400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ" Еліктеу сөздер" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақта қолданылған жаңа әдіс-тәсілдер оқушылар мен мұғалімдер үшін өте тиімді. Онда оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыни ойлау дағдысына арналған тапсырмалар топтастырылған. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруда маңызы зор. Диалогтық оқыту, топтағы бірлескен жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыс үздіксіз жүзеге асады.Нәтижесінде жауапкершілігі мол тұлға ынтымақтастық ортада қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ататүрік атындағы № 4 мектеп-лицейі




Ашық сабақ

Тақырыбы: «Еліктеу сөздер»



Пән мұғалімі: Мұхтарова Н





Қысқа мерзімді жоспар Сыныбы: 6 «б»


Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер


Мақсаттары: 1.   Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі

мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру; 

2. Оқушылардың сауаттылығын, танымдылығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін,

ой жүйелеу шеберлігін дамыту;

3. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, оқушыларды жинақылыққа, адамгершілікке, туған

халқының салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже : 1. Еліктеу сөздердің түрлерін білетін болады.

2. Түрлерін ажырата алады.

3. Сыни ойлау қабілеттері дамиды.

4. Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Бағалау: Өзін - өзі (ӨӨБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер,топтық тапсырмаларға арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс- тәсілдер: «Менен – сұрақ, сізден - жауап», «Шатасқан логикалық ізбек» , «Тақырыптық теннис»

«Топтастыру» т.б.

Сабақ кезеңдері

Уақыт


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


Ұйымдастыру



1 мин


Психологиялық ахуал орнату.

Жағымды психологиялық ахуал тудыру Оқушыларға «Тілек шоғы» арқылы тілектер айту.


Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,назарын сабаққа аудару. «Тілек шоғы» арқылы тілектер айтады.



Сәлемдеседі, сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын түгендеп, зейінін сабаққа аударады.

Топқа бөлу

2 мин

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды «Мозайка» сурет қиындылары арқылы үш топқа бөлу.


Оқушылар дыбысқа еліктеу мен бейнелеу арқылы берілген сурет қиындылары арқылы үш топқа бөлінеді:

I-топ

II –топ

III-топ

Үй жұмысын сұрау



5 мин




Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында «Менен – сұрақ, сізден - жауап» әдісі арқылы сұрау



Өткен тақырып төңірегінде оқушылар сұрақтар дайындап диалогтық қарым-қатынас жасай отырып сұраққа жауап береді.

Оқушылар қорапша ішіндегі сұраққа

тиянақты нақты жауап береді.




Миға шабуыл


Қызығушылық

тарын ояту


2 мин

« Табиғат әлемі» бейнежазбаны көрсету арқылы жаңа тақырыпқа қадам басу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

1. Балалар, бейнежазбада берілген дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар?

2. Сендер біраз нәрсені көрдіңдер, не ұқтыңдар?

3. Тіліміздегі кейбір дыбыстарды, дауыстарды естіп, көзбен көріп бейнелеудің адам өміріндегі маңызы қандай?

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға бейнежазбада көрсетілген үзінді арқылы өздеріне сабақтың тақырыбын анықтауға жетелеу.

Оқушылардың мұндағы мақсаты интербелсеңді тақтадағы бейнежазба бойынша туындаған сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.


Білім



Түсіну


















Сергіту сәті








Қолдану

5 мин






















3 мин








10мин

I. Суреттер арқылы еліктеу сөздің не екенін ұқтыру.

1 топ. Есік жабылғанда қандай дыбысты естиміз? (тарс-тарс)

2 топ. Қыс мезгілінде тоңып тұрған бала қалай бейнеленеді?(дір-дір)

3 топ. Адам жүрегі қалай соғады?

(лүп-лүп)

II. Тәжірибе көрсету (өмірмен байланыстыру).

1. Сағатты жүргізу

Сағат қалай жүріп тұр? (Сағат тық - тық жүріп тұр);

2. Стақандағы суды келесі стаканға құю

Су қандай дыбыс береді?(сыр етіп );

3. Барабан соғу

Барабан қайтті? (Барабан дүңк - дүңк етті);

4. Шам жағып, сөндіру

Шам қайтты? (Шам жарқ етті);

5. Оқушының атын атап шақыру, өзіме қарату Оқушы қалай қарады?

( Оқушы жалт қарады).


«Жаңбыр сыбдыры»








I.Топпен жұмыс


1 топ. 301-жаттығу.

«Гүл тере барғанда» тақырыбында әңгіме жазу.

2 топ. 302-жаттығу.

Еліктеу сөздердің түрлерін анықтай отырып,кестемен жұмыс жасау.

3 топ. 303-жаттығу.

Еліктеу сөздерді тауып, түрлерін анықтау,мағынасына талдау жасау.

Жаңа тақырыпты өздігінен игерту мақсатында, сұрақ түрлерін қолдану арқылы білімді өздерінің игеруіне ықпал жасау.




Тәжірибе көрсету арқылы еліктеу сөз бен оның түрлерін ұқтыруға жағдай туғызу, өмірмен байланыстыру.













Бір саусақпен тамшылап жауған жаңбырдың, екі саусақпен сіркіреген жаңбырдың үш-төрт саусақпен және шапалақтау арқылы төгіп жауған жаңбырдың дыбысын салғызу.



Оқушыларды топтық тапсырмаларда берілген мазмұндары арқылы жаңа сабақтың негізгі тірек сөзін ашуға бағыттау.



Оқушылар III топқа бөлінген бөлімдер бойынша топ көшбасшылары мен топ мүшелері сұрақтарға жауап береді.






Оқушылар тәжірибені есту, көру арқылы жаңа сабақты ұғынуға талпынады.
















Оқушылар жаңбыр сыбдырын саусақты әртүрлі қимыл жасау арқылы орындайды.








Оқушылар топтық тапсырмаларды белсенділікпен орындау арқылы жаңа сабақтың негізгі тірек сөзін ашады.

Талдау

10мин

II. Топпен жұмыс

1 топ. Еліктеу сөздің құрамдық, мағыналық, тұлғалық түрлерін салыстыру.

2 топ. «Шатасқан логикалық тізбек» әдісі арқылы еліктеу сөздерді рет-ретімен байланыстырып, мағыналы сөйлем тізбегін құрау.

3 топ.Суретпен жұмыс арқылы еліктеуіш пен бейнелеуіштерді тауып, сөйлем құрау.

Топтық тапсырмаларды беру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мен сөйлеу мәдениетін жетілдіруге жағдай туғызу.


Топтық тапсырмаларды белсенділікпен орындауға бағыттау арқылы, жылы сөз, мадақтама арқылы бағалап отыру.

Оқушылар топтық тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттері артады, сөйлеу мәдениеттері жетіледі.




Топтық тапсырмаларды топ көшбасшылары мен топ мүшелері

Белсенділікпен орындайды.



Жинақтау

4 мин

Топтық тапсырма

«Тақырыптық теннис» ойыны

Топтық тапсырмаларды шапшаңдықпен орындауға бағыттау, бағалап отыру.

Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында ұсынылған ойынды қызығушылықпен орындайды.

Қорытынды

2 мин

«Топтастыру» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Тақырыпқа қатысты қорытынды ой айтуға жетелеу.

Оқушылар сабақтан алған тақырыптық білімдерін ортаға салып, аққала салынған суреттерді қорытынды сұрақтарға жауап бере отырып,топтастырады, құрастырады.

Бағалау

1 мин

Топтық бағалау

Бағалау шкаласы

Тапсырманы өздігімен дәптерге жазғызу.

Бағалауды басқару

Жауаптарын қабылдап, бағыт беру.

Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады.



Рефлексия








Үйге тапсырма

2 мин

Стикерлерді толтыру

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі.

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім





304-жаттығу. Жеңіс күніндегі мерекелік шеру мен отшашуды сипаттап жазу.

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну








Тақырыптық тапсырма беру

Ұсынылған стикерді толтыру









Оқушылар берілген тапсырманы күнделігіне жазады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі