жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Еңбек қуанышы"
ШҚО Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылы
«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ
«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі
Габдуллина Гульназ Толеугазиновна
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары.
Тақырыбы: Еңбек қуанышы
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: Еңбекқорлық, тәртіптілік, мінез-құлық мәдениеті
|
Сабақ мақсаты: Еңбек етуге үйрете отырып, дұрыс әрекет құндылығының мағынасын ашу. Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: Еңбекқор болуға үйрету. 2.Дамытушылық:Мінез-құлық мәдениетін
дамыту. |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Интерактивті тақта, оқулық, |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. «5 Т» ережесін естен шығармау. Оқушылармен қайталап айтып шығу. Тәртіп. Талап. Тыныштық.Тазалық. Татулық. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ойлар келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, танысқандарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жандарға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр. Махаббат, және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналыстырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзімізді ашуға болады. Рахмет! Үй тапсырмасын тексеру. «Қолғабыс» М.Төрежанов әңгімесін түсініп оқып келу. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жаттау. -Қолғабыс ету,көмек беру дегенді қалай түсінесіңдер? -Еңбекке үйренудің қандай пайдасы бар? -Еңбек ету адамға не үшін қажет? |
Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың көңіл күйін көтеру мақсатында тыныштық сәтін өткізу.
|
|
Дәйексөз. «Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап» Абай. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? /оқушылар жауаптары тыңдалады, өзім толықтырып айтамын / / Адам ең бастысы еңбектенуге, яғни бір іске күш-қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса өзіңді бақытты санайсың/. |
Дәйексөзді дәптерге жазып алуларын ұсынамын, Ұлдар бір рет,қыздар бір рет айтқызып, хормен қайталау |
|
Мұғалім сыйы Аңыз Ықылас еңбеққор адам еді.Жыл бойы таң атпастан тұрып, өзінің егістік жерінде еңбек етеді. Көршіліері жерді бір рет аударса, ол екі рет , кейде үш рет аударады. Оның жері аса үлкен болмаса да, ешкімдікінен кем болмай иесін асырап отырды. Ықыластың екі ұлы бар еді. Бірақ оның ұлдары өз әкелеріне ұқсамады: күні бойы ештеңе істемей бос жүрді,жұмыс істегілері келмеді.Әкесі олардың ақылға келіп, жалқаулыққа салынбай жұмыс істеуін өтінді. Олар оған құлақ аспады.Ықылас балаларының болашағынан қорықты. Жалқау ұлдарының өзі дүниеден өткен кезде қалай күн көретініне алаңдады. Бір күні Ықылас ауырып қалады. Бірнеше күннен кейін оның ауруы ұлғайып, енді сауықпайтынына көзі жетеді. Ол екі ұлын шақырып,былай дейді: -Балаларым ,менің аз ғана демім қалды.Сендерге артымнан ештеңе қалдыра алмай барамын. Бірақ, таудың шығыс жағына қарай төрт аршын жерде біраз алтын көмілген еді. Сол алтынды тауып алыңдар,ол үшін сендерге жерді тау етегіне дейін терең және мұқият қазу керек. Артынша ол қайтыс болды. «Егер біз алтынды тауып алсақ, өмір бойы бай боламыз»,- деп ағайындылар көмілген алтынды іздей бастайды. Егіс алқабына барып барлық жерді аударып,қазып тастайды. Бірақ алтынды таба алмайды. -Мүмкін, біз жерді терең қазбаған шығармыз,-дейді үлкен ұлы. Олар қайтадан жерді тереңірең қазып,аударып шығады.Тағы ештеңе таппайды. -Мүмкін, біз жерді тым тез қазып, алтынды байқамай қалған шығармыз,-дейді тағы да үлкен ұлы. Ағайынды ұлдар жерді қайта- қайта қопарып,қазып- қазып алтынды таба алмайды. -Әкеміз бізді алдаған екен !-деп ойлайды ұлдары. Осындай бірнеше рет өңдеуден кейін жақсы қопсып,ағайындылар егіс еккен кезде,егіс өте жақсы шығады. Өздерінің төрт аршын жерінен ,жұрттың сегіз аршын жерінен алынатын өнім алады.Сол кезде ғана ағайындылар әкесінің сөзін естеріне алып,сөздің мәнін түсінген еді.
- Осы әңгіме неге тәрбиелейді ? - Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар? |
Әңгімені таныстыру Сұрақтар беру арқылы оқушылардың пікірлерін тыңдау |
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1 – топ. Еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіреді. 2 – топ. «Еңбек – түбі мереке» әңгіме құрастыру. 3-топ. Еңбекке байланысты 5 жолды өлең құрастыру. ,Барлығына ортақ тапсырма: Кестені толтыру |
Қағаз, сурет, мақал-мәтелдер жазылған карточкалар. |
|
Топпен ән айту. «Бала тілегі » сөзі : С Молдасанұлы әні : Ф Жолдасова Бал-балалық,балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған Кел достарым , әндетіңдер, билеңдер, 2 рет Гүлденсін деп атмекен, қара орман. Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2 рет Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. Қалықтаған көгершіні көгінде, Мұңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, 2 рет Ұлы Отаным,тілегім сол менің де. |
Тақтада жазулы слайд, әуен. |
|
Үй тапсырмасы. «Күн күлше» тақырыбын әңгімелеп келу 57-бет. |
Күнделікке жазу. |
|
Соңғы тыныштық сәтi. Балалар, енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Әрбір атқарған істеріңде, достарыңмен , жақындарыңмен жасаған қарым -қатынастарыңда кешірімді, кішіпейіл болып, айналаларыңа нұр шашып, өз орталарыңа жақсылық жасап жүрген қуанышты сәттеріңді көз алдарыңа елестетіп көріңдер .... |
Музыка тыңдау. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген