400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Еңбек қуанышы 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Еңбек қуанышы (14 сабақ) Күні:

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, төзімділік

Мұғалім: Құлтасова Мырзакүл Көлбайқызы Сынып: 5 Оқушылар саны: 19

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі адал еңбектің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Білімділік: оқушыларға адал еңбек ұғымын түсіндіре отырып, еңбексүйгіштік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды еңбекті қадірлеуге, адал еңбек етуге баулу арқылы жауакершілік қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқор болуға, төзімділіке тәрбиелеу

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Үй тапсырмасын тексеру: Мәди Айымбетов, «Күн күлше», әңгімені оқып келу


Дәйексөз

«Еңбек түбі - береке» халық нақылы


Әңгімелеу «Күн күлше»Талдау сұрақтары:

· Адамдар еңбектің жемісін неліктен тойлайды?

· Еңбекқор адамның бойында қандай қасиеттер болады?

· Қалай ойлайсыңдар, неліктен еңбектің наны тәтті болды?

· Өз еңбегіңнің жемісін көрген кезде қандай күйде болдың? Айтып бер

Мұғалім сыйы Даналық дәндері

Бірде бозбала үш дән мен бір түйіншек тауып алады. Онда адам бір нәрсені білгісі келсе, оны тілеп, бір дәнді жесе, бәрі орындалады делінген екен.Дән тек үшеу болған соң, тілек те үшеу болады.

Бозбала географияны меңгергісі келеді. Онда бүкіл әлем туралы жазылған.Ол бір дәнді жегенде, өзін барлық жерде болғандай сезінді. Алайда көп нәрсе оған әлі детүсініксіз болды. Енді ол өткен ғасырлардың сырын білгісі келді. Екінші дәнді жейді, бірақ басқа ғылымдар беймәлім болады. Тағы нені ойласам, бәрін білер едім деп, ойланып кетті. Ол жартастың шетінде емен ағаштың астында, мұхиттың суына көп қарап отырды.

Толқынның шуы бозбалаға толассыз естілді, ол ешнәрсе туралы ойлай алмады. Нені ойласам екен деп қиналды. Математиканы ма? Ол барлық жерде қолданылады. Бәрін білу мүмкін емес. Кәсіпті ме? Музыканы ма? Не тілесем екен?

Бозбаланың көңіл-күйі болмай отырғанда, олтөбеден бір дыбыс естіп, жоғары қараса, ақ көгершін ағашқа қонып, бір айдай сұлуға айналады. Ал қыз болса:

- Еңбекті білуді тіле, сонда сен даналық дәндерін өзің өсіре аласың... Айтты да ғайып болды.

Бозбаланың жүрегі жадырай түсті. Ол қыз айтқанды тебіренетіледі. Үшінші дәнді жеп, еңбектің қуанышы не екенін түсінді! Еңбек оған кез-келген ғылымға жол ашты. Бозбала шаршауды білмей, білімді болғаны соншалықты,ол уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамайтын болды. Ал сүйікті қызын көрген күн сондай ғажайып болды!

  • Неліктен ару қыз бозбалаға еңбекті тілетті?

  • Еңбектің қуанышы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Еңбекқор адамның бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болады?

Өз еңбектерің арқылы жетістікке жеткен кезде қандай күйге бөленесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Шығармашылық жұмыс:

3-тапсырма: «Еңбек қуанышы» тақырыбында сахналық көрініс көрсетіңдер.

4-тапсырма: Сұрақтарға жауап жазыңдар.

· Өзіңді үлкендер қандай еңбек түрлеріне үйретті?

· Белгілі бір еңбекке үйренген кезіңдегі іс-әрекетің мен көңіл күйіңді сипаттап жазып бер

5-тапсырма: Әбілхан Қастеевтің: «Шөп шабу», «Мақта жинау», «Алтын дән» тақырыбында салынған суреттерге әңгіме құрастыру Суреттер бойынша «еңбек қуанышы» дегенді қалай түсінгендеріңді әңгімелеп айтып беріңдер

Оқушылар берілген топтық тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.

Топпен ән айту: Өлеңі мен әнін жазған Айгүл Меңжанова

«Болайықшы осындай»

Әнді топпен көңілді орындайды

Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Жазғанын оқып береді

Үй тапсырмасы: «Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық», аңызды оқып келу

Күнделіктеріне жазып алады

Қорытынды тыныштық сәті. Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде .










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
978
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі