Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ең үлкен байлық 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтін мазмұнына жоспар құрып баяндайды, мекен және мезгіл үстеулерді ажыратып, қолдана алады.Тақырып бойынша мекен және мезгіл үстеулерді қатыстырып эссе жазады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Денсаулық - зор байлық. Мектеп: №17 мектеп-лицей

Күні: 20.04 Мұғалімнің аты-жөні: Пусирманова Г.Е.

Сынып: 5 Қатысқандар: 14 Қатыспағандар:0

Сабақ тақырыбы:


Ең үлкен байлық

Осы сабақтақол жеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламысына сілтеме)

5А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.

5ТБ. Мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда қолдану.

Сабақ мақсаты



Барлық оқушылар: Мәтін мазмұнына жоспар құрып баяндайды, мекен және мезгіл үстеулерді ажыратып, қолдана алады.

Оқушылардың көбісі: Берілген тақырыпқа ассоциация құрып, ойларын дәлелдейді.

Кейбір оқушылар: Тақырып бойынша мекен және мезгіл үстеулерді қатыстырып эссе жазады.

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану.


Бағалау критерийі

  1. Мәтін мазмұнына сай жоспар құрып, мазмұндайды;

  2. Мекен және мезгіл үстеулерді ажыратып, қолданады, эссе жазады;

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Рухани, күш-қуат, айырбастау

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: тас қашаушы, нағыз бай, жақсы өмір, бай адам, ең үлкен байлық.

Жоғары дәрежелі сұрақтар:

  1. Денсаулықты байлық сөзінің синонимы ретінде қарастыруға бола ма?

  2. Денсаулықты қалай сақтаймыз?

  3. Денсаулық дегенді қалай түсінесің?

  4. Материалдық байлық пен рухани байлықтың айрмашылығы неде?

Ым-ишара: Бас изеу, күлімдеу, қол сермеу.

Құндылықтарға баулу

« Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының бесінші құндылығына сәйкес еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

Биология, орыс тілі пәндерінде алған білімдерімен ұштастырамын.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Дәрумендер-денсаулық кепілі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен)

Ресурстар


Сабақтың басы





12 мин

Топқа бөлу « Кір жаятын жіп» әдісі арқылы.

Ілінген стикерлердің артына жазылған сұраққа жауап алу арқылы алдыңғы білімді қайталаймын.

- Адам неге жуынады?
- Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
- Тазалықтың достары мен дұшпандарын білесің бе?
- Жеміс – жидектерді қалай жейміз?













« Денсаулық –басты байлық» тақырыбында бейнероликті көрсетіп, «Болжау» әдісі арқылы түрткі сұрақтармен тақырыпты ашамын.

  • Денсаулықты байлық сөзінің синонимы ретінде қарастыруға бола ма?

  • Денсаулықты қалай сақтаймыз?

  • Денсаулық дегенді қалай түсінесің?

  • Материалдық байлық пен рухани байлықтың айрмашылығы неде?

Сабақ мақсаты, бағалау критерийімен таныстырамын.

Оқулық, стикерлер, түрлі түсті қима қағаздар.











Суреттер

Жіпте жайылған әртүрлі түсті фотосреттерді алып, түсіне сай топтарға бөлінеді.











Yys60r2evUIWZNQ сілтеме

Сабақтың ортасы


20 мин

Мәтіналды жұмыс

«1 минуттағы ой» әдісі арқылы ой түрткі сауалын ұйымдастырамын.

- Мәтін не туралы?

1- тапсырма (ТЖ) Мәтінмен жұмыс. Үлестірме қағазбен мәтін таратып беремін, мәтінді түсініп оқып, азат жолдар бойынша шағын жоспар құрайды. Жоспар негізінде «Мен саған,сен маған» әдісі бойынша мәтінді тізбектеп мазмұндайды.

Жоспар:

  1. ____________

  2. ____________

  3. ____________

Дескриптор:

  1. Мәтіндегі азат жолдар бойынша жоспар құрып, мазмұндай алады.

ҚБ: « Екі жұлдыз, бір тілек»

2- тапсырма. (ТЖ) Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Ой қозғар» әдісі арқылы 1-топ «байлық» ұғымына қатысты ассоциация құрады, 2- топ мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді, 3- топ мәтіннен мезгіл және мекен үстеулерді тауып ажыратады.

  1. Мәтінде не туралы айтылған?

  2. Жас жігіт неге жылады?

  3. Ақылшы қария -кім?

  4. Қария жігітке не деді?

  5. Жігіт неге шошып кетті?

  6. Қария неге денсаулықты байлық деп бағалады?

  7. Мәтінге қандай ат лайық? Неге?

Дескриптор:

  1. «Байлық» ұғымына қатысты ассоциация құрады.

  2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

  3. Мәтіннен мезгіл және мекен үстеулерді ажыратады.

ҚБ: « Екі жұлдыз, бір тілек»

Ширату жаттығуы «Қызықты деректер» әдісі бойынша

  1. Адам ағзасында неше литр қан бар деп ойлайсыздар? (5 литр)

  2. Адам миының жадысы қанша деп ойлайсыздар? (4 терабайт)

  3. Ер адамның жүрегі тез соға ма, әйел адамның жүрегі тез соға ма? (әйел адам)

  4. 4 жасар бала күніне неше сұрақ қояды деп ойлайсыз? (450 сұрақ)

  5. Балалар жылдың қай мезгілінде тез өседі деп ойлайсың? (көктемде)

3-тапсырма (ЖЖ) «Бірлескен жазылым» әдісі арқылы. «Денаулық-зор байлық » деген тақырыпта эссе жазады. Бұл жерде мен «Модельдеуші мұғалім» рөлінде боламын, яғни балаларға бағыт-бағдар бере жүріп, кездескен, қиындық туғызған ситуациялық сұрақтардың шешімін оқушыларыммен бірге талқылаймын.

  • Эссе дегеніміз не? ((эссе дегеніміз-француз тілінен essai-тәжірибе, латын тілінен-exagium-құрау)-автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін)

2. Құрылымы қандай болуы керек?

Құрылымы

Жұмыс көлемі

Кіріспе (тақырыптың өзектілігі, тезистік ой)

20%

Негізгі бөлім (тезистік ойды дәлелдейтін 3 аргумент, дәлел болу керек, өзіндік пікір, көзқарас жазылады)

60%

Қорытынды (жалпы ойды қорыту)

20%

ҚБ «Бір медаль,бір миссия» әдісі арқылы жүзеге асырамын.

ҚБ Ауызша марапаттап, ұсыныс айтамын.

Дескриптор

  • Эссенің құрылымын сақтайды;

  • Эссені сауатты жазады.


Үлестірме қағаз




Соңы


Кері байланыс


8 мин




Кері байланыс: «Білім қоржыны» әдісі арқылы кері байланыс, түсінбеген сұрақтарын « 1 минуттық ой қозғау» әдісі арқылы талдап жіберемін.

Picture 5


Саралап оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралап оқытуда ерекше қабілетті оқушылар мен ерекше қажеттілігі бар оқушылар ескерілді. Ауызша марапаттап, ұсыныс айтамын.Сабақ барысында оқушылардың білімін шыңдау мақсатында ой түрткі сұрақтарын беріп отырдым. Тыңдалған мәтіндегі негізігі мәселені және мазмұнын қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында жетекші сұрақтар қоямын.



ҚБ: « Екі жұлдыз, бір тілек»

ҚБ «Бір медаль,бір миссия» әдісі арқылы жүзеге асырамын.

Кері байланыс: «Білім қоржыны» әдісі арқылы кері байланыс, түсінбеген сұрақтарын « 1 минуттық ой қозғау» әдісі арқылы талдап жіберемін.

Оқушылардың жетістіктеріне мадақтау сөздер айту, ым-ишара арқылы және дескриптор талаптарына сәйкестігі арқылы бағалаймын.







Ширату жаттығуы «Қызықты деректер» Оқушыларды шаршатпау үшін- ширату жаттығуын сабақ үдерісінің ортасында орындатамын. АКТ-ны тек керек кезінде қосамын.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
4541
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12