жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ең жақсы мамандық 6 сынып
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Қазақ тілі мен әдебиеті 8-бөлім 5 сабақ |
Болашақ мамандықтары
|
|||||||
Сабақ тақырыбы |
Ең жақсы мамандық |
|||||||
Мұғалімнің аты-жөні: Бүйрекбай Бибінұр Азаматқызы |
||||||||
Сынып: 6 - сынып |
Қатысқандар:15 |
Қатыспағандар: жоқ |
||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
6.1.6.1 Тыңдалым. Болжау.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру 6.2.6.1 Айтылым. Сөздік қорының алуандығы. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру |
|||||||
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: тыңдалым материалдарының мазмұнын түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап береді Кейбір оқушылар орындай алады: тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады
|
|||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап бере алады |
|||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сәйкес, қаржыгер, сұраныс, заңгер, дінтанушы, оқытушы, бағдарламашы
|
||||||||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: тырыс, дамыт, арманда, қаржыгер, заңгер, сәулетші, оқытушы, ірікте, салыстыр
|
||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Сенің ойыңша ең жақсы мамандық қай мамандық? Сенің арманыңдағы мамандық қандай? Жақсы маман болу үшін не істеу керек? |
||||||||
Құндылықтарға баулу |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
|
|||||||
Пәнаралық байланыс |
Өзін-өзі тану, әдебиет, музыка, тарих, өнер, биология, география, математика |
|||||||
Алдыңғы оқу: |
Сан түрлі мамандықтың әр қыры |
|||||||
Сабақ барысы |
||||||||
Уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындау. Айтылым. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. 1 тапсырма. Суретті қолдана отырып, сұрақтарға жауап береді, сабақтың тақырыбын түсінеді. Оқушылар қайда отыр? Олар не істеп отыр? Кітапханаға не үшін келді? Мектепте кітапхана бар ма? Сен соңғы рет қашан кітап алдың? Ол қандай кітап еді? Жаңа сабақ. Мәтіналды жұмыс. Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысады. |
Қалыптастырушы бағалау
|
Ресурстар |
|
||||
Сабақ басы |
||||||||
2 мин |
1-әрекет. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал ! Күлім қағып қолымды 1,2,3 деп соғайық Қарап тұран көршіме Қолымды мен бұлғайын Жылы-жылы жүзбенен Маңдайынан сипайын Жылы-жылы сөзбенен Жүрегімді сыйлайын Ыстық алақаныммен Қолыңды бір қысайын Амандасып өзіңмен Құшақтап бір алайын |
|
Таратпа қағаз |
|
||||
2 мин |
2-әрекет «Билеттер арқылы вагонға отырғызу» әдісі бойынша топқа бөлінеді. Қолдарындағы билетте бейнеленген суреттердің мағынасын сұрап сабақ тақырыбын айқындау. Сабақ мақсатымен таныстыру.
|
|
Суреттер |
|
||||
Сабақ ортасы |
||||||||
5 мин |
Бағалау критерийі: тыңдалым материалдарының мазмұнын түсінеді. 3-әрекет. Ұжымдық жұмыс: мәтінді аудиодан 2 рет тыңдайды. Тыңдалған мәтінге байланысты жетекші сұрақтарға жауап береді. Мысалы:
|
Ұжымдық жұмыс: сұрақ – жауап әдісі |
Аудио
|
|||||
7мин |
4 – әрекет. Жұптық жұмыс: -«Кувертка» әдісі бойынша жұптар тірек сөздерді (жаңа сөздерді) пайдаланып, кезек – кезек идея жазады. Жазылған идеяларды келесі жұптармен алмасады. Сәйкес – в соотсветствии с Қаржыгер – финансист Сұраныс – спрос Заңгер – адвокат Дінтанушы – богословы Оқытушы – учитель Бағдарламашы – программист
|
Жұптар бірін – бірі түрлі – түсті жеміс – жидектермен бағалайды: Қызыл алма – ұнады Жасыл алмұрт – ұнады, бірақ, кей шеттерін түзету керек сияқты Сары өрік – жұмыс жақсы, дегенмен толықтыруларды қажет етеді |
АКТ Презентация А-4 парағы Түрлі – түсті қағаз |
|||||
3 мин |
5 – әрекет. Сергіту сәті: «Кездесу» ойыны |
|
|
|||||
10 мин |
6 – әрекет. Бағалау критерийі: тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап береді Мәтінді екі топтан екі оқушы абзацқа бөліп оқиды. Жетекші сұрақ қою арқылы «Пікірталас» әдісі бойынша оқушылар бір-бірімен пікірталасқа түсіп, шынайы өмірмен байланыстырады. Мысалы:
Дескриптор: - тыңдалым мәтінін тыңдайды - пікірталасқа түседі - тыңдалған мәтінді шынайы өмірмен байланыстырады
|
Ұжымдық жұмыс: Жұмыс барысында қарым – қатынас жасаудың қай стилі басым болды?... сауалы бойынша өздерін бағалау. |
Мәтін |
|||||
8 мин
|
7-әрекет. Бағалау критерийі: тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады Топтық жұмыс: әңгіме құруға арналған тірек сөздер әр топтың алдына таратылады. Интерактивті тақтадан суреттер желісі көрсетіледі. Көрсетілген суреттер желісіне қарап, топ әңгіме құрастырады. Дескриптор: - тірек сөздермен танысады - суреттерді көріп танысады; - көрсетілген суреттер желісіне қарап, топ әңгіме құрастырады.
|
Топтық жұмыс: топтар құрған әңгімелерін тыңдай отырып, бірін – бірі бағалайды
|
Сөздік АКТ Интерактивті тақта Сурет Таратпа қағаз |
|||||
Сабақ соңы |
||||||||
3 мин |
«Заман ағысына қарай, мамандық таңдау маңызды» 1 сөйлем әдісімен сабақты қорыту |
Жеке жұмыс: «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі бойынша сабақ ұнады/ ұнамады |
Таратпа қағаз |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген