Тапсырма 1.

1-топ. Тізбектегі тұрақты токтың жұмысы. Ток жұмысын өлшеу.(сурет)

  1. Токтың жұмысы дегеніміз не?

  2. Ток жұмысының фомуласы, өлшем бірлігі, әріпі

  3. Ток жұмысын өлшеу

  4. Ток күшінің Ом заңына байланысты формуласы

  5. Ампер мен Джоуль туралы ғалым

Дескриптор: Білім алушы

Мәтінді топпен талдайды.

Тізбектегі тұрақты токтың жұмысы мен ток жұмысын өлшеудің пайдасын айтады


2-топ. Ток қуаты. Ток көзінің жұмысы мен қуаты. (сурет)

  1. Токтың куаты дегеніміз не?

  2. Ток қуатының фомуласы, өлшем бірлігі, әріпі

  3. Ток қуатын өлшеу

  4. Ток көзінің жұмысы мен қуатының байланыс формуласы

  5. Джеймс Уатт туралы ғалым


Дескриптор: Білім алушы

Мәтінді топпен талдайды.

Ток қуаты мен ток көзінің жұмысы мен қуатының маңызын айтады


3-топ. Ток көзінің ПӘК-і. Джоуль – Ленц заңы. (сурет)

  1. Ток көзінің ПӘК-і дегеніміз не?

  2. Ток көзінің ПӘК-ң формуласы, өлшем бірлігі, әріпі

  3. Джоуль – Ленц заңының формуласы

  4. Джоуль – Ленц заңының тізбектей және паралелль өткізгіштерге байланысты формуласы

  5. Дж.Джоуль мен Э.Ленц туралы ғалым


Дескриптор: Білім алушы

Мәтінді топпен талдайды.

Ток көзінің ПӘК-і мен Джоуль – Ленц заңының маңызын айтады


Сөздік қоры:

Элект энергиясы- электрическая энергия-Electric energy

Қуат-мощность- power

Жұмыс-работа-work

Құны- -цена-price

«Есептеу – білімді еселеу» әдісі.

Деңгейлік тапсырмалар беріледі

Тапсырма 1

  1. Егер шаңсоғыш кернеуі 220В, ток күші 0,5А қалалық желіге қосылса, онда оның электқозғалтқышының 0,5 сағ ішінде қанша жұмыс жасайды?

  2. Троллейбустың элетроқозғалтқыш 200А ток күшін тұтынады және 6 кВ кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай?

  3. ПӘК-ті 80%-ға тең желдеткіштің электрқозғалтқышы 10 мин ішінде қанша жұмыс атқарады? Желідегі кернеу 220В, электрқозғалтқыштағы ток күші 1,2А

  4. Ток күші 5 А желіге жалғанған кедергісі 30 Ом электр пешінен 1 мин-та қанша жылу бөлінеді?

  5. Электр плитканың кедергісі 80Ом, кернеуі 220В. 6 сағ ішінде плитка қанша жылу бөлінеді?

  6. Электрқозғалтқыш арқылы массасы 100кг жүкті 3 м биіктікке 0,1мин ішінде көтерген. 380В кернеуге арналған қозғалтқыштың ПӘК-і 90 % болса, ондағы ток күші неге тең?

  7. Қалта фонарына арналған шам астында 3,5В, 0,28А деп жазылған. Жұмыс режиміндегі кедергі мен тұтынылатын қуатты есептеңдер?

  8. Егер 0,3кВ кернеуде тұрған өткізгіш арқылы 75Кл электр заряды өтсе, онда токтың жұмысы қандай болады?

  9. Массасы 1,6т лифт 1 м/с жылдамдықпен көтерілген. Егер ПӘК-і 90%, қысқыштарындағы кернеу 380В болса, лифтінің электрқозғалтқышының тұтынатын ток күші неге тең?


І- топ: 1,2,3

ІІ-топ: 4,5,6

ІІІ-топ: 7,8,9

Дескриптор:

  • Жұмыс және қуат фомулаларын түрлендіреді, есептер шығаруда қолданыды, ХБЖ-ға келтіреді.

  • Жұмыс және қуат формулаларын күрделі есептер шығаруда қолданады

  • ПӘК-і, токтың жұмысы мен қуаты, Джоуль-Ленц заңын күрделі есептерді шығаруда қолданады.


Бағалау түрі: өзін – өзі бағалау

Кері байланыс: «Жарайсың», «Керемет», «Өте жақсы» деп оқушыларды сабақ барысында ынталандырып отырамын.


Ұжымдық жұмыс.

«Сұрақты қағып алу» әдісі бойынша қапшықтан сұрақтарды алу

  1. Токтың жұмысының формуласы

  2. Токтың жұмысының өлшем бірлігі

  3. Токтың жұмысын қандай құралмен өлшейміз

  4. Ток жұмысы дегеніміз не?

  5. Токтың қуатының формуласы

  6. Токтың қуатының өлшем бірлігі

  7. Токтың қуатын қандай құралмен өлшейміз

  8. Ток қуаты дегеніміз не?

  9. Джоуль-Ленц заңының формуласы

  10. Электр тізбегінің ПӘК-і қалай анықталады?

  11. Электр энергиясының құнын анықтайтын формуласы?

  12. Тариф қандай энерия құнымен өлшенеді? (кВт*сағ)

  13. Қазіргі уақытта «Медсервис» компаниясының құралы электр тізбегін нелер өлшейді? (ток күші, кернеуді, қуатты, қуаттық коэффицентін, желідегі ток жиілігін, жылдық қуатты)

  14. Тізбектегі толық жұмыс неге тең? (бөгде күштердің жұмысына тең)

Бағалау: жеңімпазды анықтау

Кері байланыс: от шашу




Бейнематериал

Bilimland.kz











































Интербелсенді тақта.













АКТ









Сабақтың соңы

8 мин

Мұғалімнің үй тапсырмасын орындау туралы нұсқаулығы:

Өздеріңнің тұрғылықты жерлерінде электр энергиясының қандай төлем тарифтері барын анықтаңдар. Неліктен энергияны көп жұмсаған сайын бағасы да артады?

Әрайсысың өз отбасындағы соңғы айда жұмсалған электр энергиясының құнын есептеп шығарыңдар.

Кері байланыс









Рефлексия

Рефлексия

1. Бүгін мен сабақта _________бойынша білімімді тереңдеттім және бекіттім.

2. Бүгін мен сабақта _________________ туралы білдім.

3. Бүгінгі сабақта мен үшін ең қызықты _________________ туралы болды.

Үй тапсырмасы:

§40 оқып келу, 40 -жаттығу












Саралау – Сөз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сөз басқаларға қарағанда қабілетті тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушы-лардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақты жоспарлау оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, сын тұрғысынан ойлау, меңгеруіне қол жетімді етіп, қажеттіліктерін ескере отырып тапсырмаларды жеңіл, орта, күрделілігіне қарай құрастыруы мен диолог құру арқылы топтық және жұптық жұмыс дайындау.

Сабақ мақсатына жету үшін тиімді әдістерді пайдаланып іске асырамын. «Шамалар» арқылы сұрақ – жауап әдісі қолданылады. Бұл әдісі арқылы оқушыладың алған білімді қаншалықты меңгергені анықталады.

Саралаудың тапсырма тәсілі бойынша «Дастархан» әдісі арқылы электр тогының жұмысы және қуаты, Джоуль-Ленц заңы, ток көзінің пайдалы әсер коэффиценттері туралы өз ойларын айтып соған байланысты формулаларды қолданып шығаратын, оқушының қажеттілігіне қарай оңай есептерден күрделі есептерге дейінгі тапсырмалар орындалады. қолданудағы мақсатым оқушылардың дұрыс оқылым – жазылым, тыңдалым - жазылым, іздену, түсіну, қарым-қатынас т.б дағдыларын қалыптастырамын деп жоспарлаймын. «Сіз ойыңыз қалай?» әдісі жаңа тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетемін. «Сұрақты қағып алу» арқылы жаңа сабақты пысықтап, қорытындылау. Оқушылар жекелеген тапсырманы орындай отыра арқылы жылдамдық және шапшандық керек. «Бағалау» тәсілін негізге ала отырып оқушылар сабақтың әр кезеңінде бағалаймын.

Қалыптастырушы бағалау:

Әр әдіс-тәсілдердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларды «Жарайсың», «Керемет», «Өте жақсы», «шапалақ ұру», «Өзін – өзі бағалау»

әдістері арқылы сабақ бойында бағалау арқылы саралаудың бағалау әдісін орындадым және сабақ барысында ынталандырып отырамын. «Сөйлемді аяқта» Оқушылар жазылған сөйлемдердің біреуін таңдап, оны әрі қарай жалғастырып жауап беру немесе жазу арқылы кері байланыс жасадым.

Сабақ барысында физика кабинетіндегі техника қауіпсіздігін, АКТ –ны пайдалануда техника қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
2099
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі