400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ ең басты байлық 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлімі: Денсаулық зор байлық

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Ең басты байлық

Мұғалімнің аты-жөні:Кузенбаева Гулбар Сабарбековна

Күні: 16.10.2023

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.2.5.1-оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу;

7.4.2.1-сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану;

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін таба алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Өз бетінше жұмыс жасайды. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін таба алады. Оларды синонимдік қатармен ауыстыра алады. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсінеді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін таба алады. Оларды синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, қолдана алады.

Бағалау критерийі




Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады.

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Болжау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Биология, қазақ әдебиеті

Алдыңғы оқу


Сабақтың жоспары

Жoспaрлaнғaн

уaқыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сaбaқтың

бaсы

5 мин

І. Ұйымдастыру жұмысы

2. Оқушылармен сәлемдесу ,оларды түгелдеу

3.Үй тапсырмасын сұрау



Жаңа білім

10 мин

«Болжау» әдісі.

Оқушылар бейнежазба, суреттерге мұқият қарап сабақ тақырыбын болжайды.

  • Бүгінгі тақырып қандай?

  • Бейнежазбада не туралы айтылады?

  • Суреттерден нені байқадыңдар?

  • Денсаулық туралы қандай мәлімет білдіңдер?

  • Денсаулықты қалай күтуге болады?

  • Денсаулықтың маңызы қандай?

  • Денсаулықтың кепілі не?


https://youtu.be/Pi9ZG-BtjWo










Сабақтың ортасы

20 мин

1. Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, мәтінге тірек болып тұрған сөздерді анықтап, синонимдермен ауыстырып жазыңдар.


Тірек сөз

Синоним

Ақсақал

Болашақ

Денсаулық

Байлық

Борыш


2- тапсырма: Тірек сөздерді синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазыңдар. Тақырыптар:

«Денсаулық-ел дамуының басты арқауы»

«Денсаулық-зор байлық»

«Салауатты өмір салтын ұстанайық»

3-тапсырма: Ертегідегі сөйлемдердің инотонациясын құбылтып оқып көріңдер. Интонация өзгергенде, сөйлем мағынасында қандай өзгеріс болатынын айтыңдар.

Ертегіні рөлге бөліп оқып, интонация, логикалық екпін, кідірісті дұрыс қойыңдар.

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл, құйрық жүні ұзын кезде уайымсыз жалқаулардың бірі

- О, Жаратқан ием-ай, жарық дүниеге әдейі әкелген соң, дәулеті шалқыған бай етіп жаратсаң, етті. Жалғанды жалпағынан басып, шалқып өмір сүретін жасымда ішсем – тамаққа, кисем – киімге жарымай жүрген түрім мынау! – деп уайымдап, қайғырып отырыпты.

Оның бұл мұңын естіп қалған бір ақсақал:

- Қарағым, сен несіне қайғырасың? Байлықтың бәрі өзіңде тұр ғой, - депті.

Ақсақалдың сөзін өзін мазақтағаны деп түсінген жігіт:

- Сіз қайдағы байлықты айтып тұрсыз?-деп ашуланыпты.

Ақсақал ештеңе болмағандай сабыр сақтай отырып:

- Шырағым, сен андағы екі көзіңді маған сатшы. Мен саған қалағаныңша алтын мен күміс берейін!-дейді.

Жігіт одан да қатты ашуланып:

- Екі көзден айрылғаннан кейін сіздің алтын, күмісіңіздің керегі не? Ондай байлығың өзіңе!-депті.

Осылайша ары қарай он екі мүшесіне біртіндеп саудаласып, сұрай бастаған ақсақалға әбден ашуы келген жігіт:

- Ат басындай алтын берсеңіз де ешқайсысын сатпаймын! Өйтіп мүгедек болар жайым жоқ! - деп кесіп айтады.

Сонда барып ақсақал:

- Е, балам, ендеше адамның ең қымбат байлығы – денінің саулығы! Сен сияқты он екі мүшесі түгел адам – бай адам. Оны ешқандай байлыққа, алтын мен күміске айырбастап ала алмайсың!


О
қулық

Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасын беру:

«Мен денсаулығымды қалай күтемін?»тақырыбына эссе жазу

Рефлексия: Оқушылар өтілген тақырып бойынша өздерінің материалды түсінген-түсінбегенін стикерлер арқылы көрсетеді.

Picture 2 Picture 5 Picture 6





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.10.2023
310
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі