400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Электр тогының жұмысы мен қуаты. 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ өткізетін мұғалімдерге көмекші, дайын материал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:физика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Мектеп: «Кеңжыра орта мектебі» МДШО КММ


Күні:

Мұғалімнің аты -жөні: Тоқтар Д.

Сыныбы:8

Қатысушылар Қатыспағандар:

саны:

Сабақтың тақырыбы:

§27. Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.12-жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Электр тогының жұмысы мен қуатының формулаларын білу;

Көптеген оқушылар: Формуланы пайдаланып, есептер шығара білу,электроесептеуішінің көрсеткішін анықтап,электр энергиясының құнын есептеу;

Кейбір оқушылар: Оқушылардыңалған білімдерін өмірмен байланыстырып мысалдар келтіре алу, тұрмыста қолдана білу.

Бағалау критерийі

-Электр тогының жұмысы мен қуатының формуласын біледі;

- Жұмыс пен қуаттың формулаларын қолданып есептер шығара алады;

- Алған білімін өмірмен байланыстырып мысалдар келтіре алады.

Тілдікмақсаттар

Негізгі қолданылатын сөздер мен тіркестер: Электр тогының жұмысы мен қуаты,тоқтың жылулық әсері т.б. Термин сөздерді меңгереді жұмыс, қуат, Дж, Вт

Құндылықтарға баулу

Тұрмыста, ауыл шаруашылығында қуатты құрылғыларды дұрыс қолдана білу, электр энергиясын үнемдеудің жолдарын іздеу

Пәнаралық

байланыс

Математика, информатика


Бастапқы білім

Жұмыс және қуат ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

  1. минут



«Миға шабуыл» әдісі




«Сұрақ-жауап» әдісі




«Пазл» әдісі



1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушылардың көңіл- күйін сұрап, түгендеп, сабағымызды жағымды ахуал тудыратын видеоролик көрсетемін.

Балалар, біз күнделікті тұрмыста токпен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды қолданамыз?

(оқушылар өз жауаптарын береді. Мысалы, ұялы телефон, тоңазытқыш,теледидар, үтік т.с.с)


2.Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар қолдарындағы қағаз қиындыларының артындағы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді, осылай үй тапсырмасы тексеріледі.

Әр оқушының жауаптарына мадақтау сөздерін айтып отырамын. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын белсенділігін арттыру үшін осы тәсілдерді қолдандым.

3. Топқа бөлу

«Тұрмыстық құрылғылар» арқылы топқа бөлінеді. Суретте теледидар, үтік, тоңазытқыш, шаңсорғыш бейнеленген.





Сабақтың ортасы

27 минут



« Ой қозғау»












Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі























«Қарқын» әдісі












«Айналмалы бекет» әдісі




















































Сергіту сәті









Сабақтың соңы

6 минут

Қорытындылау.

«Желпуіш » әдісі



Үй тапсырмасы


Суреттер бойынша бүгінгі жаңа тақырыбымызға шығамыз.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді. Сабақтың тақырыбын ашады. Жаңа тақырыпты қысқаша шолу жасап түсіндіремін. Электр тогының жұмысы мен қуатының формулаларын қорытып түсіндіріп беремін. Оқушылар токпен жұмыс жасайтын құралдарға мысал келтіреді:(вентилятор,миксер,үтік т.б)


Токтың жұмысының уақытқа тәуелді екенін де айта кете    A=I·U·t    формуланы қорытып шығарамыз.

Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.

Жұмыс ХБЖ-да Джоульмен (Дж) өлшенеді.        

1Дж=1A·1B·1c

Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.   Электр  қуаты 

P әрпімен белгіленеді. Олай болса қуат мынаған тең:  

P = А/t= I U

Токтың қуаты табу үшін өткізгіштегі ток күші және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.

Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс:

P=U2/R және P = I2R

Халықаралық бірліктер жүйесінде қуат  бірлігіне ватт алынған: [1P]=1Вт

 1 Ватт онша көп қуат емес. Тәжірибеде ватқа еселік болып келетін бірліктерді қолданады:

1 гектоватт  1гВт=102 Вт;  

1 киловатт 1кВт=103  Вт; 

1 мегаватт 1МВт=106 Вт.

Токтың қуатын – өлшеуге арналған аспапты ваттметр деп атайды. Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электрсанауыш деп аталады.


Белсенді оқыту.«Өз үйіңді араспай тап» ойыны

Оқушылар презентацияда берілген формулалардың атауларын адаспай табуы керек.

Дискриптор:

  • оқушылар ток күшінің, қуаттың, жұмыстың және Джоуль-Ленц заңының формулаларын біледі және адаспай табады;

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

Дұрыс жауап берген оқушыға - жасыл;

Толық жауап бере алмаған оқушыға – сары;

Қате жауап берген оқушыға – қызыл түс көтереді.


Белсенді оқыту. «Қорытынды шығару және есте сақтау»

Топтық жұмыс. 4 топқа 5 тапсырмадан тұратынүлестірме қағаз беріледі, тапсырманы орындап болған соң әр топ тапсырмаларын ауыстырып тексереді, тексеретін кезде жауабы тақтада жазылады, оқушылар бірін-бірі бағалайды.

1-топ:.

  1. Электр тогының жұмысы деп ____________ _______________________________________.

  2. P=A/tформуласын түрлендір: ____________.

  3. 500 гВт = ____________.

  4. Джоуль-Ленц заңының формуласы:_______.

  5. Электр шамы кернеуі 220 В электр желіге қосылған. Шамның қыл сымының кедергісі 484 Ом болса, шамның қуаты қандай?

2-топ:

  1. Электр тогының қуаты деп ____________ _______________________________________.

  2. A=qU формуласын түрлендір: ____________.

  3. 500 MВт = ____________.

  4. Джоуль-Ленц заңының формуласы:_______.

  5. Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5 В, ал тоқ күші 0,28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді?

3-топ:.

  1. Джоуль-Ленц заңының тұжырымдамасы _______________________________________ _______________________________________.

  2. A=IUt формуласын түрлендір: ____________.

  3. 30 кВт = ____________.

  4. Джоуль-Ленц заңының формуласы:_______.

  5. Электрлік құралда 5А ток күші 45 минут ішінде 162 кДж жұмыс жасады. Осы құралдың кедергісін тап.

4-топ:

  1. Электр тогының жұмысын қалай анықтауға болады __________________________________ _______________________________________.

  2. формуласын түрлендір:__________.

  3. 600 кДж = ____________.

  4. Джоуль-Ленц заңының формуласы:_______.

  5. Кернеуі 400В электр двигателіндегі токтың күші 92А. Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар.


Дискриптор:

  • Электр тогының жұмысы мен қуатының формуласын, анықтамасын біледі;

  • Формулаларды түрлендіре алады;

  • Өлшем бірліктерді ХБЖ-не айналдыра алады;

  • Джоуль-Ленц заңын біледі;

  • Электр тогының жұмысы мен қуатының формуласын қолданып есептер шығара алады.


ҚБ:«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.


Ақ қағазды алайық,төбемізге қояйық.

Енді сурет салайық.Бір шетінде арал бар,

Бір шетінде марал бар,ортасында өзім бар.Қасында болса досым бар.

Қағазды енді алайық, суретімізге қарайық.


Бұл сергіту сәтінде күтілетін нәтиже: балалықты еске алып, көңіл көтеру.


Кері байланыс: «Рефлексия» Идеяларды жинақтау. Ақ параққа желпуіш жасалынып, бір бөлігіне сабақтан түсінген- білгендерін, бір бөлігіне нені дұрыс түсінбей қалғанын, нені білгісі келетінін жазады.Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын ашық айтады.


§27 Электр тогының жұмысы мен қуаты. 5,4-жаттығу. Электр санауыш пен Ваттметрдің шығу тарихы

Интерактивті тақта,

Амперметр,

вольтметр,ток

көзі суреті










оқулық Физика 8-сынып.











Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Әрбір оқушы- жеке тұлға екенін ұмытпай- мын.Сондықтан әрбір оқушыының білімдік, танымдық деңгейіне қарай тапсырма,сұрақ беруге тырысамын. Тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындаған, жеке жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға қасындағы түсінбей отырған оқушыға көмек беруге, адамгершілік қасиетін ұмытпай аузыбіршілік- ке үйретемін.

қарқынды оқушыларға саралау тапсырмаларын дайындап отырамын. Барлық тәсілдерден кейін дескрипторлар арқылы бағалап , мадақтап отырамын.




Кейбір оқушылар ауызша жақсы жауап бергенімен жазбашаға келгенде қиналып қалатыны рас.Сондықтан қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау деңгейіне қарай жетістік критерийін негізге ала отырып бағалаймын.

Ауызша жауап берген балаларға мақтау мадақтау айтып отырамын, ал ойын арқылы формулаларды дұрыс тауып отырған балаларға «Бас бармақ» әдісін қолданып, бір-бірін бағалауды үйретемін. Топтық жұмыс кезінде «Айналмалы бекет» әдісі арқылы топтар бір-бірлерінің жұмысын тексереді және «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау жасаймын. Бұл топтар арасында оқушылар өз пікірін ашық жеткізуге, ойын жинақтауға, сын-пікірді қабылдай білуге үйретеді.

«Желпуіш» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын. Оқушылар ойын жинақтап, сабақта алған білімдерін бекітеді, әлі де толық меңгермеген жерлерін де ашық жазады.

Сынып пен оқушылардың тазалығына көңіл бөлемін. Токпен жұмыс жасаған дықтан, тех- ника қауіпсіз дігі ережеле рімен әрбір оқушыны жеке таныстырып,қол қойғызып аламын. Оқушы құрал-жабдықтар мен жұмыс жасағанда өздерінің және басқалардың денсаулығына

мектеп мүлкі

не жауапкерші лікпен қарай –ды.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі