жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Электроника әлемі"
Ашық сабақ.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Көркем әдебиет.
Белсенді орталықтар: Көркем әдебиет, Ғылым, Аспаздық
Тақырыбы: Электроника әлемі
Мақсаты: теледидар,телефон, компьютердің ақпараттық құралдар түріне жататындығы туралы түсініктерін кеңейту. Электрониканың біз үшін маңыздылығын айту. Тәжірибе жасау.
Көрнекіліктер:теледидар,радио,телефон,компьютер ,суреттер, шаш кертіргіш, үтік, кір жуатын машина, срқ сыққыш, кітаптар мен газет-журналдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: электронды құралдар дүкені.
Алдын ала жасалатын жұмыс:теледидар,радио,телефон,компьютерге бақылау жасау. Компьютер тұрған бөлмеге саяхат жасау. Ересек адамдардың компьютермен жұмыс істеп жатқанын бақылау.
Әдіс – тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық, тәжірибелік.
Билингвальді компонент: компьютер,телефон,радио,телевизор-теледидар
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңберіне тұру «Тілек айту.» жүрекше арқылы. Балалар орталықтар таңдап бөлінеді. |
Балалар шаттық шеңберіне тұры, жылы тілектер айтады. Өздері қалаған орталықтарға барады. |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Көркем әдебиет орталығына Қош,келдіңіздер! Бүгінгі біздің тақырыбымыз Электроника әлемі. Сендер электороника туралы не білесіңдер ме?. Жылдың қай мезгілі? Неше ай бар? Екі тілде айтқызу. Электроника әлеміне саяхат жасаймыз. Алдын ала дайындалған түрлі элетроника дүкеніне тамашалайды. Бұл дүкенен көргендеріңді айта ғойыңдар. (балалар қарайды,бір бірден атайды) ЖҰМБАҚ Шыр –шыр етеді, Құлағыңнан өтеді. Ұстай алсаң, Сөйлеп кетеді. Бұл не? Ішіне ұялы телефон салынған қорапты көрсетіп,балалардан: -қораптың ішінде не бар?-деп сұрайды. -Дәл таптың.ҚОРАПТЫҢ ІШІНДЕ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН,- деп қораптан телефонды алып шығып көрсетеді. Балалар бұрыңғы телефонды көріп таң қалады. Балараға бұрыңғы телефоннан, қазіргі заманауи телефондармен салыстыру. телефонның бірнеше түрлерін көрсете отырып,телефон арқылы біреуден ақпарат алуға болатындығын және ақпарат сөзінің мағынасын түсіндіреді. Ұялы телефон- сотовый телефон; Шаңсорғыш – пылесос; Холодильник – тоңазытқыш. Т.б -Қалай ойлайсындар ,тағыда нелер арқылы ақпарат алуға болады? Теледидар,радио,компьютер арқылы ақпарат алу жолдарын, ақпаратты сезу мүшелері арқылы алатындығын және кітап,газет-журналдар арқылы ақпаратты қалай алуға болады? -Дұрыс айтасындар.Адамдар кітап,газет – журналдардан өздеріне керекті кез келген ақпаратты алады екен.Телехабарлардан қандай ақпарат алуға болады. - Ал, біз көріп отырған электроникалар немен жұмыс жасайды? - Дұрыс айтасыңдар. Тоқ болмаса электро құралдар жұмыс жасамайды. Дидактикалық ойын. «Орнын тап» Мақсаты: балалар қандайда бір элетро техника бейнеленген суреттерге керек заттарды табады. Сергіту сәті: Бір оңға, бір солға. Әуен арқылы.
Өнер орталығына қош келдіңіздер! Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз электроника әлемі. Электроника туралы не білеміз? - біз қолданып жүрген элнетронды құралдарымыздың барлығы тоқ арқылы жұмыс жасайды. Егерде тоқ болмаса бұл құрылғылар істемейді. Мысалы: Теледидарды алайық оны тоққа қоспасаң көрсетпейді. Ал, сендер мысал айтып көріңерші. - суреттерге қарап, жаңа элетронды құралдармен танысады. Теледидар – телевизор Тоңазытқыш – холодильник т.б Тапсырма 1 Д.о: « суретті құрастыр» Тапсырма 2 сурет бояу. Сергіту. Көңілді күн. Аспаздық орталығына Қош келдіңдер. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Сендер аспаздық орталығына келіп отырсыңдар. -балалар сендер аспаздар туралы не білесіңдер? Аспаз орталығында көптеген тағамдар элетроникалық құралдармен піседі. Электроника туралы айту. Атауларын атап суреттен көрсету. Газ пеш. Микротолқынды пеш. Асханада ыдыс жуғыш машина болады. -Балалар сендер шырын жақсы көресіңдер ма? -Ал сендер өздерің соқ жасап ішіп көрдіңдер ма? -Сендердің алдарыңда тұрған заттарды атап беріңіздер? Ендеше өздеріміз электро құрал арқылы шырын тағайындайық. (балалардың алдында алдын ала ашылып, ортасы тазартылған жарты алмадан тұраді. Пышақ ұшы жоқ набордан) - Шырынымыз дайын барлығымыз дәмін көріп, дүкендегі шырыннан айырмашылығын айтайық. |
- Элетроника -телевизор, телефон, т.б атайды. Балалар теледидар,радио,компьютердің атқаратын қызметі туралы айта отырып,педагог тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. - телефон. - телефон деп жауап береді. -Ертеңгі ауа райы туралы ақпарат алуға болады. Балалар жауап беруге тырысады. -компьютерден аламыз. Балалар жауап береді. Педагогтың ақпарат алған балалардың біреуі телехабар,екіншісі телефон,үшіншісі газет арқылы ақпаратты ақпаратты таратушы рөлінде ойнайды.Басқа балалар ақпарат құралдарын және таратушы адамды атайды. - тоқ арқылы жұмыс жасайды. - берілген тапсырманы орындайды. Өлең мазмұнына қарай қимылар жасайды. - амандасып, отырады. - электроника не жататынын айтады. - балалар әр түрлі құрылғыларды айтып мысал келтіреді. Тапсырмаларды барлығы орындайды. -Көктем - аспаз тамақ пісіреді. Балалар барлық мәліметті аса қызығушылықпен тыңдап отырады. -ия -жоқ - тақтай, пышақ, алма. - алдындағы алмаларды бөліп тәрбиешіге береді. Тәрбиешінің оны құрылғыға салғанын, одан езіліп алма шырыны дайындалып жатқанын көріп балалар қуанады. - өте дәмді екен. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Шеңберге тұрып өткен орталықтарда өткендерін еске түсіріп, қорытындылау. |
- балалар сұрақтарға жауап береді, өздеріне ұнаған нәрселерді айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі :теледидар,радио,телефон,компьютер,кітаптар мен газет-журналдардың ақпараттық құралдар түріне жататындығы туралы.
Игереді : Берілген тапсырмаларды орындауды. Қарапайым ақпарат көздерін қолдануды, ақпарат алушы мен таратушы туралы білімді.
Меңгереді :ақпаратты электронды техникалар.газет-журналдар,теле хабарлар арқылы алуға және таратуға болатындығын,қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын.
Электронды құрал арқылы шырын дайындайындауды.




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген