400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Электрондық кесте элементтерін пішімдеу" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған қысқа мерзімдік сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 7 «Ә»

Пәні: информатика

Пән мұғалімі: Дуйсенбинова Ж.О.

Сабақтың тақырыбы

Электронды кестелердің элементтерін пішімдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.2-электронды кесте элементтерін пішімдеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіндік процессорда және электрондық кесте элементтерін бір-бірінен ажырата алады, кестені пішімдеу әрекеттерін қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Электрондық кесте элементтерін пішімдей алады.

Кейбір оқушылар: Формуланы қолданып, есептей алады.

Бағалау критерийлері

Электронды кесте элементтерін пішімдейді;

Электронды кестеде кесте құра алады.

Формуланы құрып, есептер шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар болады:

Кестені пішімдеу, сұрыптау, сүзгіден өткізу әрекеттерін сипаттай алады.

Тақырыбы лексика және терминология:

Құрылымы, жасуша, жол, баған, шекара, кестеде.

Line, Stage, table, Fractional, numeric, text, common, interest,

date, financial, time

Құндылықтарды дарыту

  • Өмір бойы оқуға дағдылану;

  • Сыйластық;

  • Қызметкерлік.

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбуктар интерактивті тақта, интернет.

Жаһандық азаматтылық

Әрбір оқушыға жайлы орта құру.

Пәнаралық байланыстар

Математика, физика, ағылшын тілі

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтық, жұптық, жеке жұмыс, «Әңгіме алаңы», «Кубизим» стратегиясы, «ҚҚҚ» әдісі, екі жұлдыз бір тілек, сәйкестендіру тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5-минут













































5 минут-орындау,

Қорғау

2-минуттан


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Үш тілде амандасу арқылы оқушылардың бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйін анықтау.

3-топқа бөлінеді. Смайликтар арқылы бөлу (Кесте, жол, ұяшық) сөздер жазылған парақшаларды алады.

Сабақтың тақырыбын ашып алу мақсатында: барлық оқушыларға жұмбақ жасырылады. Сол берілген жұмбақтардың жауабын шешіп, оның жауабын үш тілде айтулары керек.

Жұмбақ шешу

Жұмбақтың шешімін 3 тілде айту.

1.Тұрады ол жолдармен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған.

(Кесте, Таблица, Table)

2. Кестенің бір негізгі элементі,

Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі.

(Жол, Строка, Line)

3. Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды.

(Ұяшық, Ячейка, Stage)

Жұмбақтың жауабын табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып алады. Мақсатын анықтайды.

Өткен тақырыпты қайталау

«Әңгіме алаңы» әдісіShape1

Оқушылар шеңбер сызады. Шеңберді бөліктерге бөледі. Әр бөлікке өткен тақырып бойынша сұрақтар жазады. Шеңбердің ортасына қалам ұшына түйреуішті қойып айналдырады. Түйреуіш қай жерге тоқтаса сол оқушы сол сұраққа жауап береді.

  1. Кесте дегеніміз не?

  2. Ұяшық дегеніміз не?

  3. Мәтіндік редакторда кесте құру жолдары?

  4. Кестелік процессор дегеніміз не?

  5. Excel программасының терезе элементтері?

  6. Ұяшықтарға қандай мәліметтер енгізуге болады?

«Кубизм» стратегиясы арқылы топпен жұмыс жасайды. 3-топқа 3-түрлі тапсырма беріледі.

Топтар арасында талқылап, түсіндіреді. Біткен соң келесі топтармен жұмыстарын алмасып, бірін-бірі дескриптор арқылы стикерге кері байланыстарын жазып,



« Екі жұлдыз бір тілек арқылы» бағалайды.





















Жұмбақтар, парақшалар, терминология











































Суреттер, кестелер, постер, сұрақ парақшалары, «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау.


Сабақтың ортасы



Орындау 7 минут

Бағалау-1 минут















































5 минут

Практикалық жұмыс. Оқушылармен жұптық тапсырма ретінде компьютерде отырып орындайды. Біткен соң, бірін-бірі жұптармен алмасып, бірін-бірі дескриптор арқылы бағалайды.

3-топқа да деңгейлік тапсырма беріледі. Оқулықтағыке кесте

А-деңгей: Электрондық кесте элементтерін пішімдеу (Сан, бөлшек, пайыз, мерзім) түрінде жазу.

ВPicture 4 -деңгей: Мәліметтерді жазып, түстерін өзгерту.













Shape2

С-деңгей: Электрондық кестені пайдаланып, алған тауардың бағасы мен санын есептеп, оның жалпы құнын формула құрып, шығару керек.




Бағалау критерийлері

Дескрипторлар


Excel электрондық кестесінде кесте құра біледі. Оған формула қойып есептей алады.

Excel электрондық кестесінде кесте элементтерін пішімдей алады.

Әр түрлі түске бояп өзгерте алады

Формула қойып есепті шығара алады

Жұптар бірін-бірі осы дескриптор арқылы бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау ретінде сәйкестендіру тапсырмасы, жеке жұмыс. Әр оқушы дәптеріне жазып, сәйкестендіріп шығады. Берілген мәтінді үш тілде аударып жазып шығу керек.











Дербес компьютер, деңгейлік тапсырмалар, 7-сынып оқулық, дескриптор арқылы бағалау























Сәйкестендіру тапсырмасы, терминология, доллор арқылы бағалау,







Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Қ ызық, құнды, қиын әдісі бойынша өздеріңе бүгінгі сабақта не қиын болды, қандай нәрсе қызық болды және қандай құнды ақпарат алдыңдар соны стикерге жазып, тақтадағы кестеге жабыстырып шығасыңдар.







Стикерлер, «ҚҚҚ» әдісі

Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Бірлескен жұмыс, жеке жұмыс арқылы сабақты меңгерту. «Смайликтер» топқа біріктіру, «Әңгіме алаң» әдісі бойынша өткен тақырыпты пысықтау, миға шабуыл, «Джигсо» әдісі, деңгейлік тапсырмалар «Бір минут» әдісі, кері байланыс жасату: «Басбармақ»

Бағалауды әр тапсырманың соңында фигуралар арқылы бағалап отырамын.

Ауызша, жазбаша түрде қалыптастырушы бағалауды іске асыру.

Ауызша мадақтау, ынталандыру сөзлері арқылы.







Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.Көзге арналған жаттығулар.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
1815
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі