400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Электроника, Мультиплексор

Материал туралы қысқаша түсінік
Мультиплексор микросхемасын зерттеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы Білім басқармасы

М.Тынышпаев атындағы КазККА Ақмола колледжі






Келісілді Бекітемін

Оқу-әдістемелік бөлім меңгерушісі директордың ӘІ жөніндегі

С.Р.Абдрахманова орынбасары Н.Ж.Маханова

______________________ ______________________

«____»__________ 2020ж. «____»__________ 2020ж.









Ашық сабақтың әдістемелік жоспары




Пәні: Электроника, микроэлектроника және микропроцессорлық техника

Тақырыбы: Мультиплексор микросхемасын зерттеу

Тобы: АБ-47/1

Дайындаған: Тайтолеуова А.А.







«Арнайы пәндер»

пәндік циклдық әдістемелік

комиссиясында құпталды

ЦӘК төрайымы Онғарбаева Б.Б.

_________________

Хаттама №_______

«___»______2020ж.












АБ-47/1 тобы

Оқушылардың жалпы саны-25


Пән аты: Электроника, микроэлектроника және микропроцессорлық техника

Сабықтың тақырыбы: Мультиплексор микросхемасын зерттеу

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ;

Сабақтың мақсаты: Аралас сандық құрылғылардың – мультиплексордың және демультиплексордың схемасын зерттеуге дағдыландыру

Сабақтың міндеттері:

  • Мультиплексор және демультиплексорлар бойынша кіріс және шығыс сиганлдарын ажырата білу, ақиқаттық кестелерін құрастыру, алған білімдерін бекіту;

  • Ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін дамыту;

  • Өздігінен іздену қабілеттілігін дамыту және теориялық білімдерін болашақ мамандықтары бойынша жұмыс орындарында, тәжірибеде қолдану қабілеттіліктерін қалыптасыру.

Сабақтың логикалық-құрылымдық кестесі:



DrawObject1


DrawObject2

DrawObject3

DrawObject5 DrawObject4




DrawObject7 DrawObject6


DrawObject8

DrawObject9

DrawObject10

DrawObject11


DrawObject13 DrawObject12


DrawObject14

DrawObject15

DrawObject16

DrawObject17

DrawObject19 DrawObject18

DrawObject20


DrawObject21

DrawObject22

DrawObject24 DrawObject23




Сабақтың жоспары:

  1. Үй тапсырмасын тексеру;

  2. Жаңы тақырып түсіндіру;

  3. Тәжірибелік жұмыс орындау;

  4. Қатемен жұмыс істеу.

Сабақтың әдісі: Арнайы пәнді оқыту кезінде конструкциялау әдісін қолданылу.

Пәнаралық байланыс: физика, информатика, математика.

Көрнекі құралдар: проектор, экран, дербес компьютерлер, слайдтар, үлестірме қағаздар, электрондық оқулық.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ


Ұйымдастыру кезеңі (2мин.)


Студенттермен амандасу. Студенттерді түгендеу және бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру. Студенттерді екі топқа бөліп отырғызу. Әр топтың өзінің капитаны, топ атауы және белгісі болады.




І. Студенттердің білімдерін өзектілендіру, өткен сабақта берілген тапсырманы тексеру (10мин)



Тексеру әдістері:

І. «Ия ма, жоқ па?» блиц – сұрастыру ойыны.

Ойынның шарты: Топтың дайындығын жалпы тексеру үшін Сіздердің алдарыңызға «Ия ма, жоқ па?» ойыны беріледі. Мұнда тақтада көрсетілген схеманы жинастыру керек, белгілі-бір элементті таңдай отырып, оның астына жасырынған сұраққа жауап беру арқылы алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Егер екі команданың бірінде қандай да бір элемент жеткіліксіз болса, бір-бірінен ұпайға айрбастауға болады. Айырбастаудың ұпаймен есептелетін құнын командалар өз ара келіседі. Алынғын әрбір элемент үшін топқа 1 ұпайдан беріледі. Онда бастайық, қай топтың схемасы мықты болатынын байқайық?

  1. Мультиплексор – бір ғана шығысы бар екендігін растайсыз ба?

Жауап: Ия, мультиплексор бұл бір ғана шығысы бар аралас көп кірісті схема.

  1. Мультиплексордың кірістері үш түрге бөлінетінін растайсыз ба?

Жауап: Жоқ, мультиплексордың кірістері екі түрге бөлінеді: ақпараттық және басқарушы .

  1. Демультиплексор – мультиплексордың жұмысын кері орындайтын схема екендігін растайсыз ба?

Жауап: Ия, демультиплексор – бұл мультиплексордың жұмысын кері орындайтын схема.

  1. Дешифратор – кірісіне берілген n –разрядты екілік кодты басқа бір кодқа түрлендіретін түйіншек екендігін растайсыз ба?

Жауап: Жоқ, дешифратор – бұл керісінше кірісіне берілген сигналды n –разрядты екілік кодқа түрлендіреді.

  1. Мультиплексор – аралас схемалар қатарына жататындығын растайсыз ба?

Жауап: Ия, мультиплексор – аралас схемалар тобына жатады.

  1. Дешифратордың тағы бір атауы «кодер» екендігін растайсыз ба?

Жауап: Жоқ, декодер.

  1. Логикалық элементтер – бұл логика алгебрасы ережелеріне сәйкес кіріс сигналдарымен қарапайым логикалық операцияларды жүзеге асыратын электрондық құрылғылар екендігін растайсыз ба?

Жауап: Ия, анықтама дұрыс.

  1. Логикала алгебрасында қосу – «коньюнкция» екендігін растайсыз ба?

Жауап: Жоқ, қосу – «дизьюнкция» деп аталады.

  1. Логикала алгебрасында терістеу – «дизьюнкция» екендігін растайсыз ба?

Жауап: Жоқ, терістеу – «инвентрлеу» деп аталады.

  1. Негізгі логикалық элементтер «НЕМЕСЕ» «ЖӘНЕ» «ЕМЕС» екендігін растайсыз ба?

Жауап: Ия, дұрыс.

  1. Мына логикалық элемент «ЖӘНЕ» екендігін растайсыз ба?

Жауап. Жоқ, бұл «НЕМЕСЕ-ЕМЕС».

  1. Мына логикалық элемент «ЖӘНЕ» екендігін растайсыз ба?

Жауап: Жоқ, бұл «ЖӘНЕ-ЕМЕС».

ІІ. «Асықпай- тездет» сынақ ойыны. Топтың дайындығын жекелеп тексеру үшін Сіздердің алдарыңызға логикалық элементтер негізінде құрастырылған схема беріледі, сол схема бойынша ақиқаттық кестесі дұрыс толтырылған ба? Тауып көріңіздер. Қай топ қағаздарын бірінші болып жинаса, сол топтың еншісіне 2 ұпай қосылады.

Х1


DrawObject25

1


DrawObject26

Х2


DrawObject29 DrawObject28 DrawObject27

&


DrawObject31 DrawObject30

У


DrawObject33 DrawObject32

Х3


DrawObject34




Х1

Х2

Х3

У

Ескерту

1

1

0

1


0

0

0

1


1

1

1

0


0

1

0

1


0

0

1

1


1

0

0

1



ІІ. «Мультиплексор және демультиплексордың микросхемаларын зерттеу»

жаңа тақырыбын зерделеу

(жаңа тақырыпқа байланысты презентациямен бірге)

(5мин)


Сандық жүйелерде ақпараттың көп түрі сымдар, кабельдер және платалaр проводниктерімен өтеді. Олар бір жерден екінші жерге екілік ақпараттық сигналдарды жібергенде қажет. Ал ақпаратты алыс жаққа жібергенде телефондық линиялар мен кабельдер қолданылады. Егер барлық ақпараттарды бір уақытта параллель линиялармен жіберсе, онда мұндай линияларға қажетті кабельдер ұзындығы өте көп және ондай байланыс өте қымбатқа түсетін еді. Осыны болдырмау үшін ақпараттарды бір сымның бойымен тізбектей өткізіп, жеткен жерінде ақпараттарды қайта параллельді түрге түрлендіретін құрылғыларды пайдаланады. Олар мультиплексор және демультиплексор деп аталады.



Мультиплексор — бірнеше сигналды-кірісі, бір немесе бірнеше басқарушы-кірісі және бір шығысы бар құрылғы. Мультиплексор бірнеше кірістерінің ішінен бір кіріс арқылы сигналдың шығысқа өтуіне мүмкіндік береді, бұл бір кірісті басқарушы сигналдың сәйкес комбинациясын беру арқылы алады.

Мультиплексордың 2 түрі бар

  1. Аналогты

  2. Сандық

Аналогты мультиплексор кірісті шығыспен тікелей электрлі түрмен қосады. Кірісі мен шығысы арасындағы кедергілері көп емес, шамамен оншақты ОМ-ға тең болады. Ал сандық мультиплексор кірісі мен шығысын электрлі қоспайды, тек кірістен шыққан логикалық дәрежені (0 немесе 1) шығысына көшіреді. Кейде аналогты мультиплексорды кілттер деп атайды.

Мультиплексорды коммутатор түрінде көрсетуге болады, ол бірнеше ақпараттық кірістердің ішінен бір кірісті шығысымен байланыстырады. Коммутатор рұқсат етуші (стробтаушы) және адрестік кірісі бар басқарушы схема арқылы жүзеге асады.

Мысал ретінде «К155ЛА3» микросхемасын алуға болады:



Адрестік кірістегі сигнал қандай ақпараттық каналдың шығысына қосылуын анықтайды. Егер ақпараттық канал n саны адресік кірістің m саны тең болса n=2, огда бұл толық мультиплексор деп аталады. Ал егер n<2 болса, онда мультиплексор толық емес деп аталады.

Рұқсат етуші (стробтаушы) кірісті мультиплексордің функционалды көрсеткішін кеңейтуге қолданады. Оларды мультиплексордің разрядын көбейту үшін және мультиплексордің басқа узелдермен синхронды жұмыс істеуін атқарады. Рұқсат етуші кірістегі сигналдар белгілі кірісті шығысымен байланыстыруына рұқсат беруіне де, бермеуіне де мүмкіндігі бар. Құрылғының барлық жұмысын да тоқтата алады. Басқарушы схема ретінде көбінесе дешифраторды қолданады. Сандық мультиплексорда коммутатор мен дешифратордың логикалық элементтері бірлеседі.

Мультиплексор триггерлі құрылғыларда, жиілік түрлендіргіштерде  және  т. б. қолданылады. Мультиплексорді көбінесе параллельді екілік кодты тізбіектейге өзгерту үшін қолданылады. Ол үшін мультиплексордің ақпараттық кірісіне параллельді екілік кодын, ал адрестік кірісіне, бірнеше кірістен бастап соңғы кіріске дейін сигналды кезек-кезекпен қосу керек. Мультиплексорді MUX (ағылш. тілінен multiplexer) немесе  MS (ағылш. тілінен multiplexer selector) деп белгілейді.

Демультиплексор — сигналдың бір адрестік кірістен бірнеше шығысқа берілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Демультиплексорды DMX немесе DMS деп белгілейді.

Егер шығыстарының саны адрестік кірісінің санымен тең болса n=2 екілік демультиплексор немесе n=3 үштік демультиплексор, онда оны толық демультиплексор деп атайды. Егер n<2 немесе n<3болса, онда демультиплексор толық емес деп атайды. Кіріс сигналын күшейту үшін демультиплексор кірісінің алдына инвертор қойылады.


IІІ. Тәжірибелік жұмысты орындау (10мин)


Тәжірибелік жұмысты орындау бойынша нұсқау беріледі (слайдқа шығарылады). Онда бүгінгі тақырып және тәжірибелік жұмысты орындау бойынша қысқаша ақпарат және орындау керекті тапсырмалар көрсетіледі.

Тәжірибелік жұмыс дәптерге мәндетті түрде түсіріледі.

Тәжірибелік жұмыстың негізгі мақсаты: Мультиплексордың схемасын логикалық элементтер негізінде жинастырып, жұмысын логикалық сарапшының көмегімен Electronics WorkBench бағдарламасы арқылы зерттеу.

Ол үшін керектігі:

  1. Қорек көзі 1 дана

  2. Жерлендіру (заземление) 2 дана

  3. Ажыратып қосқыш (көрсеткіші 5V) 3 дана

  4. Логикалық «ЖӘНЕ» элементі 2 дана

  5. Логикалық «НЕМЕСЕ» элементі 1 дана

  6. Логикалық «ЕМЕС» элементі 1 дана

  7. Логикалық сарапшы құрылғысы 1 дана


Аталған барлық элементтерден схема құрасытырып, ажыратқыштарды қорек көзіне жалғап ажырату арқылы шығатын сигналдардың өзгерісін логикалық сарапшыдан байқау керек.

Ол үшін ажыратып қосқышты қорек көзіне жалғап ажырату үшін «Spece» жазуын «1», «2», «3» жазуларына ауыстыру керек. Ажыратып қосқыштың үстінен екі рет шертсек жеткілікті, қалыпқа келтіру терезесі ашылады.

Жиналатын схема және оның нәтижесі:



Тәжірибелік жұмыс бойынша қойылатын сұрақтар:

  1. Мультиплексор дегеніміз не?

  2. Мультиплексорды қандай элементтерден жинауға болады (қосымша тағы басқа түрлері)?

  3. Сызба бойынша мультиплексордың жұмысын баяндаңыз

  4. Шығысындағы сигналдың дұрыстығын Буль алгебрасы негізінде дәлелдеңіз.




IV. Жаңа сабақты пысықтау (10мин)


Жұмыс түрлері:

  1. Қатемен жұмыс істеу (10мин)

Тәжірибелік жұмыс бойынша жіберілген немесе жіберілуі мүмкін қателерді дұрыстаудың жолын түзеу бойынша слайдпен көрсетілген. «Дұрысын көрсет!» ойынын жүргізу. Мұнда қолданылатын әдіс блиц – сұрау, дұрысын тап! Онда студенттерге слайдпен жетектелген сұрақтар қойылады, ал студенттер оған жауап беру арқылы қате берілген нұсқаны түзетеді. Студенттер оған қол көтеру арқылы жауап береді. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.




V. Сабақты қорытындылау (3мин)

Міне осымен бүгінгі сабақ та аяғына жетті. Бүгінгі сабақ қызықты әрі танымды өтті деп ойлаймын. Сабаққа деген дайындықтарыңызды байқадық. Барлығың бірдей атсалысып білімдеріңді шыңдадыңдар деп сенемін.

Енді менде Сіздерге деген бір сұрақ бар. Осы «Электрониканың, оның ішінде логикалық элементтердің адам өмірінде алатын орны қаншалықты маңызды деп ойлайсыздар және болашақ мамандықтарыңызға септігі бар ма?» деген сұраққа қысқа да нұсқа жауап қайырып сабағымызды аяқтайық.

VІ. Үй тапсырмасын беру (2мин)


Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп дайындау. Қосымша мәліметтер іздеу. Аралас схемалар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу. Кітапхана кітабы - Ғ.Айғараева. Радиоэлектроника. 266-268 бет.


VІІ. Бағалау (3мин)

Сабаққа белсенді қатысқан студенттерге бағаларын қою, белгілі-бір бағаны қою себебін талқылау. Бағалау жүйесі мынадай:

Үй жұмысын тексерудің 1-ші түрі бойынша ««Ия ма, жоқ па?» блиц – сұрастыру ойынынан әрбір сұрақ - 1 ұпай.

2-ші түрі бойынша «Асықпай- тездет» сынақ ойынында тақтаға шыққан әр топқа – 2 ұпай.

Жаңа тақырыпты пысықтау бойынша:

Тәжірибелік жұмысты орындау:

Тәжірибелік жұмысты дұрыс орындаса – 1 ұпай.

Тәжірибелік жұмысты дұрыс орындап, қорғаса – 2 ұпай.

Қатемен жұмыс істеу бойынша:

«Дұрысын көрсет!» әрбір дұрыс жауап – 1 ұпай.


Оқытушы Тайтолеуова А.А. _____________



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі