400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақты мұғалімдер өз сабақтарында қолдануға болады. Әсіресе жас мұғалімдерге көмегі тиеді деп ойлаймын. Сабақ Блум таксономиясы негізінде құрылған. Тұжырымдамалық картасы көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бурабай ауданы

Щучинск қаласы

№7 мектеп – лицейінің

Химия – биология мұғалімі

Кенжетаева Замира Нурхожаевна


Пәні: химия

Күні:

8 сынып

Сабақтың тақырыбы

§ 20. Элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері.


Сілтеме, дерек көздер

Н.Н. Нұрахметов, К.А.Сарманова, К.М. Жексембина

Жұмыс дәптері Н.Н.Нұрахметов

Оқыту мақсаты

Элементтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары арқылы оларды сілтілік металдар, сілтілікжер металдар,  галогендер және халькогендер деп топтастыру. Осы топтардағы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массаға тәуелді екенін түсіндіру. Қауіпсіздік техникалық ережелерді сақтау.                                          

Қолданылатын модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда АКТ қолдану, бағалау.

Күтілетін нәтиже


Оқушылар сілтілік металдарды және галогендерді өзара салыстыра біледі; 

Химиялық элементтерді табиғи ұяластарына жіктей алады.

Қажетті құрал-жабдықтармен көрнекілік

Д.И.Менделеев кестесі, Металдар,галогендер үлгілері, презентация,түрлі түсті фломастерлер,жазулар бейнежазба, А-3 қағазы (постер) натрий, су, питер табақшасы, қысқыш,пышақ,

                                                                                                

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық, топты бөлу.

І. Мұғаліммен амандасады, элементтер таңбасы жазылған қағаздар арқылы топқа бөлінеді.

Өткен тақырыпқа шолу


Сұрақ – жауап. Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша бір жіңішке және бір жуан сұрақтар дайындап келесі топтарға қою керек екені айтылады.

Жазбаша. Ойлан,анықта жаз.

Формативті бағалау. Қиын сұрақтар қойған топтарға жұлдызша таратылады.

Топтар бір – біріне өткен тақырыптар бойынша 2 сұрақтан қояды.

Білу

Оқушыларға «ұяластар» дегенді қалай түсінесіңдер деген сұрақ қойылады.

Оқушылар қосымша алған білімдерін пайдаланып өз білгендерін айтады

Түсіну.

Жаңа сабақ


Бүгінгі тақырыпты, оның мақсатын айту.

Жоспарымен таныстыру.

Бағалау парағын таратып беру ,түсіндіру.

Оқушылар дәптерлеріне бүгінгі күнді, тақырыпты жазады.

Талдау.









Бағалау.


Оқулық және мәтінмен жұмыс

Мәтінді бөліктермен топқа бөліп беру

І топқа « Сілтілік металдар»

ІІ топқа «Сілтілік жер металдар»

ІІІ топқа «Галогендер»

IV топқа «Халькогендер»




Бағдаршам арқылы бағалау.

1. Оқиды, ойлайды, өз ойларын ортаға салып қорытады.

2.Оқушылар нақты керекті мәліметтерді дәптерге түртіп алады.

3. Флипчартқа түсіреді.

4. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Оқушылар түсінгендерін бағдаршамның түстерін таңдау арқылы бағалайды.

Сергіту сәті

Оқушыларға тақтадағы элементтерді алып өз ұяластарына топтастыру керек екені айтылады.

Оқушылар кезекпен тақтадағы элементтерді тауып топтастырады.

Пайымдау




«Сәйкестендіру» Жаңа білімді игеру деңгейін анықтау үшін сәйкестендіру тапсырмасы орындалады.


Зертханалық жұмыстар көрсетіледі.


Интерактивті тақтадан қойылған сұрақтарды сәйкестендіреді. Оқушылар зертханалық жұмыстарды көрген соң әрекеттесулерді дәптерлеріне жазады.

Қолдану

Жұптық жұмыс. «Элементтердің табиғи ұяластары» тақырыбын сілітілік металдар мен галогендер тақырыбында тұжырымдау картасы таратылады.


Оқушылар тұжырымдау картасы арқылы жұмыс істейді

Бағалау

Оқушылардың тапсырманы орындауына, сабақтағы белсенділігіне қарап бағаланады.


Кері байланыс

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Бүгінгі сабақ қаншалықты қиын болды?

Бүгінгі сабақ соңында қандай сезімде болдың?

Оқушылар рефлексия қағаздарын толтырады.



























Оқушының аты – жөні:_______________________________________________


«Элементтердің табиғи ұяластары» тақырыбын сілітілік металдар мен галогендер тақырыбында тұжырымдау


Түсіну және білу

Тапсырмалар

Нақты білемін;

Анықтай аламын;

Сенімсізбін, қиындық туғызады.

1.Элементтердің табиғи ұяластарының атаулары




2.Сілітілік металдар




3.Галогендер




4.Сілтілік металдар мен галогендерді табыңдар

Si, O, CI, Fe, I, Zn, Na, Li, AI,

Rb, F, P, Br, Cu, K



5.Сілтілік металдардың оксидтерін,гидрооксидтерінің формуласын құрыңдар

Натрий мен калийдің оксидтерінің және гидрооксидтерінің формуласын жазыңдар



6.Галогендердің сутекпен және металмен қосылыстарының формуласын құрастырыңдар

Хлор, бром элементтерінің магниймен, сутекпен қосылыстарының формуласын құрастырыңдар.



7.Сілітілік металдар мен галогендерге сәйкес келетін физикалық қасиеттерді тап.

а)галогендер боялған

ә) Элементердің атомдық массалары артқан сайын тығыздығы артады

б) өткір иісті газдар

в)Жылтырлығы бар, жұмсақ



8. Сілтілік металдардың сумен әрекеттесу реакциясының теңдеуін құрыңдар.

а) Na + HОН =

ә) K + HОН =



9. Галогендердің металлмен және сутекпен әрекеттесу реакциясының теңдеуін құрыңдар.

а) Zn + CI2 =

ә) AI + CI2 =

б) H2 + Br2 =

в) H2 + F2 =



10. Есеп шығару.

Есеп. 64г фтордың зат мөлшерін, атом санын анықтаңдар.




Бағалау критериилері:

Нақты білемін, анықтай аламын – 2 ұпай

Сенімсізбін, қиындық туғызады – 1 ұпай.


«20 – 18 ұпай » - 5

«17 – 14 ұпай» - 4

«13 – 9 ұпай» - 3



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі