400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Еңбек - өмір мәні" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты мәнін ашу, шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Өзін-өзі тану

Мектеп: №45

Тақырыбы: Еңбек – өмір мәні

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: еңбексүйгіштік, талап, төзімділік

Сынып: 9

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, миға шабуыл, тұжырымдамалық карта, пазл, синквейн,шатастырылған логикалық тіркестер, кері байланыс.

5Т: тәртіп, татулық, тазалық, талап, тыныштық

Мұғалім: Абдуалы Ш.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты мәнін ашу, шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар: Интерактивті тақта, музыка, дәптер, кітап, үнтаспа, слайд, суреттер, бағалау құралдары

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру іс-әрекеті.

Топқа бөлу

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

IV

Көктем

ІІІ

Жаз

ІІ

Қыс

І

Күз

күз





Оқушылармен амандасып, түгелдеп, көңіл-күйлерін сұрау.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

І. Қызығушылықты ояту кезеңі

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасына оқушыларға «Еңбек – өмір мәні» тақырыбында ой толғау жазу тапсырылған.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.

    1. Еңбек дегеніміз не?

    2. Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

    3. Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?

    4. Еңбексүйгіштік дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. Дәйексөз.

Оқушыларға дәйексөз оқылады. Дәйексөздің мәнін ашу үшін мағынасына тереңірек тоқталу. Балалар, осы нақыл сөзді кім қалай түсінеді? Балалардың ойларын тыңдау.


Еңбекті жан тәніңмен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды.

Д. И. Менделеев



Қалай ойлайсыңдар, қандай сөздер жіберілген? Толықтырыңдар.

.......- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ....., ......, -бәрі осыдан шығады.

АБАЙ

(Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік -бәрі осыдан шығады. (АБАЙ)

ІІ. Мағынаны тану кезеңі

  1. Әңгімелеу.

«Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып, оқушыларға «Еңбек» сөзіне әр топ жыл мезгілдеріне қарай еңбектің түрлерін жазып шығу және қорғау тапсырылады.

Shape6 Shape5

Shape7

Еңбек

Shape9 Shape8


Shape11 Shape10


  1. Не үшін адам еңбек етеді деп ойлайсыңдар?

  2. Еңбек адамға не береді?

  3. Еңбек қалай бағаланады?

Мәтінмен жұмыс

Ж. Аймауытовтың мәтінін оқып, мәтіннен түйген ойларын айту және әр топқа бір сұрақтан дайындау тапсырылады.

  1. Шығармашылық жұмыс.

Топтық жұмыс. Сынып 4 топқа бөлінген.

І топ: Оқушыларға сурет қиындылары таратылады. Құрастырылған суретке тақырып қойып, қорғау тапсырылады. «Пазл» әдісі

ІІ топ: «Адам көркі - еңбек» тақырыбында суретші ретінде сурет салу тапсырылады.

ІІІ топ: «Синквейн» әдісі бойынша өлең шығарып, постерге жазып, қорғау тапсырылады.

Бірінші жолда – тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)

Екінші жолда – тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)

Үшінші жолда – тақырыпқа қатысты қимыл атауын үш сөзбен жазу (етістік)

Төртінші жолда – 4 сөзден тұратын бір сөйлем.

Бесінші жолда – тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.

ІV топ: оқушыларға шатастырылған сөздердің қиындылары беріледі. Сол қиындылардан мақал құрастыру тапсырылады. «Шатастырылған логикалық тіркестер» әдісі

Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.

Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін,
жоқшылық деген жебірді жермен жексен ететін.

Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 


Бейнежазба: «Еңбекке құрмет көрсету»

Бейнежазба ұнады ма? Не түйдіңдер?

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

  1. Топпен ән айту

Оқушыларға топпен ән айту тапсырылады.

«Жаса Қазағым»

Жастарының жалыны бар,
Қарттарының қадірі бар,
Жақсылыққа жаны құмар,
Жаса қазағым!

Тарихының тамыры бар,
Дәстүрінің тәлімі бар,
Сақ пен ғұнның сарыны бар,
Жаса қазағым!

Қайырмасы:
Жаса, жаса қазақ тілім!
Жаса, жаса ғажап дінім!
Баянды боп, азат күнің,
Бағың таймасын!

Жаса, жаса рухты халқым!
Жаса, жаса құтты салтым!
Айдан асып мықты даңқың,
Жаның жайнасын!

Көсемдері кесім берген,
Керуен тартып, көшін керген,
Төрт түлігі төсінде өрген,
Жаса қазағым!

Ту көтеріп, тұлпар мінген,
Саят құрып, сұңқарды ілген,
Күй төгіп, ән шырқап жүрген,
Жаса қазағым!

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

1. Бәсекелік қабілет

2. Прагматизм

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

4. Білімнің салтанат құруы

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

6. Сананың ашықтығы

ІІ.  ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР  

2. Үй тапсырмасы

Оқушыларға еңбек туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер тауып, мағынасын ашып жазып келу тапсырылады.

  1. Соңғы тыныштық сәті.

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ізгі сөздер мен істерді ой елегінен өткізіп, барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып орналастырамыз.

Кері байланыс: Мен үшін еңбек ... (оқушылар осы сөйлемді аяқтай отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі)

Алма ағашы. (Стикерлер)

  1. Жасыл алма (ұнады)

  2. Сары алма (орташа)

  3. Қызыл алма (ұнамады)

Стикерлерге жазып алма ағашына ілу.

Сабақ барысын талдау:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі