жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Еліктеу сөздер" 6 сынып
Чопанова Гулжайнар Аскарбаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
«Сам орта мектебі» ММ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
6 – сынып Еліктеу сөз. Еліктеу сөздер туралы түсінік
|
Сабақтың тақырыбы |
Еліктеу сөз. Еліктеу сөздер туралы түсінік. |
|
Сабақтың мақсаты |
Еліктеу сөздер жайында түсінік қалыптастыру, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде қолдана білуіне мүмкіндік беру. |
|
Күтілетін нәтиже |
1. Еліктеу сөз жайында алғашқы түсінік қалыптасады; 2. Еліктеу деп аталатын атаудың мәнін түсінеді; 3. Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін ажырата білуге үйренеді; 4. Күнделікті өмірден нақты мысалдар келтіре алады; 5. Көру, есту, ойлау, аңғарымпаздық қабілеттері артады. |
|
Әдіс - тәсілдер |
Диалог әдісі, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс ,жұптық жұмыс.
|
|
Блум таксаномиясы әдісінің кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қолданылған әдіс-тәсілдер |
Қолданылған модульдер |
|
|
І. Ұйымдастыру, амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау. Алдын-ала сынып бөлмесінің қабырғаларына бұрынғы өткен 6 сөз табын және «Еліктеу» деп жазып қою. |
Әрбір оқушы айтылған сөздерге байланысты топтарға бөлінеді. |
|
|
|
|
ІІ. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал. Шаттық шеңберін құрып, бір – біріне екі жақсы тілек білдіру. |
|
|
|
|
Б і л у |
ІІІ. Сынып оқушыларын жасырынған суреттер арқылы 4 топқа бөліп, топ басшысын тағайындау. Бүгінгі сабақ барысында орындалатын тапсырмаларға сәйкес бағалау бетшесін дайындап, топ басшыларына беру. Оқушылардың қатысуымен топтың ережесін қабылдау. Көрнекі қылып сынып бөлмесіне іліп қою. ІҮ. Үй жұмысын тексеру.
2. «Нақты сұрағыма дәл жауап» әдісі. Әр топ бірігіп отырып «Үстеу» тақырыбына 2 сұрақтан дайындайды. Сұрақтарын басқа топқа береді.
-
Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? - Үстеудің мағыналық сипаты қандай? - Үстеу қандай сөз табымен қолданылады? - Күрделі үстеулер қалай жасалады, мысал келтір. -Осы айтып жатқан сөз таптары айналамызда жазылған ба? Қараңыздаршы. Дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз бүгін еліктеу сөздерді оқимыз, еліктеу сөз дегеніміздің не екенін түсінеміз. |
Берілген сұрақтарға топ мүшелері ақылдасып отырып, біреуі жауап береді. Топ басшылары үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берген өз тобының оқушыларын берілген бағалау бетшесіне бағалайды. (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
Оқушылар еліктеу сөздер туралы өтпегендерін айтады.
|
«Нақты сұрағыма дәл жауап» әдісі
|
Оқытудағы жаңа тәсілдер |
|
Түсіну
Қолдану
Талдау |
ІҮ. Жаңа сабақ. 1.Оқулықтың 155-бетіндегі Еліктеу сөз тақырыбын оқып шығып, сол бойынша тапсырма орындау Бағалау бетшесіне топ басшысы өз тобының мүшелерін критерий арқылы бағалайды.
|
І топ - постер қорғап түсіндіру. ІІ топ – Еліктеу сөзді басқа сөз таптарымен салыстыру. ІІІ топ – Еліктеу сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру. 4-топ Еліктеу сөздерге мысалдар келтіре отырып дәлелдеу
|
Постер қорғау әдісі
|
Сыни тұрғыдан ойлау
|
|
2. «Ойлан. Бірік. Болыс» әдісі. Оқулықтағы 297-жаттығу.
Басқа топ мүшелері сұрақтар қоюға болады. Бағалау
|
1-топ Сөйлемдерді оқып, еліктеу сөздерді табады және қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсетеді. 2-топ Қалаған 1 сөйлемге байланысты сурет салады және үш еліктеу сөзді таңдап, үшеуін біріктіріп, бір сөйлем құрау. 3-топ Абай өлеңдеріндегі еліктеу сөздерді табу. 4-топ Қолданылған еліктеу сөздердің ойды нақты әсемдеп жеткізудегі мәнін нақты мысалдар арқыл түсіндіру. Орындаған тапсырмалары бойынша топ мүшелері қорғайды. |
«Ойлан. Бірік. Болыс» әдісі |
Сыни тұрғыдан ойлау
Бағалау |
|
|
3.Сергіту сәті. «Қамажай»биі. |
Оқушылар әуенді тыңдай отырып қимылдарды қайталайды.. |
|
Жас ерекшеліктеріне АКТ |
|
|
4. « Шығармашыл үздік топ» әдісі. Шығармашылық тапсырма. Тапсырмаға сәйкес критерий дайындалады.
Дайындалған критерийге сәйкес топтар бірін-бірі бағалайды.
|
1 топ – еліктеу сөз қатыстырып өлең құрастыру. ІІ топ – еліктеу сөз қатыстырып шағын мәтін құрау. ІІІ топ – еліктеу сөздерді қатыстырып, шағын көрініс көрсету. 4-топ Еліктеу сөз қатыстыр жаңылтпаш айту Орындаған тапсырмалары бойынша төрт топтың мүшелері қорғайды. |
« Шығармашыл үздік топ» |
|
|
|
Жинақтау |
Ү. Сабақты бекіту. «Не білемін? Не білдім? Білгім келеді?» әдісі |
|
«Не білемін? Не білдім? Білгім келеді?» әдісі
|
|
|
ҮІ. Қорытындылау. Кері байланыс жасау.
|
Тақтаға блоб ағашы ілініп , оған оқушылар сабақ соңында өздерінің бұл сабақтан түсінбегендерін сұрақ ретінде , сабақтың ұнаған тұсына тілек жазып қалдырады.
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» Кері байланыс |
Бағалау |
|
|
Б а ғ а л а у |
Бағалау парағы арқылы оқушылардың критерийлер бойынша бағалауынан қорытынды бағаны шығарамын. |
|
|
Бағалау |
|
|
ҮІІ.Үйге тапсырма.Көркем әдебиеттен еліктеу сөздерді тауып, жазып келу. ( авторына сілтеме жасай отырып ) |
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген