Материалдар / Ашық сабақ Еңбек - түбі береке 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Еңбек - түбі береке 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2020
809
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«"Білгірлер сайысы" сыныптан тыс іс-шара»

Бектасова Айзагүл Жангожаевна

«Кішкентай зияткерлер» - интеллектуалдық ойын.


Мақсаты:
1. Білімділік: Жан – жақты ой – өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой – қисынын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.



Барысы:

Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады, – деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Жас жүректе жанған шақ
Талаптың аты арындап
Әр қиямға салған шақ
Жастықтың оты жалындап
- деп данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой тастаған. Жақсы болсаң, ел азаматы болсаң деген үлкен үміт бала кезден бастау алады да, ұласады. Әділқазылар әділ баға беріп сайысқа бақылау жасайды. Әділқазы мүшелері:
Қарағым оқу оқы, босқа жүрме
Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме
Жолама шақырса да, қасына ерме
Кідірме, аялдама, ұмтыл алға
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл - ойымен ерекшеленген әр топтың оқушылары.
Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әділ қазылар алқасы:

1. Оқу ісінің меңгерушісі – Жолдугулова Баян Қуанғановна

2. «Талбесік» ассоциациясының жетекшісі - Жампеисова Гүлнар

3. Мектеп психологі –Озат Мұхтар

Жүргізуші: 1- топ « Ойшылдар»

2-топ« Білімділер »

Сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін. Сайысымыз 7 бөлімнен тұрады.

Сайыстың шарты:

1. «Сәлем сөздің анасы» (таныстыру төрт жол өлеңмен)

2. «Миға шабуыл» (ауызша сұрақтарға жауап беру)

3. «Жүйрік болсаң, озып көр» (жұмбақтар )

4. «Тапқыр болсаң талас жоқ» (логикалық сұрақтарға жауап)

5. «Сөз мәйегі мақал» (мақалмен жауап

6. «Ойлан тап » (топ басшыларына сұрақтар)

-Балалар биылғы оқу жылының бірінші кезекті зияткерлер ойынын ойнамақшымыз. Биыл бізде жаңа қатысушылар бар. Өзіміз кішкентай зияткерлік клуб болған соң біздің әніміз бен ұранымыз бар.Ендісоған кезек берейік.




Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

деп – 1 бөлімді бастаймыз

«Білімділер» тобы.
4-пен 5 -ке оқимыз, бәріміз де
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.

Біздің тобымыздың ұраны: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»
«Ойшылдар» тобы.
Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге – дүние жарық, білімсіздің күні – кәріп»
Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
2-бөлім «Миға шабуыл»
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады. Тездет, бірақ қателеспе,
«Білімділер» тобы.
1) Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді)
2) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар. (жоқ. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
3) Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады. (иә)
4) Судың 4 күйі бар. (жоқ. 3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)
5) Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. (иә. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)
6) 120 минутта 3сағат бар.(жоқ. 2сағат)
7) Жұмбақ – үлгі – өнеге ретінде айтылатын әрі қысқа, әрі нұсқа нақыл сөз. (Жоқ. Бір затты, жайды ойлап табу үшін астарлап айтылған қысқаша өлең)
8) Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. (иә)
9) 9 бен 4 – тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36)
10) Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз. (иә)



«Ойшылдар» тобы. 2 слайд
1. Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.(жоқ. кім? не?)
2. Ұзындық өлшем бірліктері мм, см, дм, м, км.(иә)
3. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы ертегі.(жоқ. Аңыз)
4. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі карта.(иә.)
5. 45 - тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең.(жоқ. 9 - ға.)
6. Үш биді ата. Олар Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би.(иә)
7. Негізгі сөйлем мүшесі баяндауыш.(жоқ. бастауыш)
8. Адам денесінің тірегі бас.(жоқ. қаңқа)
9. Шаршы дегеніміз барлық қабырғасы тең төртбұрыш.(иә)
10. Абылай ханға Төле бидің қойған аты Сабалақ.(иә)

- Үшінші бөлімді бастаймыз. «Жүйрік болсаң озып көр!». Жұмбақтардың жауабын тауып, олардың орысша нұсқасын да тауып айту керек. Бастаймыз ба? 7 жұмбақтан жасырылады.

1. Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар(сағат-часы)
2. Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ
Сурет салар адамға ұқсап (аяз - мороз)
3. Суда қалқиды
Жылыда балқиды (мұз - лед)
4. Қалқиып 2 құлағы
Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян-заяц)
5. Ауаға шықса ауырады
Су ішінде сауығады (балық- рыба)
6. Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

7. Мұрны насос, кран да
Таңқаламынбұлаңға (піл - слон)
8. Қыста киімін тастайды
Көктемде киіне бастайды (ағаш- дерево)
9. Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық- кот(кошка))
10. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады (есік- дверь)
11. Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлыққулығы (түлкі - лиса)
12. Желден желігеді
Судан шегінеді (от - огонь)



4 бөлімді бастаймыз «Тапқыр болсаң талас жоқ» Зияткерлер сендер білесіңдер логикалық тапсырмалар ұшқыр ойды қажет етеді. Дайынбыз ба?

-.Алманың жартысы неге ұқсайды?(қалған алманың жартысына ұқсайды)

-Қандай әріптер сөз басында айтылмайды?(ң,й,ъ,ь)

-не айтсада соған сенетін, еш нәрсенің байыптап байқамайтын адам(аңқау)

-аулада 4 қаз жүр.аяқ саны қанша-(8)

-қандай сан балықтың қозғалысын білдіреді?(жүз)

-0 ге аяқталатын екі таңбалы сан нешеу?(9)



-Ата-анасының бірінші баласы-(тұңғышы)

-кірпіге ұқсайтын өсімдік (кактус)

-Қазандағы суға пісетін, еттің нәрі, сұйық майлы тамақ(сорпа)

-құрметті қонақ отыратын орынды қалай айтамыз?(төр)

-бір жерді қорғап тұратын адам(күзетші)үш тышқанның неше құлағы бар?(6)

-әкеге –ұл, атаға ше? (немере)

5.Бөлім «Сөз мәйегі мақал» мен сендерге сұрақ қоямын сендер мақалмен жауап бересіңдер Мысалы:

.Мақалмен жауап

  1. Қар жана ма? (қалауын тапса қар жанады)

  2. Оттан не ыстық?(отан оттан ыстық)

  3. Отқа түсіп күймеуге бола ма?( отан үшін отқа түс күймейсің)

  4. Ең тәтті не?(ананың сүті тәтті)

  5. Инемен құдық қазуға бола ма?(Білім инемен құдық қазғандай)

  6. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшес батыр?(көз қорқақ, қол батыр)

  7. Тауық түс көре ме?»тауықтың түсіне тары кірер)

  8. Ер қаруы неше?(ер қаруы бес қару)

  9. Батыр неше рет, қорқақ неше рет өледі?(батыр бір өледі, қорқақ мың өледі)

  10. Отан неден басталады? (отан отбасынан басталады)

  11. Ерді өлтіреді және қоянды не өлтіреді (Ерді намыс өлтіреді қоянды қамыс өлтіреді)

  12. Еріншектің несі бітпес (еріншектің ертеңі бітпес)



6. бөлімізге де келіп жеттік.» Ойлан тап!» жасырылған суреттерді табу.Мен сендерге суретті 3 сөзбен жасырып айтам сендер соны табып айту керексіндер.ОЛ зат, жануар, адам болуы мүмкін.

-өзі қызыл, әрі жасыл, домалақ (алма )

- ақ киімді, дәрі береді, ақылды(дәрігер)

- өзі төртбұрыш, оған жазасың, оқушыларда бар(дәптер)

-гүл, инесі бар, қызыл(раушан гүлі)

-4 аяғы бар, жиһаз,ағаштан (стол)



-үйретеді, жазады, мектепте(мұғалім)

-домалақтан тұрады,қозғалмайды,қалпағы бар (аққала)

-ертегі айтады, сен оны жақсы көресің (әже, ата)

-дос, адал, (ит)

- тарайды, жапырақты,құрал (тырма)



Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң
Үйренерсің іздеп көрсең, қоймасаң
Қу өнерді, бу беліңді жігер сал.
Әділқазылар ұпай санын анықтап жеңімпазды белгілесін.
Бүгін жеңген:__________
Білікті бірді
Білімді мыңды жығады - дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.
ІІІ. Қорытындылау. Марапаттау



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!