жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Ең жақсы мамандық" 5-сабақ, 8-бөлім
Тастаева Толкын Бакытовна
Қызылорда қаласы, И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицей
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог -зерттеуші
-
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
-
Сыныбы: 6 сынып, ІІІ тоқсан
-
Бөлім: 8 «Болашақтың мамандықтары»
-
Тақырыбы: «Ең жақсы мамандық»
Сабағымыздың оқу мақсаттары:
6.2.6.1. тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша мәселені шынайы өмірмен әңгіме құрастыру;
6.4.5.1 жазба жұмыстарында болымсыз етістікті ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу;
Оқушыға айтылатын сабақ мақсаттары:
-
тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша мәселені шынайы өмірмен әңгіме құрастыратын боласыңдар.
-
жазба жұмыстарында болымсыз етістіктерді ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жаза алатын боласыңдар.
-
Сәлеметсің бе, Жас дос! Жаңа сабаққа қош келдіңіздер. Бүгінгі күндерің сәтті өтсін! Сабағымызға дайын болсаңдар, бастайық.
-
Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: 5 сабақ, 8-бөлім «Болашақтың мамандықтары» «Ең жақсы мамандық» (Самая лучшая профессия)
Осы сабақта жаңа сөздер мен мамандық атауларын білетін боласыңдар.
Сабақтың мақсаты:
6.2.6.1. тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша мәселені шынайы өмірмен әңгіме құрастырасыңдар.
6.4.5.1 жазба жұмыстарында болымсыз етістікті ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазатын боласыңдар.
Слайд: 1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Жаңа сөздерді тыңда, қайтала, жаттап ал, сөздік дәптерге жаз. (Слушай, повтори, выучи, напиши в словарь)
Жаңа сөздер:
сәйкес – в соответствии
қаржыгер – финансист
сұраныс – спрос
заңгер – юрист
дінтанушы – религиовед
оқытушы – преподаватель
бағдарламашы – программист
ақпарат беруші – инфобизнесмен
аудармашы – переводчик
графикалық дизайнер – графический дизайнер
3Д модель жасаушы – разработчик 3Д модели
әлеуметтік медиа маманы –специалист по социальным медиа SOСIAL MEDIA (SMM)
Слайдпен қайталау


Балалар, етістіктің шақтарын, қосымшаларын қайталап, еске түсірейік.
|
етістіктің шақтары |
қысқаша ережесі |
қосымшасы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Слайд: 2-тапсырма. Суретпен жұмыс.
Жаңа сөздерге мән бер. Сөзбен суретті сәйкестендір. Өзің қалаған мамандық туралы айт. Етістіктерді үш шақта қолдан.



қаржыгер инфобизнесмен заңгер дінтанушы оқытушы
бағдарламашы аудармашы графикалық дизайнер әлеуметтік медиа маманы
Слайд: 3-тапсырма. Сұрақ-жауап
-
Сенің ата-анаң қандай мамандық иелері? Менің анамның мамандығы – мұғалім. Балаларды оқытады.
-
Саған қандай мамандықтар ұнайды? Маған мұғалім мамандығы ұнайды.
-
Қандай мамандықтардың болашағы бар деп ойлайсың? Мұғалім мамандығының болашағы бар. ХХІ ғасырда адам сауатсыз болмайды.
-
Ең жақсы мамандық қандай мамандық? Ең жақсы мамандық – мұғалім. Балалармен жұмыс жасайды.
Сергіту сәті. «Геометриялық психология» тесті
1978 жылы америкалық психолог СЮЗЕНЬ ДЕЛЛИНДЖЕР 5геометриялық фигура негізінде психологиялық тест жасады.
Осы 5 фигураның бірін таңдай отырып, өзіңізге қандай мамандық лайық екенін білесіз.

![]()
Дөңгелекті таңдасаңыз - өз ортаңызда өзіңізді бақытты сезінуді маңызды санайтын жансыз. Өзгелердің қуанышы мен қайғысын да өз басыңыздағыдай қабылдайсыз. Сізге: әртіс, маркетолог, тарихшы, мұғалім, мейрамхана иесі, үй қызметкері болу жарасады.
Шаршыны таңдасаңыз – еңбекқор адамсыз, бастаған істі орта жолдан тастамайсыз. Төзімділік, жүйелілік, дәйектілік жұмыстағы басты қасиетіңіз. Миыңыздың сол жақ бөлігі жақсы дамыған. Демек, логикаңыз дамыған. Сізге: есепші, бағдарламашы, банк қызметкері, инженер, дәрігер, жүргізуші мамандықтары дәл келеді.
Үшбұрышты таңдасаңыз – сіз өте жақсы менеджерсіз. Жаңа ақпаратты бірден қағып аласыз да талдап, сараптап, жіпке тізіп шығасыз. Біліктілігіңіз бойыңызға сенімділік ұялатады.Барлығын дұрыс жасауға талпынасыз. Сізге: архитектор, экономист, саясаткер, әскери қызмет, менеджер, қорғаушы, дизайнер.
Тіктөртбұрышты таңдасаңыз – сіз өз өнеріңізді бағаламайсыз. Ештеңеге қабілетім жоқ деп ойлайсыз. Жаныңыз сүйетін іске тәуекелге бел буыңыз. Сізден: бөлім басшысы, кәсіпкер, аниматор шығуы мүмкін.
Иректі таңдасаңыз – шығармашылық адамысыз. Өмірден тек сұлулықты көресіз. Бір орында отырып ұзақ жұмыс істей алмайсыз. Креативті идеяға байсыз. Сізден: зерттеуші, дизайнер, өнертапқыш, музыкант, жазушы, суретші мамандықтарында бақ сынап көрсеңіз болады.
Слайд. 4-тапсырма. Мәтінді оқы. Етістіктерді тап.
Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан өзгеріп отырады. Зерттеушілердің болжамы бойынша, болашақта инженерлерге сұраныс көбейеді. Өйткені қазір қоғамда кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс көп. Екінші орында IT-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер тұр. Бүгінгі таңда кез келген мекемемен кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб-дизайнерлер кәсіпорынды сайт арқылы таныстырады.
Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар нанотехнологиямен байланысты болады. Нанотехнология ғылымның барлық саласын қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, ғарыш технологиясы және т,б.
Бүгінгі таңда биотехнология, электроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсеті, қаржыгер, заңгер, логис сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Қоғамда аспаз, нан өнімдерінің шебері, тігінші, автомеханик, құрылысшы, сылақшы, ұста, сәулетші, техник-сантехник, медбике сияқты мамандық, кәсіп иелерінің орны бар.
Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы, дінтанушы мамандықтарының орны бөлек.
Жазылым тапсырмасы сыныпта
Сабақты қорытындылау.
-
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда жаңа мамандық түрлерімен таныстық, Етістіктерді табуды үйрендік.
Рефлексия «Рефлексия пирамидасы»
1. Сіз бұрыннан білетін 4 нәрсе.
2. Сіз үйренген 3 нәрсе.
3. Сіз көбірек білгіңіз келетін 2 нәрсе.
4. Есіңде сақтау керек маңызды 1 нәрсе.
Үйге. «Ең жақсы мамандық» тақырыбында эссе жазу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген