400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ең үлкен, ең кіші, ең қымбат, ең ауыр кітаптар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұнда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдер үшін және жас мамандар үшін сабақта жаңа әдістерді жеті модульді тиімді өолдана білудің жолы көрсетіледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:10.04.2019ж

Мектеп: Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Ш.Ажибекова

Сынып:

Оқушы саны:

Қатысқаныдар: Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

9. Әлемдегі ірі кітапханалар

Морфология

Сабақтың тақырыбы

Ең үлкен, ең кіші, ең қымбат, ең ауыр кітаптар

Сабақтың оқу мақсаттары

6.2.5.1.- мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру

6.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу;

6.4.4.3 - үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану;

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы орындай алады: Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды және сұрақтар қоя алады.

Көпшілік оқушылар орындай алады: оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді және жинақы мәтін жаза алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жинақы мәтінінде күшейткіш үстеуді қатыстыра алады.

Бағалау критерийі

Күшейткіш үстеу туралы біледі.

Оқылым мен жазылым материалдарынан үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады

Жинақы мәтін құрауда үстеудің түрлерін қолданады.

Тілдік мақсаттары

Үстеулерді сөйлемде жазылу ережесін біліп, қолданылуын дағдыға айналдырады

Пәндік қатысты лесика және терминология: күшейткіш үстеуді үстеудің басқа мағыналық түрлерінен ажырата алады.

Диалог/ жазылымға қажетті тіркестер:

-Кітап туралы қандай қызықты мәліметтерді білесіңдер?

Көлемі жағынан ерекше кітаптар шығаруда қандай мақсат көзделді деп ойлайсыңдар?

Кітаптар неге қымбат бағаланды?

Құндылық-тарға баулу

Кітапың маңыздылығын және адамның рухани дамуына ықпалын түсінуге тәрбиелеу

АКТ-ны қолдану

Проектор, презентация

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, бейнелеу, технология

Алдыңғы білім

Кітап және кітапхананың маңыздылығын және жеке кітапхананың болуы туралы түсініктері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут







1 минут












5 минут

Психологиялық жағымды ахуал жасау:

Шаттық шеңберіне оқушыларды «Тілек айт та таңдап ал»әдісі арқылы бір –біріне сәттілік тілей отырып, таңдап алған гүлдің түріне қарай төрт топқа біріктіремін.

Топтың ережесін әр топ суретті жұмбақтарды шешу арқылы жасайды.

  1. Тәртіптілік

  2. Талаптылық

  3. Терең ойлау

  4. Тиянақтылық


(Сабақ барысындағы әрбір тапсырма «Бәйтерек кешенінің» бөлшектерін құрастырумен ынталандырылатын ескертіп қоямын.)


Өткенге шолу жасау:

«Бумеранг» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталай отырып, топаралық бір-біріне сұрақтар қояды және бұл әдіске топ мүшелерінің барлығы қатысады.




Гүлдердің макеттері



Топ ережесін әр топқа суретті жұмбақты үлестірмелі тарпатпа беріледі.

Топтың әрбір жауабы «Бәйтерек» макетінің бөлшектері ынталандыру мақсатында құрастырылып отырады





Сабақтың ортасы

3 минут
















3 минут















5 минут












5 минут







3 минут








6 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін «Қара жәшік» әдісін қолданамын. Жәшікке кітап салып қойып,оны төмендегі сұрақтар арқылы сипаттаймын

-Бұл ең сабырлы ұстаз

-Қайырымдылық пен айуандықты танытады

-Ақиқат пен жалғанның аражігін ажыратуға үйретеді

-Оған адалдық танынтқан жөн

-Ол саған ақылшы бола алады

-Оны қолдан жасайды

-Ол әртүрлі болады

-Оны білімділер қадірлейді...

Жұптық жұмыс

«Ойлан, жұптас, бірік» әдісі арқылы «кітап» сөзіне ереже шығартамын. Сондай-ақ, оны елбасының ойымен нақтылау.

Кітап - ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танытып білуге үйретеді. Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық! (Н.Ә.Назарбаев)

Оқылым

1-жаттығу

«Түртіп ал, сұрақ құрастыр» әдісі арқылы мәтінде көтерілген мәселені анықтауға бағытталған үш сұрақ әрі үш жауап дайындайды.

Ой түрткі

Кітап туралы қандай қызықты мәлімет білесіңдер?

Көлемі жағынан ерекше кітаптар шығаруда қандай мақсат көзделді деп ойлайсыңдар?

Кітаптар неге қымбат бағаланды?

ӘТН

Тыңдалым

Электронды оқулықтан күшейткіш үстеу туралы мәлімет тыңдатамын.

Күшейткіш үстеу мазмұнын «топтастыру» кестесіне салдырамын

2- жаттығу

«Айналмалы бекет» әдісі арқылы күшейткіш үстеулерді қатыстырып, оқылым мәтінінен сөйлем жазады.Топтағы барлық оқушы жұмыс жасайды.

Жазылым

4- жаттығу

«Ғибратты сөз» айдарында берілген пікір негізінде «Төрт сөйлем» тәсілімен пікір, дәлел, мысал, қорытынды жаздырамын

Дескриптор

1. Өзіндік пікірді 1 сөйлеммен білдіреді.

2. Пікіріне дәлелді 1 сөйлеммен жазады.

3. Дәлелге 1 сөйлеммен мысал табады.

4.Ойын 1 сөйлеммен қорытындылайды.

5. Төрт сөйлемнен тұратын жинақы мәтін шығарады.


Қара жәшік және кітап




















Н.Назарбаев портреті





















Электронды оқулық


Топтастыру кестесі



А4 парақшасы 4 топқа беріледі.












Дескриптор слайдта көрсетіліеді

Сабақтың соңы

3 минут












2 минут
















2 минут

«Шындық па әлде жалған ба» әдісі арқылы үстеу және оның мағыналық түрлерін ажыратуға байланысты дұрыс әрі бұрыс пікірлер тізбесін жасап, оқушылардың таңдауына беремін.

«Көңіл күй букеті» арқылы кері байланыс жасаймын.

Қызыл түс- проблема бар, көмек қажет.

Сары түс-барлығы түсінікті емес.

Жасыл түс- барлығы жақсы.

Үйге тапсырма: 5- жаттығу

Оқылым мәтінін пайдаланып, кітап туралы ойларын «Бес саусаққа» күшейткіш үстеулерді қолданып жазуды тапсырамын.

Бас бармаққа- ең жақсы нәрсе;

Балаң үйрекке- баса назар аударатын мәселе;

Ортан терекке- ең көп сандық дерек және оның маңызы;

Шылдыр шүмекке-қосымша ақпарат;

Кішкентай бөбекке-ең аз сандық дерек, оның маңызы;

Алақанға-қорытынды.

Бағалау:

«Бәйтерек кешені» бірінші құрастырып біткен топ жеңімпаз атанады. Оларды мақтау, марапаттау арқылы ынталандырамын.





Пікірлер слайдта көрсетіледі



Қызыл, сары, жасыл гүлдердің стикерлері











«Бәйтерек кешені» макеті

Shape1 Shape4 Shape3 Shape2

ссс

ссс

ссс


Shape5


Shape6



Тексерілді: Б.Б.Ибраева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
152 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
7863
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі