400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Еңбек қуанышы 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мақсаты:оқушыларға адам өміріндегі адал еңбектің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі

Мерзiмі: 6.12.2019ж №13 сабақ

Тақырып:Еңбек қуанышы

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, төзімділік

Мұғалiм: Аитекеева А

Сынып 5 «а,б,ә»

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты:оқушыларға адам өміріндегі адал еңбектің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

Білімділік: Оқушыларға адал еңбек ұғымын түсіндіре отырып, еңбексүйгіштік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды еңбекті қадірлеуге, адал еңбек етуге баулу арқылы жауапкершілік қасиетін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқор болуға, төзімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)Кітап, дәптер,

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру.


2.Жағымды көңіл-күйге келу.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

№ 13 сабақ «Қолғабыс» мәтінін сұрақ қою арқылы сұрау. 54 бет Сұрақтар:

  • Еңбекке үйренудің қандай пайдасы бар?

  • Қолғабыс ету, көмек беру дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Еңбек ету адамға не үшін қажет?

  • Өзің отбасында қандай еңбекпен шұғылданасың? Айтып бер

С абақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Мұғалім өзі дауыстап оқып береді, сосын балаларға бірге хормен айтуға ұсынады. Бірінші ұл балалар қайталайды, содан соң қыз балалар қайталайды.Дәйексөзді дәптерге жазғызу.

1«Еңбек түбі-береке» 2«Дұрыс әрекет-мақсатқа жеткізер жолды  дұрыс таңдаудан басталады»
Әл  - Фараби

Халық нақылы

Сұрақтар:

  • Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

  • «Еңбек түбі-береке дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Еңбек ету адамға не үшін қажет?

  • Өздерің еңбек етіп, нәтижесін көргенде қандай сезімде боласыңдар?


5.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы«Еңбек етпеген ішіп жемейді» Серб ертегісі


«Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі.

Біреудің ерке ұлы болыпты,өзі жалқау екен.Сөйтсе де,әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты:

- Өмір бойы жинаған мүлкімді басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол-жалқау-депті.Ұлын аяған шеше, баласына он сомдық алтын береді де, кешке дейін бір жерде отыра тұр, кеш батқанда келіп, мынаны еңбегіме алған едім деп әкеңе бер дейді. Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан отқа лақтырып жіберіп:

- Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес,-депті. Ұлы жымиып күліп, ештеңе айтпай сыртқа шығып кетіпті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:

- Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам, одан да ақшаны жұмыс істеп тап деп жіберіпті. Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істеп, тапқан ақшасын әкесіне әкеліпті, сонда әкесі тапқан ақшаны тағы да отқа лақтырыпты, баласы жоқ, бұл өз еңбегімен тапқан ақша деп оттан қолымен ақшаны алып шығыпты деседі. Әкесі баласының жұмыс істегеніне ырза болып, бар байлығын беріпті.

Сұрақтар:

  • Ертегіден қандай ой түйдік?

  • Өзіміз тапқан ақша неге ыстық болады?

  • Еңбекқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Баланың әрекеті жайлы не айтар едіңдер?

  • Өздеріңде осыған ұқсас жағдайлар кездестіме?








  • 6.Шығармашылық жұмыс.

  • 1-топ Ақиқат Еңбек туралы өлең , нақылсөздер

2 топ ДұрысәрекетЕңбек туралы мақал-мәтелдердіжазу

3 топ СүйіспеншілікЕңбектуралысуретсалу, суреттерденәңгімеқұрастыруShape2 Shape1

Shape3


7.Топпен ән айту.Ертегілер әлемі

Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!

Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?

Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сыя келіп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.


8.Үй тапсырмасы.

№ 14 сабақ «Күн күлше» мәтінін оқу . 57 бет


9. Сабақтың қорытынды сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі