400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ең жақсы мамандық 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мазмұны оқушыларды әр мамандықты құрметтеуге шақырады.Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер мен жұмыс формалары арқылы оқушылар бойына -еңбек пен шығармашылық; -азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтарды сіңіреді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 8-бөлім. Болашақтың мамандықтары

Мұғaлiмнiң aты-жөнi: Добарова Айгуль Кабдуалиевна

Мектеп: «№32 ЖББОМ» КММ

Сынып: 6 Қaтысқaндaр: Қaтыспaғaндaр:

Сaбaқ тaқырыбы

Ең жақсы мамандық

Осы сaбaқтa қол жеткiзiлетiн оқу мaқсaттaры

6.2.6.1. тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру;

6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу;

Сaбaқ мaқсaты

  1. Тірек сөздердің мағынасын түсіну;

  2. Қосымша жалғауда үндестік заңын қолдану, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу;

  3. Тірек сөздерді пайдаланып, сюжетті суреттермен әңгіме құрастыру;

Бaғaлaу критерийi

  • тірек сөздердің мағынасын түсінеді;

  • үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай жазады;

  • сюжетті суреттердің желісімен тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастырады;

Тiлдiк мaқсaттaр

Тақырыпқа қатысты терминдер: үндестік заңы, қосымша

Сөздік қор: қаржыгер, сұраныс, заңгер, дінтанушы, оқытушы, бағдарламашы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Мамандық деген не?

Мамандықтың қандай түрлерін білесіңдер?

Сенің ата-анаң қандай мамандықтың иелері?

Саған қандай мамандықтар ұнайды?

Құндылықтaрғa бaулу

Сабақ мазмұны оқушыларды әр мамандықты құрметтеуге шақырады.Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер мен жұмыс формалары арқылы оқушылар бойына

-еңбек пен шығармашылық;

-азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтарды сіңіреді


Пәнaралық бaйлaныс

Сабақ мазмұны өзін-өзі тану пәнімен ортақ тақырыптар арқылы байланысады.Сабақтағы қолданылатын ресурстар мен орындалатын тапсырмалар жүйесі мамандық саласымен байланысты.

Aлдыңғы бiлiм

Оқушылар 5-сыныптан тірек сөздерді қолданып, иллюстрацияларға сипаттама беруді үйренген. Үндестік заңы туралы түсініктері бар.

Сaбaқ бaрысы

Сaбaқтың жоспaрлaнғaн кезеңдерi

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сaбaқтың бaсы –

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау.


С. Психологиялық ахуал «Жылы лебіз» әдісі

Сыныпта жақсы психологиялық атмосфера болу үшін оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріңе жақсы лебіздерін білдіреді. Осы күнге сәттілік тілейді.


Топтастыру. «Пазл құрастыру» әдісі арқылы сыныпты үш топқа бөлу:

1-топ. Мұғалім

2-топ. Инженер

3-топ. Әнші


Алдыңғы білім бойынша кері байланыс. «Попкорн» әдісі арқылы мамандық туралы білімдерін еске түсіру.

  1. Мамандық деген не?

  2. Мамандықтың қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Сенің ата-анаң қандай мамандықтың иелері?

  4. Саған қандай мамандықтар ұнайды? Неге?


Ынталандыру: «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс

Бас бармақ жоғары қарап тұрса – Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса – Мен толық түсінбедім.

Бас бармақ төмен қарап тұрса – Мен түсінбедім.









Топқа бөлуге арналған суреттер қиындысы (пазлдар)



Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер: оқу құралы. – А: «НЗМ» ДББҰ ПШО, 2014. – 78-84-б.

Сaбaқтың ортaсы

28 минут


Мәтіналды жұмыс

ТЖ. «Сәйкестендіру» әдісі

«Мамандықтар» тақырыбында суреттерді олардың атауларымен сәйкестендіріңіз.

Кесте

  1. қаржыгер

  2. заңгер

  3. дінтанушы

  4. оқытушы

  5. бағдарламашы

  6. инженер

  7. әнші

  8. сұраныс



Жаңа сөздермен жұмыс: Мұғалім интербелсенді тақтада берілген тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Жаңа сөздер: қаржыгер-финансист, заңгер-юрист, дінтанушы-религиовед, оқытушы-преподаватель, бағдарламашы-программист, әнші-певец, певица, сұраныс-спрос .


Мәтінмен жұмыс

ТЖ. «Джигсо» әдісі

2-тапсырма. Мәтінмен танысып, негізгі ақпарат беретін тірек сөздерді анықтаңдар. (Оқушыларға мәтіннің бөліктері ұсынылады. Мәтіннің бөліктерін «Джигсо» әдісі арқылы меңгереді.)


Мәтін:

Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан өзгеріп отырады. Зерттеушілердің болжамы бойынша, жақын болашақта инженерлерге сұраныс көбейеді. Өйткені қазір қоғамда кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс көп. Екінші орында IT-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер тұр. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб-дизайнерлер кәсіпорынды сайт арқылы таныстырады.

Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар нанотехнологиямен байланысты болады. Нанотехнология ғылымның барлық саласын қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау, ғарыш технологиясы және т.б. Бүгінгі таңда биотехнология, электроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету, қаржыгер, заңгер, логист сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие.

Қоғамда аспаз, нан өнімдерінің шебері, тігінші, автомеханик, құрылысшы, сылақшы, ұста, сәулетші, техник-сантехник, медбике сияқты мамандық иелерінің орны бар. Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы, дінтанушы мамандықтарының орны бөлек. (124 сөз)


Мәтіннен кейінгі жұмыс

ЖЖ. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңдар.

Тірек сөздер: мамандық, сұраныс, дінтанушы, бағдарламашы, инженер.


Тапсырма арқылы саралау:

А. «Ақпараттық ақауды толтыру» әдісі. Сөйлемдерде бос тасталған орындарға тиісті тірек сөздерді орналастырады.

Мысалы:

... барлығы пайдалы. Қоғамда түрлі мамандықтарға ... бар.

Рухани әлемді дамытатын мамандықтың бірі - ... . Бүгінгі таңда сұраныс бойынша екінші орында тұрған мамандықтар ..., ... .


В. «Реттілікпен орналастыр» әдісі. Жекелеген сөздерді ретімен орналастыру арқылы сөйлем шығарады.

Мысалы:

1. барлық, пайдалы, мамандық

2. бар, түрлі, сұраныс, қоғамда, мамандықтарға

3. дамытатын, рухани, бірі, дінтанушы, мамандықтың

4. тұрған, сұраныс, бағдарламашы, екінші, бойынша, орында, бүгінгі, мамандықтар, таңда, инженер


С. Дербес өз ойларынан сөйлемдер құрастыра алады.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Тірек сөздердің мағынасын түсінеді

  • тірек сөздерді орынды қолданады;

  • сөйлем құрылымын сақтайды;

ҚБ. Өзара бағалау. «Стикерлер» әдісі


Ж. «Суреттер сөйлейді» әдісі

Құрған сөйлемдерің мен сюжетті суреттерді пайдаланып, мамандықтар туралы әңгіме құрастырыңдар.

Бағалау критерийі

Дескриптор

- үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай жазады;

- сюжетті суреттердің желісімен тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастырады;

  • сөйлемдер суреттегі оқиғаның мәнін ашады;

  • орфографиялық норманы сақтап, сауатты жазады;


ҚБ. Өзара бағалау. «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы оқушылар өзара кері байланыс береді.

1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;

2- бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;

3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...

Интербелсенді тақта




https://yandex.kz/images/search?text=картины профессий



























Оразбаева Ф.,

Дәулетбекова Ж., Рауандина А., Рахметова Р., Юсуп А. Қазақ тілі мен әдебиеті: қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған оқулық. Бәйшешек. –

Көкжиек- Горизонт, 2018. –

12-б.








































https://www.google.kz/search?q=мультфильмы+про+профессии+в+картинках


Сaбaқтың соңы

7 минут


Рефлексия «Рефлексия пирамидасы»

1. Сіз бұрыннан білетін төрт нәрсе.

2. Сіз үйренген үш нәрсе.

3. Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе.

4. Есіңе сақтау керек маңызды бір нәрсе.

Үй жұмысы. «Ең жақсы мамандық» тақырыбында эссе жазу


Қосымшa aқпaрaт. Сұранысқа ие мамандықтар жайлы түсінік беру

Сaрaлaу: Сiз қaндaй тәсiлмен көбiрек қолдaу көрсетпексiз? Сiз бaсқaлaрғa қaрaғaндa қaбiлеттi оқушылaрғa қaндaй тaпсырмa бересiз?

Бaғaлaу: Сiз оқушылaрдың мaтериaлды игеру деңгейiн қaлaй тексерудi жоспaрлaп отырсыз?

Денсaулық және қaуiпсiздiк техникасын сақтау

Сыныптағы саралау жұмысы тапсырма арқылы саралау жолымен жүзеге асырылады.

Айталық, мәтіннен кейінгі жұмыс бойынша жұмыс істегенде Барынша қолдау қажет ететін оқушылар сөйлемдерде бос тасталған орындарға тиісті тірек сөздерді орналастырады, осында толық қолдау көрсетемін.Орташа қолдау қажет ететін оқушылар жекелеген сөздерді ретімен орналастыру арқылы сөйлем шығарады. Қолдауды қажет етпейтін оқушылар дербес өз ойларынан сөйлемдер құрастыра алады.



Сыныптағы бағалау оқушылардың жұптық, топтық жұмыстарына объективті түрде кері байланыс беру арқылы жүзеге асырылады. Кері байланыс беруде мұғалім оқушылардың бағалау критерийлері мен дескрипторларды негізге алып сөйлеуін қадағалайды. Қалыптастырушы бағалауда оқушы жұмысында «нені жақсарту керек?» дейтін сұрақтарға жауап табуға бағытталып отыру қажеттілігі ескеріледі. Сабақтың басында ынталандыратын үшін «Бас бармақ» әдісі жүргізіледі, сабақтың ортасында «Мадақтау сэндвичі», «Стикерлер» әдісі арқылы бағалау өткізіледі.

Сабақ соңындағы

«Рефлексия пирамидасы» рефлексиясы келесі сабақты жоспарлауға негіз болады.

Оқушылардың сабақтағы физиологиялық психологиялық дамуларын сақтау мақсатында сабақ «Жылы лебіз», «Пазл құрастыру», «Попкорн», «Джигсо»,«Сәйкестендіру», «Суреттер сөйлейді» сияқты оқытудың интербелсенді әдісіне негізделіп құрылады. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында сынып сабақ өткізуге қажетті құралдармен, АКТ-мен жабдықталады.


Сaбaқ бойыншa рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жaлпы бaғaлaу

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
1179
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі