400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Электр тогының жұмысы мен қуаты" 8 сынып физика

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы жаңартылған мазмұн бойынша білімды техниканың көмегімен үйрену
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: физика Мектеп: Б.Өтеп атындағы «Өнер»

мамандандырылған мектеп - интернаты КММ


Күні: Мұғалімнің аты - жөні: Б.С.Жаркинбекова

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Сынып: 8

Сабақ тақырыбы:

Электр тогының жұмысы мен қуаты

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтемесі)

8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептеп шығаруда қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Электр тогының жұмысы мен қуаты ұғымының физикалық мағынасы жайлы білу.

Оқушылардың басым бөлігі: Электр тогының жұмысы мен қуаты формулаларын есептер шығаруда қолдану және түрлендіру, ХБЖ келтіру.

Кейбір оқушылар: Деңгейлік тапсырмаларды орындау, электр тогының жұмысы мен қуатын өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіру.

Бағалау критерийі

1.Электр тогының жұмысы мен қуаты ұғымының физикалық мағынасы жайлы біледі.

2. Электр тогының жұмысы мен қуаты формулаларын есептер шығаруда қолданады және түрлендіреді, ХБЖ келтіреді.

3.Деңгейлік тапсырмаларды орындайды, электр тогының жұмысы мен қуатын өмірмен байланыстыра алады, мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Сабақ барысында оқушылардың айтылым,жазылым,тыңдалым,оқылым дағдыларын арттыру.

Пәндік лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Ток күші

Сила тока

current

Кернеу

Напряжение

Voltage

Уақыт

Время

Time

Токтың жұмысы

Электрическая работа

Electrical work

Токтың қуаты

Электрическая мощность

Electrical power

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

  1. Электр тогының жұмысы ....... ....... ....... көбейтіндісіне тең.

  2. Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ....... ......... өлшеп , олардың көбейтіндісін табу керек.

  3. Жұмыстың өлшем бірлігі ........ .

  4. Қуаттың өлшем бірлігі ......... .


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идесы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы еңбекке,шығармашылық өсуіне, ортамен ынмақтастық қатынас орнатып, өмір бойы білім алуына баулу.

Пән аралық байланыс

Информатика - ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау, АКТ ны пайдалану

Математика - математикалық түрлендірулер арқылы есептер шығару


Алдыңғы білім

7.2.3.1 – Механикалық жұмыс.

7.2.3.7 – Қуат.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу

түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу.

Оқу құралдарын тексеру.


  1. Ынтымақтастықтың атмосферасын қалыптастыру.

Бір- бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет

қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет

шапалақтаймыз!!!

  1. Топтарға біріктіру. «Сәлемдесу» әдісі (Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен түрлі елдің тілдерінде сәлемдеседі. Сәлемдесу парағының артына жазылған сандар бойынша 4 топқа бөлінеді.

  2. Үй тапсырмасын қайталау. «Сәйкестікті тап» әдісі. Оқушылар мұнда шамалардың атауын, өлшем бірлігін, формуласын, анықтамасын тауып, сәйкестендіру керек.

Қалыптастырушы бағалау.



















Стикер





Сәйкестендіру кестелері



Сабақтың ортасы

25 минут


























































































Жаңа сабақ. «Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын және мақсатын бейнекөрсетілім бойынша жеткізу. Мәтінмен жұмыс. «Борт журналы» әдісі . (Окушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мәтінмен жұмыс, бірлескен оқу жүзеге асады.

Критерий

Дескриптор

Белгі

Электр тогының жұмысы мен қуаты ұғымының физикалық мағынасы жайлы біледі.

1.Анықтамасын біледі

2.таңбаны таниды

3.Өлшем бірлігін біледі

4.Формуласын біледі, жазады

*



*



*



*



Қалыптастырушы бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын.

Оқушыларға үш түсті белгілер беріледі.

Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.»

Сары түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.”

Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.»

«Ойлан тап, жұптас» әдісін қолдануда оқушылардың терең логикалық ойлау оралымдығы мен қабілеті дамиды.

Оқушылар берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

А деңгейі

  1. Электр үтігінің паспортында «220 В, 600 Вт» деп жазылған. Кернеуі 220 В желіге 3 сағ бойы қосылған үтік қанша жылу мөлшерін бөледі?

  2. Электр қозғалтқышының қуаты 3кВт.Егер трактор 1000В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар.

В деңгейі

  1. Мұнай араластырғышты іске қосатын электрқозғалтқышының қуаты 1900 Вт. Электрқозғалтқышынан 2 сағ ішінде 14400 Кл зарядты өткізетін ораманың кедергісін анықтаңдар.

  2. Электр плитканың кедергісі 80 Ом, кернеуі 220 В. 6 сағ ішінде плитка қанша электр энергиясын тұтынады?

С деңгейі

1.Жүкшығырын айналдыратын электрқозғалтқышы 9120 Дж-ге тең жұмыс атқарады. 4А ток күшінде 24 Кл заряд өткендегі электромотордың қуатын табыңдар. (6 кДж).

2.Электр дәнекерлегіштен 220 В кернеуде 0,22 А ток жүреді. Онымен 2 мин ішінде 20°С болатын 1,5 л су қанша уақытта қайнайды?

Критерий

Дескриптор

белгі

2 . Электр тогының жұмысы мен қуаты формулаларын есептер шығаруда қолданады және түрлендіреді, ХБЖ келтіреді.

3.Деңгейлік тапсырмаларды орындау, электр тогының жұмысы мен қуатын өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіру.









А деңгейін орындайды

В деңгейін орындайды

С деңгейін орындайды










5-конечная звезда 1 5-конечная звезда 2 5-конечная звезда 3 5-конечная звезда 4 5-конечная звезда 5 5-конечная звезда 6

«Миға шабуыл» әдісінде оқушыларға логикалық сұрақтар қойылады,физикалық құбылыстарды тұрмыстан және техникадан тауып,көре білуге үйретеді, оқушылардың білімпаздығын дамытады.

Бір сөзбен айтқанда,оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы артады.



  1. Неліктен электр қыздырғышына ток келтіретін өткізгіштер қыздырғыш орамы сияқты қатты қызбайды?

  2. Егер электр үтігінің қыздырғыш орамын қысқартсақ, оның қызуы қалай өзгереді?

  3. Электрленген темір жол рельстерінің түйіскен жерін жуан мыс сымдармен біріктіріп қосады. Осының себебін түсіндіріңдер.

  4. Әдетте электр шамдарының қыл сымдары, оларды тізбекке қосқанда (шамды жаққанда) күйіп кетеді. Неге олай?

Критерий

Дескриптор

Белгі

Электр тогының жұмысы мен қуатын өмірмен байланыстыра алады,мысалдар келтіреді.



Жауап толық емес



Толық жауап бар






О қулық, электрондық оқулық, интербелсенді тақта

Дәптер, қаламсап







Стикер













Интербелсенді тақта,

есептер жинағы,

жұлдызша

























































Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

«Бес саусақ» әдісі бойынша кері байланыс. Кері байланыс-мақсатқа жету жолындағы нақты әрекет.Кері байланыс арқылы оқушылар өздерінің күшті және осал жерлерін байқайды, өз оқуларын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінеді.

  1. Бүгін мен ________ орындай алдым

  2. Маған ___________қиын болды.

  3. Мен __________қайталауым керек.

  4. Мен кімге көмек көрсете алдым

  5. Өзімді ___________бағалаймын.









Үйге тапсырма

§45 оқу, 21- жаттығудың № 8,9 есептерді шығару.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
792
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі