400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Еңбек өмір мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбилеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзтану сабағының жоспары


Мектеп: Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі

Мерзiм: 19.10.2017ж.

Тақырып:Еңбек-өмір мәні

Құндылық:Дұрыс әрекет. Қасиеттер: Жақсы әдет, қанағатшылдық, ынтымақтастық, тәртіп, дұрыс ой мен дұрыс сөз.

Мұғалiм:Қапезова Қаламқас Сынып: 9


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға еңбек ету барысында дурыс әрекет ету құндылығының маңызды екендігін ұғындыру.


Міндеттері:

-Оқушыларға дұрыс әрекет ету құндылығы туралы түсінік беру.

  • Оқушылар бойында дұрыс әрекетке тән қасиеттерді дамыту.

  • Оқушыларды жақсы әдетке, қанағатшылдыққа ынтымақтастыққа және шығармашылықпен еңбек етуге тәрбиелеу.



Ресурстарқұралдар, мәлiметтер) оқулық, оқушы дәптері, интерактивті тақта, ватман қағазы, түрлі түсті қалам

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті.«Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.


  1. Үй тапсырмасын тексеру:

№ 7 сабақ. «Аңыз» атты мәтінді оқып, мазмұнын талдау.


Мәтін бойынша сұрақ қою:


  1. Ықылас атамыздың еңбекқорлығын неден байқадыңыздар?

  2. Ықылас ата балаларының болашағынан неліктен қорықты?

  3. Егер ағайындылар шынымен алтын тапқан жағдайда өзгерер ме еді?

  4. Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

  5. Еңбектің қуанышы адамды қандай жетістіктерге жеткізеді?





Сабақ барысын талдау:

3.Дәйексөз: «Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше,ешбір талант та, ешбір кемеңгерде шыкпайды».Д.И.Менделеев.

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер? Бұл дәйексөздің мәні неде?

Дәйексөзді оқушыларға 2-рет қайталата отырып, жатқа айтқызамыз.




  1. Әңгiмелеу:Әке мен бала. Ыбырай Алтынсариннің әңгімесі.


     Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

-        Анаутағаны, балам, ала жүр,- деп.

Бала әкесіне:

-        Сыныпқалғанескітағаныалыпнеғылайын,-деді.

Әкесіүндемеді, тағаныөзіиіліпалды да, жүреберді. Қаланыңшетіндетеміршіұсталар бар екен, соғанжеткенсоң, әкесі қайырылып, манағытағанысоларғаүштыйынғасатты. Оданбіразжерөткенсоқ, шиесатыпотырғандарданолүштыйынғабірталайшиесатыпалды. Сонымен, шиеніорамалынатүйіп, шетіненөзібірем-біремалыпжеп, баласынақарамай, аяңдапжүреберді. Біразжерөткенсоң, әкесініңқолынанбіршиежергетүседі. Артындакележатқан бала да тым-аққызығыпкеледіекен, жергетүскеншиеніжалма-жанжерденалып, аузынасалды. Бітегенеденсоңжәнебіршие, онанбіразөткенсоңжәнебіршие, соныменәржердебірәкесініңқолынантүскеншиені он шақтыретиіліп, жерденалыпжеді. Еңсоңындаәкесітоқтаптұрып, баласынашиеніорамалымен

беріптұрыпайтты:

-        Көрдіңбе, манатағаныжамансыныпжерденбірғанаиіліпкөтеріпалуғаеріндің, ендісолтағағаалғаншиеніңжергетүскеніналамындепбіреңкеюдінорнына он еңкейдің. Мұнанбылайесіңдеболсын: аз жұмысты қыйынсынсаң - көпжұмысқа тап боласың; азғақанағатетебілмесең - көптен де құрыболасың- деді.

Мәтін бойынша сұрақ қою:

  1. Әкесі баласымен бірге қайдан келе жатыр еді?

  2. Бала жолда жатқан тағаны неліктен алмады?

  3. Әкесінің еңбегін қалай бағалауға болады?

  4. Баланың еріншектігі неге апарып соқты?

  5. Әкесінің балаға айтқан өсиетінен нені ұғындыңдар?

  6. Еңбекқорлық, қанағатшылдық, дұрыс ойлай білу адамды қандай жетістіктерге жеткізеді?




6. Шығармашылық жұмыс.Топтық жұмыс

«Адамды, адам еткен- еңбек» деген тақырыпта, 3топқа бөлініп ақын, жазушы, суретші ретінде өлең, әнгіме құрастырып сурет салыңыздар? Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қорытындылай отырып, еңбек сүйгіштікпен жалқаулықты салыстыра отырып, еңбек қуанышы мен еңбек жетістігінің мәнін ашамыз.


  1. Топпен ән айту.

Сенім жыры
Тәуелсіздік – тұмарым,
Бәйтерегім – шырағым.
Ел мерейін өсіріп
Менде шыңға шығамын


Қайырмасы


Біз – біргеміз
Біз – біргеміз,
Берік – іргеміз,
Бірге – тілегіміз.
Ар, Иман – тірегіміз,
Елорда – жүрегіміз.
Біз – біргеміз.

Еңбек етіп табысты,
Жібермеймін намысты .
Мен – әлемге танытам,
Қазақ деген халықты!


Қайырмасы

Бірлігіміз жарасқан
Бірлігіміз жарасқан,
Арманымыз тау асқан.
Туған жердің шыңдары,
Көк аспанмен таласқан.

Қайырмасы



  1. Үй тапсырмасы.

1. № 8 сабақ, 56 бет. «Ұлы адамдардың өмірі» жайлы мәтінді оқып келу, талдама жасау.

2. Дәптермен жұмыс № 2 тапсырма


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!

Пайдаланған әдебиеттер:1 Өзін-өзі тану оқулығы.

2. Қазақтың аңыз әңгімелері. 3 Әндер жинағы.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
770
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі