жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: "Энергия.Энергияның сақталу заңы" 9 сынып
Cабақтың тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материялын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
Дамытушылық: Есте сақтау, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім негіздерін қалыптастыру
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,топшамалар, сызбалар, т.б
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақты тап» әдісі арқылы
(Сұрақтардың бірнеше жауабы ұсынылады. Оқушылар қандай сұрақтар қойылғанын табу керек)
-
Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі.(күш импульсі)
-
p1+p2=p1'+ p2'(импульстің сақталу заңы)
-
К.Э.Циолковский (ғарышқа алғаш қадам жасау белгілі ғалым К.Э.Циолковскийден басталады. Циолковскийдің идеялары оның 1903 жылы шыққан «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» еңбегінде көрініс тапты.
-
(дене импульсі күш
импульсіне тең) -
Сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйе. (тұйық жүйе)
-
Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы. (реактивті қозғалыс)
-
. (дене
импульсі)
-
Жана сабақ
-
Қызығушылықты ояту.Оқушыларға суреттер көрсету арқылы ойларын тыңдау
Тапсырма: Дененің күйі, жағдайы қалай өзгереді?

Металл шардың жоғарыдан төмен
қарай қозғалысы
Серіппеге ілінге жүктің
қозғалысы
Мағыныны тану.Негізгі тапсырма жазылған қағаздар әр оқушыға бөлініп беріледі. Әр оқушы берілген тапсырма мәтінімен танысады. Әр оқушы өз білімін ортаға салып, топ ішінде толық әңгіме құрастырады.
-
Энергия – қандайұғым?
-
Механикалықкүйдегеніміз не?
-
Механикалық энергия дегеніміз не?
-
Механикалықэнергияныңқандайтүрлері бар?
-
Толықмеханикалық энергия депненіайтамыз?
-
Энергияныңсақталузаңыныңмәнісінеде?
Энергия – дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т.б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.
Күй-дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы. Механикада дененің механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек: 1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны; 2. дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.
Олай болса, бұл-нүктенің қайыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.
Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады. Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс істей алу қабілетін айтады.Энергияның өлшем бірлігі – (Е) Джоуль(Дж)
Потенциалдық энергия
Ep=m*g*h;
Дененіңкүйі - энергия

кинетикалық энергия
Еk=m*v2/2;
![]()
Потенциалдық энергия
Ep=k*x2/2;
-
Қозғалыстағы дененің энергиясы-кинетикалық энергия деп аталады.
-
Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшктерінің өз ара орналасуына байланысты энергия-потенциалдық энергия деп аталады.
Бір – бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әр кинетикалық, әрі потенциялық энергиясы болады. Мұндай денелер тұйық жүйе деп аталады. Соқтығысқан шарлардың, «ЖЖС-Жер», серіппеге ілінген жүктің тербелісі, жоғары лақтырылған шардың жоғары-төмен қозғалуы кезіндегі энергияның түрленуін мысалға қарастыруға болады( сурет бойынша).
Жүйенің толық энергиясы тұрақты болады: Етолық= Еk+ Ep=const
Энергияның сақталу заңы былай тұжырымдалады: табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.
ІV.Тапсырмалар орындау.
-
Анықтама кестесі.(үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс)
-
Деңгейлік есептер.(қабілетті оқушылармен жұмыс)
|
р.с |
физикалық шаманың атауы |
Белгіленуі |
Формуласы |
өлшем бірлігі |
|
1 |
Дене импульсі |
|
|
|
|
2 |
Күш импульсі |
|
|
|
|
4 |
Ауырлық күші |
|
|
|
|
5 |
Серпімділік күші |
|
|
|
|
6 |
Кинетикалық энергия |
|
|
|
|
7 |
Потенциалдық энергия |
|
|
|
1. Ауызша есептеу:
1.Массасы 2 кг денені 100 м биіктікке көтерген кездегі дененің потенциялдық энергиясы? (2 кДж)
2.Массасы 40 кг дене қозғалып келе жатыр оның жылдамдығы 2м/с. Кинетикалық энергиясы неге тең? (80 дж)
3.Массасы 2 кг дене 3 м/с жылдамдықпен қозғала отырып,оның кинетикалық энергиясы неге тең? (9Дж)
4.Дене массасы 2 кг дене 5 м/с жылдамдықпен қозғала келеді.Оның импульсі? (10 кг м/с )
5.Денені 5 с кезінде 7 Н күшпен әсер еткенде Дене қандай импульс алады? (35 Н*с)
2. Жазбаша есептеу. Дәптермен жұмыс жасау
I-деңгей.
-
Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңдар
-
9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең ?
II-деңгей.
-
Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясы қалай
өзгереді?
-
«Союз» сериялы ғарышкеменің массасы 6т болса, оның орбита бойымен 8 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?
III-деңгей.
-
Массасы 2кг жүкті 1 м биіктікке көтеру үшін F күші 78,5 Дж жұмыс жасайды.Жүк қандай үдеумен көтерілген.
-
Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-ден 8 м/с – қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.
V. Сабақты қорытындылау.
1.Венн диаграммасын толтыру
Еn
ортақ қасиет
Еk

-
Әртүрлі денелердің
өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия.
-
Е = mqh
-
Масса мен көтерілу
биіктігіне тәуелді
1.Өлшем бірлігі
2. Жер бетіндегі тіршілік көзі
-
Денелердің қозғалу
салдарынан туындайтын энергия
-
Е= mv2 /2
-
Дене массасы мен
жылдамдыққа тәуелді
2.Семантикалық карта арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін талдау
Семантикалық карта
|
№ |
Сұрақ |
Кинетикалық энергия |
Потенциалдық энергия |
Серпімді деформацияланған дененің потенцалдық энергиясы |
Дене импульсі |
Күш импульсі |
|
1 |
Қозғалып келе жатқан дене энергиясы қалай аталады? |
+ |
|
|
|
|
|
2 |
|
+ |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
+ |
|
|
|
|
4 |
Еп=Rx2/2 |
|
|
+ |
|
|
|
5 |
Р=mv |
|
|
|
+ |
|
|
6 |
P=FΔt |
|
|
|
|
+ |
|
7 |
Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшктерінің өз ара орналасуына байланысты энергия- |
|
+ |
|
|
|
VI.Үй тапсырмасы:§22,23 19 жаттығу №1,2,3.
VII. Бағалау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген