400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Елін бастаған - елбасы" балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев туралы түсінік беру. Елбасының еңбегін бағалауға үйрету. Туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.Ахмиров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп балабақша кешені








Тақырыбы: «Елін бастаған - Елбасы»


«1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні»




















Тақырыбы: «Елін бастаған - Елбасы»


Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев туралы түсінік беру. Елбасының еңбегін бағалауға үйрету. Туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Оқу қызметінің презентациясы.Үнтаспа.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, ұйымдастырылған оқу қызметіне орай топ ішін безендіру (түрлі түсті шарлар, жалаушалар).

Әнұран орындалады

Балалар бәріміз шіңберге тұрайық.

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

(Тәрбиешімен бірге қимыл жасап,сергіту сәтін айту)

Еліміз, жеріміз, Отанымыз қалай аталады?

-Тәуелсіз Қазақстан Республикасы

Балалар, біздің жеріміз, орман, тау, өзен-көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ. Осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар.

— Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Қазақстан Республикасында.

— Иә, біз ірі жер көлемі бар мемлекетте тұрамыз.

— Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

— Елтаңба, Көк ту, Әнұран.

Ән: «Нұрсұлтан ата»

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Ия, балалар, біздің бүгінгі сабағымызда Нұрсұлтан атамызға арналмақ. Себебі 1-ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн.


Біздің тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өмір жолы жолы қиын болған. Елбасымыз 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы, Шамалған ауылында, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Мектепте жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұшқыш болуды армандайды. Алғашқы жұмыс қадамын Нұрсұлтан атамыз Қарағанды қаласында бастаған. Кенші атаның ескерткіші орналасқан бұл қала көмірге бай. Картадан бұл қаланы тауып белгілейік. Қазір балалар Елбасымыз Нұр-сұлтан қаласында тұрады. Бұл қала біздің елордамыз. Бәйтерек, ақорда, т.б. бар. Қане, картадан белгілейік.

Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті.

Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы түсінік беру.

Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Ту туралы түсінік беру .

 Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек — алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.


Қазақстан Туы

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның

Елтаңба негізі –Шаңырақ . Ол елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ мемлекеттің түп негізі — отбасының бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері .Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі.Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі.Тұлпар –дала дүлдүлі,ер-азаматтың сәйгүлігі,жеңіске деген жасымас жігердің ,қажымас қайраттың ,мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі.Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр.Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне.Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.Ол -өлмес өмірдің бейнесі.Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып,жұлдызыңыз жарқырай берсін»деген асыл тілекті айқындап тұр.«Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы.Елтаңбаның авторлары- Ж.Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.

Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған…
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.

Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады.Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең байтақтығы,жер мен ел байлығы ,біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан.Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды.Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды.Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов ,Нұрсұлтан Назарбаев .

Сергіту жаттығуы:

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз



Ойын:«Не жетіспейді?»

Мақсаты:Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
Ойын-шарты:Балалар мынау не?

-шеңбер
Менің қолымда сары түсті шеңбер бар.

Шеңберді неге ұқсатуға болады?

-күнге
-Күннің түсі қандай?

-сары
- Күннің пішіні қандай?

-шеңбер

Балалар,күнінің шуағы жоқ,көңілсіз екен. Күнінің көңілін көтеру үшін кірқыстырғыштардан күнге шуақ берейік.

Балалар бүгінгі оқу қызметімізде не туралы өттік?

Елбасына қандай тілектер жолдар едің?

-Балалар түрлі жауаптарын айтты.

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

(Жыр шумақты зер салып тыңдайды.)

Мадақтау.Ұйымдастырылған оқу қызметін «Атамекен» әнімен қорытындыладық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі